Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы деп белгіленсін. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837 қаулысымен .
3. Құпия.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) бір айлық мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты мекемелердің тізбесінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
"4. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі