"Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына сәйкес және Қызылорда облысы мен Астана қаласы әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қызылорда қаласындағы "Қызылорда әуежайы" ашық акционерлік
қоғамына Қорқыт Ата есімі берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі
"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола темір
жол станциясы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар
министрлігі "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
Астана темір жол станциясы деп қайта аталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.