Үндістан Республикасы Гуджарат штатының халқына материалдық көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 697

      2001 жылғы 26 қаңтарда болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан зардап шеккен Үндістан Республикасы Гуджарат штатының халқына материалдық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Үндістан Республикасының Үкіметіне кейін беру үшін Үндістан Республикасы Гуджарат штатының халқына материалдық көмек көрсетуге арналған 50 (елу) мың АҚШ доллары бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

 

көрсетілген қаражатты айырбастасын және оларды белгіленген тәртіппен

Үндістан Республикасы Премьер-Министрінің арнаулы шотына аударсын.

     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан

Республикасы Үкіметінің материалдық көмек көрсетуі туралы дипломатиялық

арналар арқылы Үндістан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады