Уран өнімінің экспорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 мамыр N 593

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы N 9-1 Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ ЖАҚ) "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ ЖАҚ мен Қытай Ядролық Уран корпорациясы/Қытай Ядролық Энергетикалық Өнеркәсібі Корпорациясы арасындағы уран концентраттарын сатып алу мен сату туралы 2001 жылғы 7 наурыздағы N 2001 СМАЕ/FS60020КА келісімнің шарттарына сәйкес табиғи уранның (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) шала тотық-тотық түріндегі 100 400 кг U мөлшеріндегі уран концентратын экспорттауға рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ ЖАҚ-на қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан уран өнімін экспорттауға лицензиялар берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті мен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті қосымшаға сәйкес

өнімнің экспортын бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                        2001 жылғы 2 мамырдағы

                                            N 593 қаулысына

                                                қосымша


            2001 жылғы 7 наурыздағы N 2001 СМАЕ/FS60020КА

     келісім-шартына сәйкес Қытай Ядролық Уран корпорациясы/Қытай

         Ядролық Энергетикалық Өнеркәсібі Корпорациясы үшін

    "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік

                   қоғамы беретін өнімнің мөлшері

---------------------------------------------------------------------------

Р/с!  СЭҚ ТН коды  ! Өнімнің атауы ! Өлшем !Мөлшері! Бір бірлік !Жалпы құны

N !               !               !бірлігі!       !үшін бағасы !АҚШ

   !               !               !       !       !АҚШ доллары.!долларымен

   !               !               !       !       !мен         !     

---------------------------------------------------------------------------

1   284410390       Табиғи уран      кг, U  100400     18,20      1827280

                    (табиғи уранның

                    шала тотығы-

                    тотығы U308)    

---------------------------------------------------------------------------


     Жүктің жүру бағыты:

     1. Защита станциясы (Қазақстан Республикасы) - Достық станциясы

(Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу станциясы (ҚХР).

     2. Қара-Балта станциясы (Қырғыз Республикасы) - Луговое станциясы

(Қазақстан Республикасы) - Достық станциясы (Қазақстан Республикасы) -

Алашанькоу станциясы (ҚХР).

     3. Ақсу станциясы (Қазақстан Республикасы) - Достық станциясы

(Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу станциясы (ҚХР).



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады