Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысының Шу ауданындағы Тасөткел су көтергіш бөгетін күшейту жөніндегі орындалған жұмыстар үшін берешекті өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Жамбыл облысының әкіміне 18951000 (он сегіз миллион тоғыз жүз елу бір мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Жамбыл облысының әкімі 2001 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан
Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған
жұмыстардың көлемі мен құны жөнінде есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.