Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1935 және 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 мамыр N 747

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заемын тартуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1935 P001935_ қаулысына:

 

     2-тармақтың 1) тармақшасындағы "2000" деген сан "2001" деген санмен

ауыстырылсын;

     2) "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік

инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 


P001963_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002

жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада:

     "Көлік және байланыс" салалық секторында реттік нөмірі 16-жолда:

     "Кепіл мөлшері" деген жолда:

     9-бағандағы "27,40" деген сан алынып тасталсын;

     10-баған "27,40" деген санмен толықтырылсын;

     "Барлығы" деген жолда:

     "Кепіл мөлшері" деген жолда:

     9-бағандағы "245,40" деген сан "218,00" деген санмен ауыстырылсын;

     10-бағандағы "228,66" деген сан "256,06" деген санмен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады