Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан-катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының екінші отырысын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 мамырдағы N 689 P010689_ қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
"25" және "26" деген сандар "23" және "29" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана қаласында" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім
бойынша)" деген сөздерден кейін ", Астана және Алматы қалаларының
әкімдерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Астана қаласында" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларында"
деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшаның 1-тармағында "Астана қаласында" деген
сөздерден кейін "және Алматы қаласында" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.