Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентінің№кейбір өкімдеріне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің
жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі N 3578 өкімімен құрылған Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында және кадрлық өзгерістерге байланысты:
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі N 3578 N973578_ (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 30, 268-құжат) өкіміне:
көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы Ережеде:
6-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік нышандарды шығаруға, таратуға, насихаттауға, олардың
әскери және өзге де белгілерде қолданылуына байланысты мәселелерді
қарайды;"
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) геральдикалық белгілер жобаларын қарайды және олар бойынша
қорытынды береді.";
2) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның құрамын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15
шілдедегі N 58
өкіміне:
осы өкіммен құрылған Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық
комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ертісбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ермұхамбет Қабиденұлы Әкімшілігі Қоғамдық саяси
бөлімінің меңгерушісі, орынбасары болып,
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы Білім және ғылым бірінші вице-министрі
Пірімқұлұлы Керім - Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда министрлігі Стандарттау,
метрология және сертификаттау жөніндегі
комитетінің төрағасы;
көрсетілген комиссияның құрамынан Бижанов Ақан Құсайынұлы, Арын Ерлан
Мұхтарұлы, Жолдыбаева Сәуле Мұсақызы шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.