Республикалық меншіктің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 мамыр N 645

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысының әкімімен келісілген Ақмола облысы Щучье ауданының "Голубой залив" шатқалындағы екі қабатты тұрғын үйді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне айырбасқа беру шартымен "N 2 алаңның" босаған үйлері мен ғимараттарын (қала үлгісіндегі Бурабай кенті) қосымшаға сәйкес Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ұлтық қауіпсіздік

комитетімен және Ақмола облысының әкімімен келісім бойынша заңнамада

белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген үйлер мен

ғимараттарды қабылдау - беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын

жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                      2001 жылғы 16 мамырдағы

                                         N 645 қаулысына

                                               қосымша


            Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берілетін

     "N 2 алаңның" үйлері мен ғимараттарының (қ.ү.Бурабай к.) тізбесі


     1. Штаб-казарма ғимараты

     2. ТРО ғимараты (таратушы радиорталық)

     3. Кешендік ғимарат

     4. БӨП ғимараты (бақылау-өткізу пункті)

     5. БТП ғимараты (бақылау-техникалық пункті)

     6. Жанармай құю ғимараты

     7. Гараж ғимараты

     8. Септік ғимараты

     9. Клуб үйі

     10. Оқу корпусының ғимараты

     11. МТҚ үйі (материалдық-техникалық қамтамасыз ету)

     12. Көкөніс сақтау орнының ғимараты

     13. N 2 және N 3 алаңдарының аралық байланыс ғимараты

     14. Сыртқы кәріз ғимараты

     15. Сукернеуіш мұнара ғимараты



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады