Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына
енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Z980321_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 жыл, N 23, 430-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"76-бап. Бала ретiнде асырап алуға жол берiлетiн балалар
1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және туылғаны белгiленген тәртiппен тiркелген балаларды асырап алуға жол берiледi.
Тек қана солардың мүдделерiне сәйкес ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға жол берiледi.
2. Балалар, балалардың туыстарына, осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жерiне қарамастан не балалардың Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тысқары тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берiлуi мүмкiн.
3. Балалар, егер оларды осы Заңның 2-тармағында көрсетiлген адамдарға асырап алуға беру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, осы балалар осы Заңның 101-бабының 3-тармағына сәйкес орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң шетелдiк азаматтарға немесе азаматтығы жоқ адамдарға асырап алуға берiлуi мүмкiн.
4. Бала асырап алуға үмiткер шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар баланы жеке өзi таңдап алуға ең кемi екi апта онымен жақын араласуға мiндеттi.
Бала асырап алуға үмiткер шетелдiк азаматтар асырап алынатын баланың тұрғылықты жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органға бала асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыздарын, өзiнiң қаржылық ауқаттылығы, отбасылық жағдайы, денсаулық ахуалы, жеке адамгершiлiк қасиеттерi туралы шет мемлекеттердiң бала асырап алу жөнiнде арнайы уәкiлеттi заңды тұлғалары берген қорытындыларды ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 76-1 баппен толықтырылсын:
"76-1-бап. Бала асырап алу кезiнде делдалдық қызметке жол берiлмеушiлiк.
1. Балаларды асырап алғысы келетiн адамдардың атынан және олардың мүдделерiнде асырап алуға балаларды ірiктеу мен берудi жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың делдалдық қызметiне жол берiлмейдi.
2. Қазақстан Республикасының қорғаншы және қамқоршы органдарының сондай-ақ шет мемлекеттердiң балаларды асырап алу жөнiнде арнайы уәкiлеттi заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасымен бекiтiлген халықаралық шартқа орай немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен мiндеттi мемлекеттiк тiркелуi шарттарымен Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қызметi балаларды асырап алу жөнiндегi делдалдық қызмет болып табылмайды.
Шет мемлекеттердiң балаларды асырап алу жөнiнде арнайы уәкiлеттi заңды тұлғалары өз қызметiнде коммерциялық мақсаттарды көздей алмайды.
Шет мемлекеттердiң арнайы уәкiлеттi заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы аумағында бала асырап алу жөнiндегi қызметiн жүзеге асырудың шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
77-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Балаларды асырап алу туралы істердi мiндетті түрде прокурордың, асырап алушының, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органдар мен азаматтық хал актiлерiн жазу органдары өкiлдерiнiң қатысуымен сот қарайды.";
мынадай мазмұндағы үшiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Қорғаншы және қамқоршы орган асырап алуға берудiң негiздiлiгi, оның бала мүдделерiне сәйкес келетiндiгi туралы қорытындыны сотқа ұсынуға мiндеттi.
Өгей әкесi (өгей шешесi) асырап алған жағдайда мұндай қорытынды талап етiлмейдi.
Балаларды асырап алуға беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында асырап алушылардың отбасыларындағы балалардың тұрмыстық және тәрбиелiк жағдайларына бақылау жасау қағидаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi".
78-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алғысы келетiн Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есебi жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.";
екiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) тұрақты тұрғылықты жерi, сондай-ақ белгiленген санитарлық және техникалық нормаларға сай келетiн тұрғын үй-жайы жоқ адамдарды;
8) бала асырап алу сәтiнде азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасағаны үшiн өтелмеген соттылығы бар адамдарды".
82-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Баланы асырап алуға ата-аналарының келiсiмi арызда көрсетiлуге және баланы асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей жариялануға тиiс.
Арызда қойылған қолдардың түпнұсқалылығы нотариаттық куәландырылуға тиiс".
3-тармақтағы "Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделерiне сай келетiнi туралы қорытынды бередi. Мұндай қорытынды баланы оның өгей әкесi (өгей шешесi) асырап алған кезде талап етiлмейдi" деген сөздер алынып тасталсын.
100-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алынып тасталсын.
209-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң бала асырап алуға құзыреттi органдары арнайы уәкiлеттi заңды тұлғалардың қатысуымен жүргiзiлген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары тұратын баланы асырап алу Қазақстан Республикасының бiлім беру саласындағы орталық атқарушы органының немесе оның ата-аналарының Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тысқары қоныс аударғанға дейiнгі асырап алуға алдын-ала рұқсаты алынған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды болып танылады".
5 және 6-тармақтар алынып тасталсын.
Заң мынадай мазмұндағы жаңа 209-1-баппен толықтырылсын:
"209-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, шетелдiк азаматтар асырап алған балалардың есебiн жүргiзу және шет елде олардың асыралуы мен тәрбиеленуіне бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, осы Заңда белгiленген тәртiппен балаларды асырап алған шет ел азаматтары өз отандарына оралғаннан кейiн асырап алған күннен бастап үш айдың ішiнде асырап алған балаларын консулдық есепке қоюға мiндетті.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, шетелдiктер асырап алған және Қазақстан Республикасының шегінен тысқары тұрақты тұратын балалардың есебiн жүргiзу Қазақстан Республикасының шет елдердегi елшiлiктерi мен консулдық мекемелерiне жүктеледі.
3. Шетелдiктер асырап алған балаларды Қазақстан Республикасының шет
елдердегi елшiлiктерi мен консулдық мекемелерiнде есепке қоюдың тәртiбi
мен шарттарын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және
шетелдiктер асырап алған балалардың асыралуы мен тәрбиеленуiн бақылау
Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады."
Қазақстан Республикасының
Президенті