"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 сәуір N 525

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан

Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-МИнистрі


                                                 жоба


                Қазақстан Республикасының Заңы


           "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы"

         Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен

                    толықтырулар енгізу туралы



 
       "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-бапта:
      7-тармақшада "құқық берілген" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15-1) жеке құрам бойынша құжаттар - қызметкерлердің еңбек қызметін және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар кешені;
      15-2) мұрағаттық құжаттарды пайдаланушы - ақпаратты пайдалану мақсатында оны алу үшін мұрағат құжаттарына сүйенуші жеке немесе заңды тұлға";
      2) 5-бапта:
      1-тармақ "олардың филиалдарының" деген сөздерден кейін ", арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың, кітапханалардың, мұражайлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық мәнін жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілейді.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздері ұйымдарының құжаттарын уәкілетті органның келісімінсіз жоюға тыйым салынады.";
      4) 7-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшада:
      "1917 жылға дейін жасалған" деген сөздерден кейін "арнаулы мемлекеттік мұрағаттардағы, мемлекеттік кітапханалардағы және мұражайлардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің, өзге де" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 8-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрам бойынша құжаттар өңделген күйде құқық мұрагеріне өткізіледі.
      4. Заңды тұлғалар таратылған жағдайда Ұлттық мұрағат қоры мен жеке

 

құрам бойынша құжаттарының одан әрі сақталатын орны туралы шешімді

уәкілетті органның келісімі бойынша таратушы комиссия немесе конкурстық

басқарушы қабылдайды.";

     6) 11-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;

     7) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

     "3. Мұрағаттық қорлар, мұрағаттық коллекциялар, олардың бөліктері

заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени

мұрасының объектілеріне жатқызылуы және тарих және мәдениет

ескерткіштерінің тізіміне енгізілуі мүмкін.";

     8) 13-бапта:

     1-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

     "1-1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын өңдеу және беру Қазақстан

Республикасының уәкілетті органы бекіткен Ережелерге сәйкес мұрағаттарға

құжаттарды беруші заңды тұлғалардың күші мен қаражаты есебінен

жүргізіледі.";

     2-тармақ алынып тасталсын;

     9) 15-баптың 5-тармағының үшінші сөйлеміндегі "ведомстволық" деген

сөзден кейін "және жеке меншік" деген сөздермен толықтырылсын;

     10) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

     "16-1-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылардың

міндеттері

     Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылар:

     1) пайдаланылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

     2) пайдаланылған құжаттардың мәтінін бұрмалау мен жалған өзгертулер

енгізуге жол бермеуге;

     3) құжаттардағы жариялаған кезде олардың сақталу орнын және оның

иесін көрсетуге міндетті.".


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады