Қазақстан Республикасы Президентінің "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 U020811_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Роялтиді табиғи нысанда төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі N 468 P010468_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекет атынан роялтиді алушы - "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖШС) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес роялтиді есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан шикі мұнай түрінде көмірсутегі шикізатының көлемін алуын қамтамасыз етсін";
үшінші абзац пен 2-тармақта "Мұнай-Импэкс" ЖАҚ" деген сөздер "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -
Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке" деген сөздер
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке"
деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.