2001 жылғы Астана қаласының дамуы мен құрылысы мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2001 жылдың 30 наурызында өткен мәжілістің N 01-10/6 хаттамалық шешімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне Манас көшесі 4-үйдегі әкімшілік ғимараттың құрылысын қаржыландыру үшін 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жыл қорытындысы
бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың
пайдаланылуы туралы есеп ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.