Қоғамдық тәртіпті нығайту және ішкі істер органдарының полициясы учаскелік инспекторларының рөлін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 701

      Полиция учаскелiк инспекторларының қалалардағы және басқа да елдi мекендердегi құқық бұзушылықтарға ескертуi мен олардың алдын алудағы, қылмысқа қарсы күрестегi рөлiн арттыру, олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) iшкi iстер органдарының полициясы учаскелiк инспекторларының көмекшiлерiн ұстау шығыстарын және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жергiлiктi бюджеттер қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландыруды көздеу;
      2) әрбiр әкiмшiлiк учаскеде полицияның учаскелiк пункттерiн құруға, оларды қызметтiк жиhазбен, байланыс құралдарымен жарақтандыруға, iшкi iстер органдарының полициясы әрбiр учаскелiк инспекторын және олардың көмекшiлерiн қызмет көрсетiлетiн учаскеде қызметтiк пәтерлермен және пәтерлiк телефондармен қамтамасыз етуге, бекiтiлген тиесiлi нормаларға сәйкес автокөлiк пен нысанды киiм-кешек сатып алуға iшкi iстер органдарына жәрдем көрсету ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiм бойынша жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының полициясы учаскелiк инспекторлары көмекшiлерiнiң штаттық санын:
      қалалар мен аудан орталықтарында iшкi iстер органдарының полициясы

 

әрбiр учаскелiк пунктiне - бiр көмекшi;

     ауылдық жерлерде iшкi iстер органдарының полициясы әрбiр учаскелiк

инспекторына - бiр көмекшi есебiнен белгiлесiн;

     2) Ішкі істер органдарының полициясы учаскелік инспекторлары мен

олардың көмекшілері қызметінің тәртібі туралы ережені әзірлесін және

бекітсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі

істер министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.



     Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.09. N 1306

қаулысымен. 


P011306_




     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады