Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2001 жылғы
сәуірдегі жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Демалыс күні 2001 жылғы 28 сәуір - сенбі күнінен 2001 жылғы 30
сәуір - дүйсенбі күніне ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін
еңбек материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға
кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша 2001 жылғы 3 сәуірде жұмыс
жүргізу құқығы берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.