Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 мамыр N 589. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837 қаулысымен.

      "Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақта:
      "жүзеге асырушы" деген сөздерден кейін ", қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы;" деген сөздермен толықтырылсын;
     11-тармақта:
     45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "45) қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және
орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;";
     мына мазмұндағы 45-1) және 45-2) тармақшалармен толықтырылсын:
     "45-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырысшы мен орындаушыларға жеткізеді;
     45-2) қорғаныс тапсырысы тапсырмаларын орындау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады