Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi арасындағы Yкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 508

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi арасындағы Yкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан Республикасындағы және

 

Грузиядағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Рашит Тұрарұлы Ыбыраевқа Қазақстан

Республикасы Yкiметiнiң атынан, оған Келiсiм жобасына қағидаттық сипаты

жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат етiлiп, Қазақстан

Республикасының Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi арасындағы

Yкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасуға

өкiлеттiк берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                      Жоба

                                                    N 1 дана


            Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

        Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы

     үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы

                           КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен

Әзiрбайжан Республикасы Yкiметi,


 
       Тараптар мемлекеттерi арасындағы қазiргi достық қарым-қатынастарды одан әрi нығайтуға деген ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      Тараптардың халықаралық үкiметтік байланысты сақтауға және дамытуға мүдделiлiктерiн ескере отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында жасалған екi жақты шарттарды, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушы болып табылатын көп жақты халықаралық шарттарды басшылыққа ала отырып,
      өзара сенiмдi нығайтуға деген ұмтылысты негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      Осы Келiсiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      "Құзыреттi ұйымдар" - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Әзiрбайжан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк министрлiгi;
      "үкiметтiк байланыс" - мемлекеттiк басқару қажеттерiне арналған арнайы байланыс;
      "халықаралық үкiметтiк байланыс" - Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының үкiметтiк байланыс абоненттерi арасында ақпарат алмасуға арналған үкiметтiк байланыс жүйесi;
      "шифрлау құралдары" - ақпаратты өңдеу, сақтау және байланыс арналары бойынша беру кезінде оны қорғау, оның iшiнде рұқсатсыз енуден, жалған ақпаратты таңудан, негiзгі құжаттарды дайындау құралдарын, қол шифрларын, шартты белгiленген құжаттарды қорғау үшiн арналған ақпаратты өзгертушi криптографиялық алгоритмдердi iске асырушы аппараттық, бағдарламалық-аппараттық және бағдарламалық құралдар.
 
                             2-бап
 
      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының үкiметтiк байланыс абоненттерi арасында жасырын ақпарат алмасуға арналған тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыра алады.
      Халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру техникалық пайдалану және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу кезiнде Тараптардың бiрдей құқықтары бар.
      Халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру техникалық пайдалану, оның қауiпсiздiгi мен үздiксiз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету мәселелерiн Құзыреттi ұйымдар шешедi.
 
                             3-бап
 
      Бiр Тарап мемлекетiнiң жоғары лауазымды адамдары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында уақытша болуы кезiнде олар үшiн үкiметтiк байланыс Құзыреттi ұйымдар келiскен көлемде және тәртiпте берiледi.
      Байланыс арналары мен абоненттiк желiлердi ұйымдастыру, бұл үшiн қажеттi үкiметтiк байланыс құралдарын құрастыруды қоса алғанда, мүдделi Тарап есебiнен жүзеге асырылады.
 
                              4-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында екiншi Тарап мемлекетiнiң лауазымды адамдары үшiн үкiметтiк байланысты өз мемлекетiнiң аумағындағы қолданыстағы заңнамаға және халықаралық келiсімдерге сәйкес өзара уағдаластық бойынша бередi.
      Yкiметтiк байланысты бергенi үшiн ақы төлеудi мүдделi Тараптың Құзыреттi ұйымы жүзеге асырады.
 
                              5-бап
 
      Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы халықаралық үкіметтік байланысты құру, іске қосу, техникалық пайдалану және одан әрi жетiлдiру бойынша шығындарды әрбiр мемлекеттiң аумағы шегiнде Тараптардың әрқайсысы дербес төлейдi.
 
                             6-бап
 
      Тараптар өз Құзыретті ұйымдарына:
      Құзыреттi ұйымдар келiскен жеке құжаттармен айқындалған тәртiпте сәйкес халықаралық үкiметтiк байланыс үшiн байланыстың жаңа жүйелерi мен байланыс құралдарын әзiрлеу және өндiру саласында ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүргiзудi;
      үкiметтiк байланыс құралдарын өндiру саласында өзара iс-қимыл жасауды;
      ақпаратты криптографиялық қорғау және техникалық арналар арқылы сыртқа таралудан қорғау саласындағы мәселелердi шешу бойынша өзара iс-қимыл жасауды;
      Құзыретті ұйымдардың кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруды;
      екiншi Тараптың тиiстi кәсiпорындарында өзара келiсiлген шарттарда, өздерiнiң өкiлдерi арқылы шифрлаушы құралдарды, арнайы байланыс техникасын, құралдарын, жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектердi жасауға және жеткiзiп беруге, сондай-ақ кепiлдi пайдалануды қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруды тапсырады.
 
                            7-бап
 
      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру және пайдалану үшiн қажеттi шифрлау құралдарын, арнайы байланыс техникасы мен құралдарын, жинақтаушы бұйымдарды және қосалқы бөлшектердi Тараптар мемлекеттерiнiң қолданыстағы заңнамасына және экспортқа бақылау жасау рәсiмiне сәйкес әрi тараптардың халықаралық мiндеттемелерiн сақтай отырып, келiсiлген көлемде өзара жеткiзiп берудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
 
                             8-бап
 
      Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында шифрлау құралдарын, байланыс техникасы мен құралдарын, жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектердi өзара жеткiзiп беру, сондай-ақ жөндеудi ұйымдастыру мен арнаулы мақсаттағы қызмет көрсетуді ұсыну Құзыреттi ұйымдар арасында

 

жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.


                            9-бап


     Тараптар өз Құзыретті ұйымдарына осы Келісiмнен туындайтын 

мәселелердi шешу мақсатында келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк бередi.

     Құзыреттi ұйымдардың осы Келiсiмнен туындайтын мәселелердi іске асыру

бойынша өзара iс-қимылы кезiнде жұмыс тiлi - орыс тілі болып табылады.


                           10-бап



 
       Тараптар өзара келiскен ретте осы Келісiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн осы Келiсiмге қажеттi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзе алады.
 
                            11-бап
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар арқылы шешедi. Осы Келiсiмнiң ережелерi екi Тарап та қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық келiсiмдерден туындайтын Тараптардың мiндеттемелерiн қозғамайды және басқа мемлекеттердiң мүдделерiне, қауiпсiздiгiне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталмаған.
 
                             12-бап
 
      Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы тиiстi кезеңнiң аяқталуына кемiнде алты ай қалғанға дейiн екiншi Тарапты өзiнiң осы Келiсiмнiң күшiн тоқтату ниетi туралы хабардар етпесе, келесi бес жыл мерзiмге өздiгiнен ұзартылады. Келiсiм Тараптардың өзара келiсiмi бойынша не бiр жақты тәртiпте бұзылуы мүмкiн, бұл ретте Келiсiм күшi

 

Тараптардың бiрi екiншi Тараптың өзiнiң Келiсiмнiң күшiн тоқтату ниетi

туралы жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн

тоқтатылады.

     ______________ қаласында 2001 жылы "____" __________ әрқайсысы қазақ,

әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiннiң

бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасы           Әзірбайжан Республикасы

        Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады