Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 мамыр N 704

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі 2001 жылғы 28-29 мамырда Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз

 

Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық)

тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін

өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2001 жылға арналған

республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген

қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады