"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 мамыр N 742

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                                    Жоба


              Қазақстан Республикасының Заңы

            Қазақстан Республикасының кейбір заң

      актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


     Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен

толықтырулар енгізілсін:


 
       1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Z970094_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат, N 23, 921-құжат):
      1) 21-баптың 2-тармағы "ортақ шаруашылық" деген сөздердің алдынан "кемінде бес жыл" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "мен меншік иесінің алынбаған" деген сөздерден кейін "расталған" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы "жаңа" деген сөз "техникалық нормаларға сәйкес келетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 116-бапта:
      1-тармақта:
      "жаңа" деген сөз "техникалық нормаларға сәйкес келетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі "жаңа" деген сөз "техникалық нормаларға сәйкес келетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "жаңа" деген сөз "техникалық нормаларға сәйкес келетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:
      "119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін қайтарып алумен (сатып алумен) байланысты тұрғын үйді бұзған кезде меншігіне тұрғын-үй берудің ерекшеліктері
      Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін қайтарып алған (сатып алған) кезде қайтарып алынатын (сатып алынатын) жер учаскесінде орналасқан меншік иесінің таңдауымен үйдің нарықтық құнының мөлшерінде өтемақы төленеді не егер азаматтарға заңмен өзге де жеңілдік нормалары кепілдік етілмесе, меншігіне оның пайдалы алаңы қайтарып алынатын (сатып алынатын) тұрғын-үйдің (пәтердің немесе үйдің) пайдалы алаңының аспауы тиіс жайластырылған тұрғын үй-жай (пәтер немесе тұрғын үй) беріледі.
      Бұрынғы меншік иесіне (жалдаушыға) меншігіне (жалға) сол немесе басқа жер учаскесінде бұзылған тұрғын үй-жайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерде басқа тұрғын үйлер беру осы Заңның 115-бабында көзделген шарттық міндеттемелерге орай салушының келісімімен ғана жүзеге асырылады."
      2. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы Z980230_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат):
      1) 3-баптың 4-тармағы мынандай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жерді қайтарып алу (сатып алу) туралы шешімдер қабылдайды, бұл ретте жер учаскелерінің меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар алдағы сатып алуға дейін үш айдан кешіктірмей ол туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жазбаша хабарландырылуы тиіс";
      2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
      "3-1-бап. Жер қатынастарын реттеудің ерекшеліктері
      1. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алу тәртібімен жер учаскелерін қайтарып алуға меншік иелері немесе жер пайдаланушылар ескерту алған күннен бастап үш ай өткенге немесе олардың келісімімен ғана жол беріледі. Егер меншік иелері немесе жер пайдаланушылар олардан жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алу туралы шешіммен келіспесе не олармен сатып алынатын жердің бағасы немесе басқа шарттар туралы келісімге келмесе, астананың атқарушы органдары үш ай өткеннен кейін жер учаскесін сатып алу туралы сотқа қуынуына болады.
      2. Сатып алынатын жер учаскесінің бағасын анықтаған кезде оған жер учаскесінің немесе оған құқықтың және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасы, сондай-ақ меншік иесі үй бұзылатын жылы алмаған расталған кірісі қосылады."
      3. "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Z010152_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 4, 21-құжат):
      1) 67-бабының 2-тармағындағы бірінші сөйлемдегі "жер пайдаланушыға"

 

және екінші сөйлемдегі "жер пайдаланушы" деген сөздерден кейін "егер заң

актілерімен өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;

     2) 69-баптың 2-тармағы "бағаны анықтау кезінде" деген сөздерден кейін

"егер заң актілерімен өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;

     3) 70-баптың екінші бөлігі "жер пайдаланушысына" деген сөздерден

кейін "егер заң актілерімен өзгеше көзделмесе," деген сөздермен

толықтырылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады