Қазақстан Республикасы мен Катар Мемлекеті арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
1) 2001 жылғы 23-29 мамыр кезеңінде Астана және Алматы қалаларында қазақстан-катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) екінші отырысын өткізсін;
2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Комиссия отырысын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдық және протоколдық іс-шараларды қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп Комиссияның катар жағы мүшелерін қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларында орналастыру және оларға көліктік қызмет көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.27. N 1265
қаулысымен. P011265_
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен Комиссия отырысын өткізу үшін және катар делегациясы мүшелерінің осында болуына қаражат бөлсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі отырыс шеңберіндегі іс-шаралардың бұқаралық ақпарат
құралдарында жария болуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 22 мамырдағы
N 689 қаулысына
қосымша
Жоғары деңгейдегі бірлескен комиссияның катар жағы
мүшелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету жөніндегі
ұйымдық шаралар
1. Жоғары деңгейдегі бірлескен комиссияның катар жағы мүшелерін
Астана және Алматы қалаларында тең негізде орналастыру, тамақтандыру және
оларға көлік қызметін көрсету.
2. Баспа өнімдерін шығару.
3. Жоғары деңгейдегі комиссияның катар жағы мүшелері үшін кәдесыйлар
сатып алу.
4. Жоғары деңгейдегі комиссияның катар жағы мүшелерін қарсы алуды
және шығарып салуды ұйымдастыру.
5. Ұйымдық-хаттамалық іс-шараларды дайындау.
6. Ресми кешкі асты ұйымдастыру.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.27. N 1265
қаулысымен.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.