Аймақ экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке әсер ететiн "Дала геологиялық кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамын банкрот деп тануға байланысты және "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының Z970067_ 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Дала геологиялық кәсiпорны ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың:
1) конкурстық массаны бiрыңғай лотпен сату;
2) конкурстық массаны аукционда ағылшын әдiсi бойынша сату;
3) бiрыңғай лоттың ең төменгi құны 1-шi және 3-шi кезектегі несиегерлер талаптарының сомасынан төмен болмауы;
4) мүлiктiк кешен бiрыңғай лотпен сатылмаған жағдайда, оның сатылуын "Мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкiн (активтерiн) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 тамыздағы N 759 P980759_ қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асыру, бұл ретте сату бағасы бiрiншi кезектегi несиегерлер талаптарының сомасынан аз болмауы;
5) өндiрiстiң технологиялық циклының үздiксiздiгiн қамтамасыз ету;
6) конкурстық басқарушыға өндiрiстiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқығын беру;
7) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Уранликвидрудник" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына беру үшiн несиегерлер комитетiмен келiсiм бойынша консервациялауға және көмуге жататын мүлiктi конкурстық массадан шығарып тастау көзделген ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi 2002 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссияның қарауына белгіленген тәртiппен иондаушы сәулелену көздерiн және радиоактивтiлiгi төмен қалдықтарды консервациялау және көму жөніндегi жұмыстарды қаржыландыру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi "Мемлекет меншiгiндегi геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 қарашадағы N 1357 P961357_ қаулысында белгіленген тәртіппен "Дала геологиялық кәсіпорны" ашық акционерлік қоғамында бар геологиялық ақпаратты сақтауға қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Энергетика және минералдық ресурстар
министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.