"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Хайдаркан сынап МАҚ үшiн (Айдаркен кентi, Ош облысы, Қырғыз Республикасы) "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) 2000 жылғы 19 қазандағы N 11/2001-НВ келiсiм-шарты бойынша номенклатура мен қосымшаға сай сан бойынша беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы келiсiмге және басқа да нормативтiк кесiмдерге сәйкес ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, темiр жол көлiгiмен жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы
қаулыны іске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 15 мамырдағы
N 635 қаулысына
қосымша
Хайдаркан сынап МАҚ үшiн (Айдаркен кентi, Ош облысы, Қырғыз
Республикасы) үшін "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу
қаласы, Ресей Федерациясы) 2000 жылғы 19 қазандағы N 11/2001-НВ
келiсiм-шарт бойынша беретін тауарлардың саны
___________________________________________________________________________
Р/с! Тауардың атауы ! Код ТН СЭН !Өлш. !Саны!Бір бірлік !Құны АҚШ
N ! ! !бірл. ! !үшін бағасы !доллары.
! ! ! ! !АҚШ доллары.!мен
! ! ! ! !мен !
___!_____________________!____________!________!____!____________!_________
1 Диаметрі 32 мм пат. 360200000 тонна 200 467,00 93400,00
рондардағы 6ЖВ аммо.
ниті МЕМСТ 21984-76
2 От өткізгіш бау ОША 360300100 мың 300 135,00 40500,00
МЕМСТ 3470-80 метр
3 КД-8МА ДИШВ 773.941. 360300900 мың 200 124,00 24800,00
008 ТУ капсюль- дана
детонаторы
4 ЭД-1-3Т ДИШИВ 360300000 мың 50 1035,00 51750,00
773.951.300 ТУ дана
электродетонаторлары
5 ДША МЕМСТ 6196-78 360300100 мың 40 226,00 9040,00
детонациялайтын бауы дана
6 ЗП-Б ТУ 84-206-81 360300900 мың 10 496,00 4960,00
тұтандырғыш патрондары дана
7 ЭЗ-ОШ ТУ 84-207-81 360300900 мың 10 540,00 5400,00
электр тұтандырғышы дана
8 ВП-0,8 МЕМСТ 6285-74 360300900 мың 20 52,00 1040,00
өнеркәсіптік жарылыс метр
жұмыстарына арналған
сым
Жиыны 230890,00
___________________________________________________________________________
Жүкті алушы: Хайдаркан сынап МАҚ (Айдаркен кенті, Ош облысы, Қырғыз
Республикасы) Шекаралық өту станциялары: Локоть, Тобол (Ресей); Павлодар
(Қазақстан).
Соңғы баратын станциясы: Қырғыз темір жолының Жыл-Арық станциясы.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.