Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісім жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 мамыр N 713

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасы

 

Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісімнің жобасы

мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі армян тарабымен

келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін оған

қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере

отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан көрсетілген Келісімді

жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                          жоба


              Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

            Армения Республикасының Үкіметі арасындағы

                  құқықтық ақпарат алмасу туралы

                             Келісім


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының

Үкіметі, бұдан әрі Тараптар деп аталады,

     достық қатынасты және өзара түсіністікті нығайтуды қалай отырып,

     құқық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге талпына отырып,


 
       Тараптар мемлекеттерінің заңдары туралы өзара ақпараттандыруды жақсарту жөніндегі қатынастарды дамыту қажеттігін түсіне отырып,
      мыналар туралы келісті:
 
                               1-Бап
 
      Тараптар мемлекетаралық алмасуға жататын (қоса беріліп отыр), жариялауға ашық нормативтік құқықтық актілердің тізімінде белгіленген мәселелер жөніндегі құқықтық актілермен екі жақты ақпараттық алмасу қажеттігін таниды.

 

     Жоғарыда көрсетілген тізім Тараптардың өзара келісімі бойынша

өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.


                              2-Бап


     Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа нормативтік құқықтық актілер

туралы сұрау салынған ақпаратты ұсынатын болады.

     Ынтымақтастық барысында Тараптардың біреуі алатын ақпарат, осы

ақпаратты ұсынушы Тараптың келісуі жағдайында ғана үшінші мемлекетке

берілуі мүмкін.

     Ынтымақтастық барысында алынатын ақпарат Тараптардың мүдделеріне зиян

келтіруге пайдаланыла алмайды.


                              3-Бап



 
       Тараптар, ұлттық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық

 

ақпарат алмасуға арналған заңдардың жеке базасын (Тараптар мемлекеттерінің

нормативтік құқықтық актілерінің деректер банкі) ұйымдастырады.


                              4-Бап


     Тараптар, құқықтық ақпарат алмасу жүйесін құру жөнінде келісілген

шараларды жүзеге асыра отырып, тиісінше:

     ақпаратты пайдаланушы - субъектілер тізімін;

     ақпараттың ашықтық дәрежесін, құжаттау, қол жеткізу, сақтау, тарату

және қорғау тәртібін анықтайтын нормативтік белгіленген ережелер -

ақпараттың құқықтық режимін белгілейді.


                              5-Бап


     Тараптар құқықтық ақпарат жүйесін құру және алмасу жөніндегі

жұмыстарды үйлестірушілер деп Әділет министрлігін белгілейді.


                              6-Бап



 
       Тараптар бірлесіп пайдалану үшін белгіленген (деректердің эталондық базасына) құқықтық ақпараттардың ұлттық ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, оларды бақылау жағдайында ұстайды және ақпараттық деректердің толықтығы, растығы және өз уақытында ұсынылуы үшін жауапкершілік көтереді.
 
                               7-Бап
 
      Құқықтық ақпарат тәртіп бойынша орыс тілінде және өтеусіз ұсынылуға

 

тиіс. Жедел мәліметтер мен материалдарды беру үшін электронды, көшірмелік

және өзге де байланыс құралдары қолданыла алады.


                              8-Бап


     Тараптар:

     деректер базасын алмасу кезінде бір-біріне нормативтік құқықтық

актілердің жіктеуіштерін ұсынуды;

     жүйелердің қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын,

сондай-ақ қайта құрылып жатқан құпия байланыс жүйелерін пайдалана отырып,

құқықтық ақпарат алмасу жүргізуді қажет деп санайды.

     Құқықтық ақпарат алмасу Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес

жүзеге асырылады.


                              9-Бап


     Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттары бойынша құқықтары

мен міндеттерін қамтымайды.


                              10-Бап



 
       Осы Келісімге, Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.
      Аталған хаттамалар осы Келісімнің 12-бабында көзделген тәртіпке сәйкес күшіне енеді.
 
                               11-Бап
 
      Тараптар арасында осы Келісімнің ережелерін іске асыру барысында туындаған даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер мен консультациялар жолымен шешілетін болады.
 
                               12-Бап
 
      Осы Келісім Тараптардың ішкі мемлекетішілік рәсімдерінің орындалғаны туралы соңғы хабарды алған күннен бастап күшіне енеді және егер Тараптардың біреуі осы Келісімнің күшін тоқтату туралы өз ниетін Келісімнің қолданылу күшінің мерзімі бітуіне алты ай қалғанға дейін екінші Тарапқа хабарламаса қолданылу күші бес жыл ішінде әрбір келесі жылға

 

автоматты түрде ұзара отырып, бес жыл бойы қолданылатын болады.


     200 ___ жылы "___"_____ _______ қаласында әрқайсысы екі түпнұсқалық

данада қазақ, армян және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіннің

бірдей заң күші бар.

     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған

жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді қолданатын болады.


     Қазақстан Республикасының     Армения Республикасының

        Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін


           Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения

            Республикасының Үкіметі арасындағы құқықтық

                  ақпарат алмасу туралы Келісімге

                             Қосымша


                Мемлекетаралық алмасуға жататын

                нормативтік құқықтық актілердің

                              Тізбесі


     1. Мемлекеттік құрылыс негіздері.

     2. Ұлттық қауіпсіздік.

     3. Қорғаныс

     4. Мемлекеттік қызмет.

     5. Сыртқы саясат, халықаралық және сыртқы экономикалық қатынастар.

     6. Әкімшілік заңдар.

     7. Әділет. Сот. Прокуратура.

     8. Қоғамдық тәртіпті қорғау.

     9. Қылмыстық заңдар.

     10. Қылмыстық іс жүргізу заңдары.

     11. Қылмыстық атқарушылық заңдар.

     (еңбек-түзету заңдары).

     12. Азаматтық және отбасы құқығы.

     13. Азаматтық іс жүргізу және шаруашылық заңдар.

     14. Еңбек және халықтың қамтылуы.

     15. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету.

     16. Қаржы және кредит.

     17. Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет.

     18. Өнеркәсіп.

     19. Құрылыс және сәулет кешені.

     20. Ауыл шаруашылығы.

     21. Сауда.

     22. Көлік және байланыс.

     23. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және халыққа тұрмыстық қызмет

көрсету.

     24. Білім, ғылым, мәдениет.

     25. Денсаулық сақтау.

     26. Жер, оның қойнауы, сулар туралы, әуе кеңістігі туралы, өсімдік,

жануарлар әлемі және табиғи байлықтар туралы заңдар.

     27. Қоршаған ортаны қорғау.

     28. Геодезия, картография, гидрометеорология.

     29. Халықаралық жеке құқық және прогресс.

     30. Кеден ісі.




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады