Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің 2001 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 550 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі  Z970163_  Заңының 25-2-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін міндетті болып табылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің 2001 жылға арналған номенклатурасы бекітілсін. 
      2. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелер, осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгіленген тәртіппен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алудың жалпы көлемінің 10 пайызына дейінгі көлемде ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының қосымшасында санамаланған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер басымдыққа ие болады деп белгіленсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2001 жылғы 25 сәуірдегі 
N 550 қаулысына     
қосымша         

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу
жүзеге асырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет
көрсетулердің) номенклатурасы

1. Азық-түлік тауарлары

     1.1. Ұн
     1.2. Нан, нан-тоқаш бұйымдары
     1.3. Макарон бұйымдары
     1.4. Жармалар
     1.5. Сүт, кілегей
     1.6. Сары майлар және өсімдік майлары, тоң майлар
     1.7. Ашыған сүт өнімдері
     1.8. Ет (жас ет, консервіленген), ет өнімдері
     1.9. Шұжық бұйымдары
     1.10. Балықтан жасалған өнімдер (жаңа ұсталған, ұсталған
           күйінде мұздатылған, қақталған)
     1.11. Алкогольсіз сусындар, шырындар
     1.12. Кондитерлік бұйымдар
     1.13. Жұмыртқа
     1.14. Табиғи бал
     1.15. Балалар тағамдары
     1.16. Көкөністер, жемістер (консервіленген), картоп
     1.17. Қант (құмшекер, шақпақ қант, кесек қант)
     1.18. Тұз

2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен жабдықтар

     2.1. Теріден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның
          керек-жарақтары, теріден тігілген бас киімдер
     2.2. Тоқыма өнеркәсібінің өнімдері
     2.3. Тігін бұйымдары
     2.4. Аяқ киім
     2.5. Аяқ киім майы
     2.6. Тұрмыстық, мектептік және кеңселік жиһаз
     2.7. Құрылыс материалдары:
     2.7.1. тұсқағаздық қағаз (түсқағаздар) және басқа да қабырғалық
            жабындылар
     2.7.2. едендерге төсеуге, пештерді жабуға арналған тақталар
     2.7.3. шойын, болат құрылыс құрылғылары
     2.7.4. кірпіш
     2.7.5. кесілген ағаш материалдары
     2.7.6. ағаштан жасалған бұйымдар
     2.7.7. шыны пакеттер
     2.7.8. пенопластикалық тақталар
     2.7.9. асфальттан және соған ұқсас материалдардан жасалған
            бұйымдар
     2.7.10. бетон және темір-бетон бұйымдары
     2.7.11. пластамассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер,
             табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары)
     2.7.12. табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен
             бұйымдары, толтырулар, табиғи тастан жасалған жолға
             төсеу материалдары (ұсақ тастар, қиыршық тастар)
     2.7.13. полиэтилен құбырлары
     2.7.14. жылу сақтайтын материалдар
     2.7.15. лак-бояу бұйымдары
     2.7.16. еденді жабуға арналған линолеум және басқа да
             полимерлік материалдар
     2.7.17. шегелер
     2.8. Алюминийден, резинадан жасалған бұйымдар
     2.9. Кабельдік өнімдер
     2.10. Жууға арналған құралдар
     2.11. Ағаштан, керамикадан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар
     2.12. Музыкалық аспаптар
     2.13. Дәрі-дәрмек құралдары, медициналық бұйымдар және
     санитарлық-гигиеналық мақсаттағы заттар
     2.14. Жабдықтар:
     2.14.1. стандартқа сай емес жабдықтар
     2.14.2. шахталық жабдықтар
     2.14.3. жылыту қазандықтары
     2.14.4. су тұщыту жабдықтары

3. Қызмет көрсетулер

     3.1. Полиграфиялық
     3.2. Жөндеу-құрылыс жұмыстары
     3.3. Жол салу және жөндеу
     3.4. Көліктік-экспедициялық
     3.5. Медициналық
     3.6. Күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу
     3.7. Ғұрыптық
     3.8. Заңдық және нотариалдық
     3.9. Қоғамдық тамақтандыру қызметтері
     3.10. Делдалдық, оның ішінде жанар-жағармай материалдарын
     сақтау және сату жөніндегі
     3.11. Тұрғын үй-коммуналдық
     3.12. Тұрмыстық (монша-кір, жуу, химиялық жолмен тазалау)
     3.13. Ұйымдастыру ісі техникасын жеткізіп беру және қызмет
           көрсету жөніндегі қызметтер

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады