Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі "Сот медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің жекелеген мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 сәуір N 575

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Сот медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелерді қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Тиісті облыстар мен Алматы қаласының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің балансындағы ғимараттарды, құрылыстарды, медициналық жабдықтарды, жарақтарды және өзге де мүлікті (бұдан әрі - Мүлік) коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеменің жарғысына, оның ішінде Мекеменің облыстар мен Астана

 

және Алматы қалаларында филиалдарын ашуды көздей отырып, қажетті

өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;

     2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитетімен бірлесіп, тиісті облыстар мен Алматы қаласының

әкімдерімен келісім бойынша Мүлікті қабылдап алу-тапсыру жөніндегі қажетті

ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын;

     3) Осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                          Қазақстан Республикасы

                                                      Үкіметінің

                                         2001 жылғы 27 сәуірдегі

                                                 N 575 қаулысына

                                                       1-қосымша


        Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі

      жөніндегі агенттігі Сот медицинасы орталығының қайта

       ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесі


     1. Ақмола сот медициналық сараптау бюросы         Астана қаласы

     2. Ақтөбе сот медициналық сараптау бюросы         Ақтөбе қаласы

     3. Алматы сот медициналық сараптау бюросы         Алматы қаласы    

     4. Атырау сот медициналық сараптау бюросы         Атырау қаласы

     5. Шығыс Қазақстан сот медициналық сараптау

        бюросы                                         Өскемен қаласы

     6. Жамбыл сот медициналық сараптау бюросы         Тараз қаласы

     7. Жезқазған сот медициналық сараптау бюросы      Жезқазған қаласы

     8. Батыс Қазақстан сот медициналық сараптау

        бюросы                                         Орал қаласы

     9. Қарағанды сот медициналық сараптау бюросы      Қарағанды қаласы

     10. Қызылорда сот медициналық сараптау бюросы     Қызылорда қаласы

     11. Қостанай сот медициналық сараптау бюросы      Қостанай қаласы

     12. Көкшетау медициналық сараптау бюросы          Көкшетау қаласы

     13. Маңғыстау сот медициналық сараптау бюросы     Ақтау қаласы

     14. Павлодар сот медициналық сараптау бюросы      Павлодар қаласы

     15. Солтүстік Қазақстан сот медициналық сараптау

         бюросы                                        Петропавл қаласы

     16. Талдықорған сот медициналық сараптау бюросы   Талдықорған қаласы

     17. Семей сот медициналық сараптау бюросы         Семей қаласы

     18. Оңтүстік Қазақстан сот медициналық сараптау

         бюросы                                        Шымкент қаласы



                                         Қазақстан Республикасы

                                                     Үкіметінің

                                        2001 жылғы 21 сәуірдегі

                                                N 575 қаулысына

                                                      2-қосымша


          Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі

       жөніндегі агенттігі Сот медицинасы орталығының мүлкі

           коммуналдық меншіктен республикалық меншікке

           берілетін мемлекеттік мекемелерінің тізбесі


     1. Алматы сот медициналық сараптау бюросы

     2. Атырау сот медициналық сараптау бюросы

     3. Жамбыл сот медициналық сараптау бюросы

     4. Батыс Қазақстан сот медициналық сараптау бюросы

     5. Қостанай сот медициналық сараптау бюросы

     6. Маңғыстау сот медициналық сараптау бюросы

     7. Павлодар сот медициналық сараптау бюросы

     8. Семей сот медициналық сараптау бюросы

     9. Сот медицинасы орталығы (Алматы қаласы)




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады