"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заемын тартуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1935

      Алматы-Астана желiсiнде жолаушылар поездарының жүру уақытын қысқарту, сондай-ақ қозғалыс қауiпсiздiгі мен жолаушылар үшін жайлылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес сыртқы заем қаражаты есебiнен қаржыландырылатын "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi - "Заем алушы") "Patentes Talgo S.А." компаниясының (Испания Корольдiгi) екi темiр жол жолаушылар составын сатып алу жобасы басым инвестициялық жоба ретiнде мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) тартылатын мемлекеттiк емес заем бойынша мiндеттемелердi Заем алушының орындауын қамтамасыз ету ретiнде кредиторға "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Z990473_ бекітiлген мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитi шегiнде жалпы сомасы 27 400 000 (жиырма жетi миллион төрт жүз мың) АҚШ долларына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдігін берсiн;
      2) көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктің берiлуiне байланысты оның

 

Қазақстан Республикасының алдында туындайтын мiндеттемелерi туралы

Заем алушымен тиiстi келiсiм жасассын.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.31. N 747          

              қаулысымен. 


P010747_



     3. Заем алушы заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кепілдiктi

алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн.

     4.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963     

              қаулысымен. 


P001963_



     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Жандосовқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары




     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады