Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"2001 жылғы 28 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Абу-Даби Даму Қорының арасындағы Қарағанды - Астана жолының құрылысын
қаржыландыруға арналған заем туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
2001 жылғы 28 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Абу-Даби Даму Қорының арасындағы Қарағанды - Астана жолының
құрылысын қаржыландыруға арналған заем туралы келісімді бекіту туралы
2001 жылғы 28 сәуірде Абу-Даби қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Абу-Даби Даму Қорының арасындағы Қарағанды -
Астана жолының құрылысын қаржыландыруға арналған заем туралы келісім
бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ЗАЕМ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Yкiметi (бұдан әрi "Заемшы" деп аталатын), бiр тараптан және Абу-Даби Даму Қорының (бұдан әрi ҚОР деп аталатын) екiншi тараптан арасындағы 2001 жылғы 28 сәуiрдегi келiсiм.
Заемшы толық сипатталуы осы Келiсiмге II Қосымшада келтiрiлетін Қарағанды-Астана Жолы Құрылысының Жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталатын) қаржыландыруға қатысу туралы Қорға өтiнiш жасағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ЖӘНЕ Қордың мақсаты араб, африка, азия және басқа да дамушы елдерге олардың даму жобаларын орындауға қажеттi заемдарды ұсыну себептi олардың экономикасының дамуына көмек көрсету екендiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ЖӘНЕ Қор Жобаның орындылығы мен орындалатынына және оның Заемшы экономикасының дамуына маңыздылығына сенiмдi екенiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ЖӘНЕ Қор жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Заемшыға Келiсiмде айтылған шарттар мен ережелерде заем беруге келiсiм бергенiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОСЫ КЕЛIСIМДЕГI ТАРАПТАР ОСЫМЕН МЫНАЛАР ТУРАЛЫ КЕЛIСЕДI:
I БАП
Заем және Оны Беру Шарттары
1-БӨЛIМ
Қор осы Келiсiмде айтылған немесе осы Келiсiмде сiлтемелер келтiрiлетін шарттар мен ережелерде 80,806,000 (сексен миллион сегiз жүз алты мың) Бiрiккен Араб Эмираттары дирхамына бара-бар соманы Заемшыға беруге келiсiм бередi.
2-БӨЛIМ
Заемшы жылына үш пайызды (3%) құрайтын ставка бойынша, шоттан алынатын және қандай да бiр уақытта ол бойынша төлемге ұсынылмаған сомасы бар Заемның негiзгi сомасы бойынша пайыз төлейдi. Пайыздар осылайша тиiстi соманы алу ретiнде тағайындалған күннен бастап есептеледі.
3-БӨЛIМ
Әкiмшiлiк шығыстарды және осы Келiсiмдi орындауға арналған шығыстарды жабу үшін Заем қаражатынан алынатын және өздерi бойынша қандай да бiр уақытта төлемге ұсынылмаған сомасы бар сомалар бойынша жылына нөл бүтін оннан бес пайызды (0,5%) құрайтын қосымша төлем жүргiзiледi.
4-БӨЛIМ
Осы 3-Баптың 2-Бөлiмiне сәйкес Заемшының өтiніші бойынша Қор өзiне
алған арнайы мiндеттемелер бойынша жүзеге асырылуға жататын төлем ставкасы
өздерi бойынша қандай да бiр уақытта төлемге ұсынылмаған сомасы бар кез
келген осындай арнайы міндеттемелердiң негiзгi сомасы бойынша жылына нөл
бүтін оннан бес пайызды (0,5%) құрайды.
5-БӨЛIМ
Пайыздар мен басқа да төлемдер әрқайсысы ұзақтығы кемiнде жарты жыл
кез келген кезең үшiн ұзақтығы 30 күн он екi айдан тұратын ұзақтығы 360
күн бiр жылды құрайтын уақыт аралығы негiзiнде есептеледi.
6-БӨЛIМ
Заемшы өтеу мерзiмi алдында 5 жыл жеңiлдiктi кезеңi бар 15 жылды
құрайтынын ескере отырып, осы Келiсiмге 1-Қосымшасында ұсынылатын борышты
бiртiндеп өтеу кестесiне сәйкес Заемның негiзгi сомасын өтейдi.
7-БӨЛIМ
Пайыздарды төлеу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру әр жылдың 30 сәуiрiнде және 30 қазанында жарты жылда бiр рет жүргізiледi.
8-БӨЛIМ
Заемшы барлық есептелген пайыздарды төлеу және барлық басқа төлемдердi жүзеге асыру кезiнде Қорды кемiнде 45 күн бұрын хабардар ете отырып, келiсiлген мерзiм басталғанға дейін мынадай сомаларды өтеуге құқығы бар:
а) ол бойынша осы кезде соманы төлемге ұсынылмаған сомасы бар Заемның барлық негізгi сомасы; НЕМЕСЕ
b) осындай өтеу күнi төлем мерзiмi мерзiмiнен бұрын төленетiн бөлiгiнен кейін басталатын Заемның төлемге ұсынылмаған қандай бір бөлігі болмау шартымен төлемнiң қандай да бiр немесе одан да көп мерзiмдерi басталған кездегi барлық негiзгi сома.
9-БӨЛIМ
Заемның негiзгi сомасын, пайыздарды төлеу және олар бойынша басқа төлемдердi жүзеге асыру Қор негiздi сұрау салатын осындай жерлерде жүргiзiледi.
II БАП
Төлемдердің Валютасы
1-БӨЛIМ
Заем қаражатын шоттан алу, оны өтеу, пайыздарды төлеу және басқа төлемдердi жүзеге асыру және осы Келiсiмге байланысты қаржы мәмiлелерiнiң барлық есептерiн жүргiзу Бiрiккен Араб Эмираттарының дирхамымен жүргiзiледi.
2-БӨЛIМ
Қор Заемшының өтiнiшi бойынша оның агентi ретiнде әрекет ете отырып, осы Келiсiмге сәйкес Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауардың құнын төлеуге және өтеуге қажеттi кез келген валютаны сатып алады. Осы жағдайда Заем шотынан алынған болып есептелетiн сома осындай шетел валютасын сатып
алуға қажеттi Бiрiккен Араб Эмиратының дирхамындағы сомаға тең болып
табылады.
3-БӨЛIМ
Қор Заемшының өтінішi бойынша оның агентi ретiнде әрекет ете отырып,
осы Келісiмнiң 1-Бөлiмiне сәйкес төлемдер үшiн талап етiлуi мүмкiн
Бiрiккен Араб Эмираттарының дирхамында, кез келген шетел валютасында
немесе Қор үшiн қолайлы валютада сатып ала алады.
4-БӨЛIМ
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн бiр валютаның екiншi валютаға
ауыстырғандағы құнын анықтау қажет болса, осындай бағаны Қор негiздi түрде
анықтайды.
ІII БАП
Заем Қаражатын Шоттан алу және Пайдалану
1-БӨЛIМ
Заемшы осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Жобаға байланысты жаратылатын немесе жаратуға соманы Заем шотынан алуға құқығы бар.
Заемшы Қорға растайтын құжаттарды ұсынуы бойынша осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн шеккен шығыстардың себебi бойынша Заем шотынан соманы ала алады.
2-БӨЛIМ
Заемшының өтiнiшi бойынша және Заемшы мен Қор арасында келiсiлген шарттар мен ережелерде осы Келiсiмге сәйкес кез келген тоқтатуға немесе жоюға тәуелсiз қаржыландырылатын тауарлардың бағасына қатысты Заемшыға немесе басқа тұлғаларға сомаларды төлеу бойынша жазбаша түрде өзiне арнайы мiндеттемелердi алуына болады.
3-БӨЛIМ
Заемшы шоттан Заемның қандай да бiр сомасын алғысы келген немесе алдыңғы бөлiмге сәйкес соңғысының арнайы мiндеттемелердi қабылдауы туралы Қорға өтінiш бiлдiрген жағдайда, алайда, осындай өтiнiм немесе растайтын құжаттар Қорға ұсынылғанға дейiн шоттан қандай да бiр алу жүргiзiлген немесе арнайы мiндеттеме қабылданған жағдайда, осындай өтiнiмдi немесе растайтын құжаттарды осыдан кейiн осылайша дереу ұсыну шартымен, Заемшы Қорға қажеттi растайтын құжаттармен қоса берiлетін, Қор белгiлеген нысандарда Қорға өтiнiм бередi.
4-БӨЛІМ
Заемшының Заем шотынан өзiне қатысты өтінiм берiлiп отырған соманы алуға құқығы бар екендiгiн және Заем шотынан алынатын сома осы Келiсiмде анықталатын мақсаттар үшiн ғана пайдаланылатынына Қорды сендiру үшін Шоттан қаражат алуға арналған әрбiр өтiнiмнiң және растайтын iлеспе
құжаттардың және өзге де айғақтардың тиiстi нысаны мен мазмұны болуы тиiс.
5-БӨЛIМ
Заемшы Заем қаражатын Жобаны орындау үшін талап етiлетiн тауарлар мен
қызметтердiң тиiстi құнын қаржыландыруға ғана пайдаланады. Осындай
тауарлар мен қызметтердi сатып алудың рәсiмдерi Қор мен Заемшының
арасындағы келiсiм бойынша анықталады.
6-БӨЛІМ
Заемшы Жобаны орындау кезiнде ғана Заем қаражатынан қаржыландырылатын
барлық тауарлардың пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
7-БӨЛIМ
Заемшы Заем шотынан алуға құқығы бар соманы Қордың төлеуi Заемшыға
немесе оның тапсырмасы бойынша жүргiзiледi.
8-БӨЛIМ
Заемшының Заем шотынан қаражат алуды жүргiзу құқығы 2006 жылғы 31
желтоқсанда немесе қандай да бiр уақытта Заемшы мен Қор арасында келiсiлуi
мүмкiн неғұрлым кеш мерзiмде тоқтатылады.
IV БАП
Шарттың Ерекше Жағдайлары
1-БӨЛIМ
Заемшы Қорға қолайлы шарттар мен ережелерде Көлiк және Коммуникациялар министрлiгiне Заем қаражатын бередi.
2-БӨЛIМ
Заемшы және жоғарыда аталған Министрлiктiң атынан Жобаны Орындау жөнiндегi Топ (ЖОТ) Жобаның орындалуына және осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес және мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарды басқаруға қатысты талаптарға сәйкес және оңтайлы инженерлiк, қаржылық және техникалық
iс-тәжiрибеге сәйкес оларды басқаруға жауап бередi.
3-БӨЛІМ
Жобаны орындау және оны бақылау кезiнде Заемшы Қорға қолайлы шарттар
мен ережелерде Қорға қолайлы техникалық мәселелер жөнiндегi
консультанттарды (немесе қызметтерi қажет болуы мүмкiн басқа
консультанттарды) жалдайды немесе жалдауды қамтамасыз етедi.
4-БӨЛIМ
Заемшы Жобаны орындауға және оны бақылауға қатысты осы Келiсiмге қол
қойылғанға дейін жасалған барлық келiсiм-шарттардың расталған көшірмелерiн
Қорға ұсынады.
5-БӨЛIМ
Жобаны орындау туралы келiсiм-шарттарды жасасу және оларды бақылау
кезiнде халықаралық бәсекелес сауда-саттық рәсiмдерi сақталады және
олардың жасалуы Қордың мақұлдауына байланысты.
6-БӨЛIМ
Заемшы Жобаның орындалуына қатысты талаптарға сәйкес жерге меншiктi
және осындай меншiктiң құқығын сатып алу жөнiнде тиiсті шаралар қабылдайды.
7-БӨЛIМ
Заемшы Техникалық мәселелер жөнiндегі Консультантқа және Мердiгерге осындай Консультант пен Мердiгердiң тарапынан қандай да бiр мiндеттемелерсiз Жобаға байланысты Жұмыстар үшiн Участок ұсынады және олардың осындай Учаскеге кiруiн қамтамасыз етедi.
8-БӨЛIМ
Егер Жобаны қаржыландыруға бөлiнген сомалар, сметаға сәйкес Жобаны орындауға арналған шығындарды жабу үшiн жеткiлiксiз болса, Заемшы Қор алдын ала мақұлдауы тиiс шарттар мен ережелерде Жобаны орындау жөнiндегi жұмыстарды аяқтау үшiн талап етiлетiн қосымша сомаларды ұсынуға қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.
9-БӨЛIМ
Заемшы Қорға оқу материалдарын, Жобаның жоспарлары мен техникалық шарттарын және оларды орындау кестелерiн, сондай-ақ болашақта оларға енгiзiлуi мүмкiн кез келген елеулi өзгерiстердi, бұл туралы қандай да бiр уақытта Қор сұрау салатын негiзде олар дайын болғаннан кейiн дереу ұсынады.
10-БӨЛIМ
Заемшы Жобаның орындалу барысын ұсыну (оны орындауға жұмсалған шығындарды қоса алғанда) және Жобада олардың пайдаланылуы туралы ақпаратты анықтау, Жобаның орындайтын мекеменiң тиiмдi және нық белгiленген есеп тәжiрибесiне, қызметiне және қаржылық жағдайына сәйкес келетiн тиiстi рәсiмдерге сәйкес көрсету үшiн Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтердiң жiктелуi және олардың Жобада пайдаланылуы туралы, ақпаратты анықтау жөнiндегi iс жүзiндегi талаптарға жауап беретін есеп жазбаларын жүргізеді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Заемшы Қордың уәкiлеттi өкiлдерiне Заемға байланысты мақсатта жол жүру және жұмыстың барысын тексеру және кез келген есеп жазбалары мен қаралатын мәселелерге қатысы бар құжаттарды қарау үшін кез келген талап етілген мүмкіндікті ұсынады және Қорға Заем қаражатын жұмсауға, Жобаны орындауға және Заемшының қаржылық жағдайына қатысты Қор сұрататын кез келген осындай ақпаратты ұсынады.
11-БӨЛIМ
Заемшы Жобаны тiкелей немесе жанама басқаруға және оған байланысты жұмысты жүргізуге, сондай-ақ Жобаның құрамдас бөлiгi болмай-ақ, тиiмдi инженерлiк, қаржылық және техникалық iс-тәжiрибеге сәйкес Жобаға байланысты жұмысты тиiстi жүргiзуге қажетті осындай көмекшi iс-шараларды басшылыққа алуға мiндеттенедi.
12-БӨЛIМ
Заемшы және Қор Заемның мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету үшiн тығыз байланыста болады. Осы мақсатта әрбiр тарап Заемға байланысты iстiң жалпы жағдайына қатысты ол негiздi түрде талап етуi мүмкiн ақпарат пен мәлiметтердi екіншi тарапқа берудi мiндеттенедi.
Заемшы мен Қор өзiнiң өкiлдерi арқылы Заемның мақсатына және оған қызмет көрсетуге байланысты мәселелер жөнiнде мерзiмдi пiкiр алмасу жүргiзедi. Заемшы Заем мақсатының орындалуына кедергi жасайтын немесе кедергi жасауы мүмкiн (Жобаның орындалуына арналған шығындардың кез келген елеулi артуын қоса алғанда) кез келген жағдайлар туралы Қорды дереу хабардар етедi.
13-БӨЛIМ
Заемшы мен Қордың өзара ниетiнде болашақта мемлекеттiк мүлiкке қатысты құрылатын борыштар үшiн мүлiктi ұстау құқығы түрiндегі Заеммен салыстырғанда басымдығы болмайтындығында. Осы мақсатта Заемшы Қор өзгеше шешiм қабылдаған кездегiден басқа жағдайларда, егер Заемшының қандай да бiр мүлкiне қатысты борыштар үшiн мүлiктi ұстаудың қандай да бiр құқығы туындайтын болса, борыштар үшiн осындай мүлiктi ұстау құқығы фактiге байланысты Заемның негiзгi сомасы мен пайыздарды төлеудi және ол бойынша басқа төлемдердiң жүзеге асырылуын тең және үйлесiмдi негiзде қамтамасыз етуге және алайда, осы Бөлiмнiң алдыңғы ережелерiн мыналарға қолданбау шартымен борыштар үшiн осындай мүлiктi ұстау құқығын құру кезiнде осы мағынада тiкелей тұжырымдалған ереже ұсынылатын болады:
(І) Осындай мүлiктi сатып алу құнын қамтамасыз ету түрiнде ғана оны сатып алу сәтiнде мүлiкке қатысты борыш үшiн мүлiктi ұстау құқығына;
(ІІ) төлеу мерзiмi бастапқы туындаған күннен кейiн бiр жылдан кейiн кешiктiрiлмей келетiн борышты қамтамасыз ету үшiн саудаға тауарларға қатысты борыш үшiн мүлiкті ұстау құқығына; НЕМЕСЕ
(III) банктiк операциялардың барысында туындаған және төлеу мерзiмi оның күнiнен кейiн бiр жылдан кешiктiрiлмей келетiн борышты қамтамасыз ететін борыш үшiн мүлiктi ұстау құқығына.
14-БӨЛIМ
Заемның негiзгі сомасын төлеу және ол бойынша басқа төлемдердi жүзеге асыру Заемшының заңнамасына сәйкес әрекет ететін қандай да бiр салықтарды есептеусiз жүзеге асырылады және Заемның негiзгi сомасын және пайыздарды және ол бойынша басқа төлемдердi жүзеге асыру жоғарыда аталған салықтардан босатылады.
15-БӨЛIМ
Осы Келiсiм Заемшының елiнде әрекет ететiн заңнамаға сәйкес белгiленуi мүмкiн кез келген салықтардан, алымдардан және түрлi сипаттағы баждардан босатылады, оларды жасау, ресми беру немесе тiркеу қатынасында немесе осындай жасауға, ресми беруге немесе тiркеуге байланысты және Заемшы Заем төлеуге жататын валютада, елде әрекет ететiн заңнамаға сәйкес белгiленген барлық салықтарды, алымдарды және егер осындай болса баждарды төлейдi немесе төлеудi қамтамасыз етедi.
16-БӨЛIМ
Заемның негiзгi сомасын және пайыздарын төлеу және ол бойынша басқа төлемдердi жүзеге асыру Заемшының елiнде әрекет ететiн заңнамаға сәйкес белгiленген барлық шектеулерден босатылады.
17-БӨЛIМ
Заемшы жауапты сақтандырушылардан Заем қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарларды сақтандырады немесе сақтандырылуын қамтамасыз етедi. Осындай сақтандыру мынадай - тасымалдауларға байланысты теңiз және Заемшының аумағына тауарларды сатып алуға және импорттауға және оларды Жобаны орындау орнына жеткiзуге байланысты басқа қауiптердi жабады және ұтымды сауда тәжiрибесiмен қоса құрылатын осындай сомаға жүзеге асырылады, осындай сақтандыру кезiнде сақтандырылатын тауарлардың құнына ақы төлеуге жататын валютамен немесе еркiн өзгермелi валютамен осындай сақтандыру ақы төленуге жатады.
Заемшы сақтандыруды ресiмдейдi және сақтандыруды немесе сақтандырудың ресiмделуiн және Жобаға байланысты тәуекелдерден жауапты сақтандырушылардан ұтымды сауда тәжiрибесiмен қоса құрылатын сомада сақтандыруды қамтамасыз етедi.
18-БӨЛIМ
Заемшы оның тарапынан Жобаны орындау үшiн қажеттi барлық шараларды
қабылдайды және қабылдануын қамтамасыз етедi және Жобаны орындауға немесе
оған байланысты жұмыстарды жүргiзуге немесе осы Келiсiм ережелерiнiң
қандай да бiрiн орындауға кедергi жасайтын немесе кедергi жасаған қандай
да бiр әрекеттер жасамайды және жасалуына жол бермейдi.
19-БӨЛIМ
Қордың барлық құжаттарын, есеп жазбаларын, хат-хабарларын және ұқсас
материалдарын құпия ретiнде Заемшы қарайды. Заемшы Қорға цензурадан толық
иммунитет ұсынады және оның жарияланымдарын тексерулерден толық босатады.
20-БӨЛIМ
Заемшының барлық мүлiктерi мен кiрiстерi мемлекеттiк меншiктеуден,
тәркiлеуден және алулардан босатылады.
V БАП
Күшiн Жою және Тоқтата Тұру
1-БӨЛIМ
Заемшы Қорды хабардар ете отырып, Заемшы өзiне қатысты Қор осы Келiсiмнiң 2-Бабының 2-Бөлiмiне сәйкес өзiне арнайы мiндеттеме қабылдаған Заемның қандай да бiр сомасын жоя алмайтын кездегiден басқа жағдайларда Заемшы осындай хабарламаға дейiн шоттан алмаған Заемның кез келген сомасының күшiн жоя алады.
2-БӨЛIМ
Егер мынадай оқиғалардың қандай да бiрi орын алса немесе жалғасып отырса, Қор Заемшыны хабардар ете отырып, Заемшының Заем қаражатын алуды жүргiзу құқығын толық немесе iшінара тоқтатуы мүмкін.
(а) негiзгi соманы немесе пайыздарды толық немесе iшiнара төлеу немесе осы Келiсiмге немесе Заемшы мен Қор арасындағы кез келген басқа Заем туралы Келiсiмге сәйкес талап етiлетін басқа да төлемдердi жүзеге асыру жөніндегi міндеттемелерді орындамау орын алса;
(b) осы Келiсiмге сәйкес Заемшының тарапынан қандай да бiр басқа шартты немесе келiсiмдi орындау кезiнде мiндеттемелердi орындамау орын алса;
(с) Қор Заемшының тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауы себептi Заемшы мен Қор арасындағы кез келген басқа Заем туралы Келiсiмге сәйкес Заемшының шоттан қаражат алуды жүргiзу құқығын толық немесе ішiнара тоқтатқан болса;
(д) Заемшының осы Келiсiмге сәйкес өз мiндеттемелерiн орындау мүмкiндiгi мәселесiн қоятын төтенше жағдай қалыптасса.
Осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн болуы мүмкiн кез келген осындай оқиғаның, ол осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн болған кездегiдей салдары болады.
Заемшының Заем қаражатын алуды жүргізу құқығы жағдайларға байланысты алайда, кез келген осындай шоттан қаражат алуды жүргiзу құқығын қалпына келтiру туралы хабарлама хабарламада көрсетiлетiн шарттарда және оларды ескере отырып қана қалпына келтiрiлген және ешқандай осындай хабарлама Қордың қандай да бiр құқығына, өкілеттiгiне немесе құқық қорғау құралдарына әсер етпейтiн немесе осындай құқық, өкiлеттiк немесе құқық қорғау құралы осы Бөлiмде сипаттау келтiрiлген кез келген басқа кейiнгi оқиғаларға қатысты жағдайда, осындай тоқтатудың қорытындысы болған оқиғаның немесе оқиғалардың әрекет етуi тоқтатылғанға дейiн немесе Қор Заемшыны шоттан қаражат алуды жүргiзу құқығы қалпына келтiрiлгенi туралы хабардар еткенге дейiн толық немесе iшiнара тоқтатылған болып қалады.
3-БӨЛIМ
Егер алдыңғы бөлiмнiң (а) тармағында айтылатын қандай да бiр оқиға Қор бұл туралы Заемшыны хабардар еткеннен кейiн орын алса және отыз күн бойы жалғасса немесе егер жоғарыда аталған Бөлiмнiң (b), (с) және (d) тармақтарында айтылатын қандай да бiр оқиға Қор бұл туралы Заемшыны хабардар еткеннен кейiн орын алса және алпыс күн бойы жалғасса, онда бұл жағдайда одан әрi кез келген уақытта жоғарыда аталған оқиға жалғасқан кезде Қор өзінің қалауы бойынша тиесiлi және дереу төлеуге жататын Заемның негiзгi сомасын жариялай алады; және осындай мәлiмдеуден кейiн осындай негiзгi сома керi мағынада осы Келiсiмдегi ештеңеге қарамастан, тиесiлi болады және дереу төлеуге жатады.
4-БӨЛIМ
Егер
(а) Заемшының Заем қаражатын алуды жүргiзу құқығы оның қандай да бiр сомасына қатысты ұзақтығы отыз күн кезеңге тоқтатылған болса, немесе
(b) Заем Шотынан Қаражат алудың Соңғы Күнi ретiнде 3-Баптың
8-Бөлiмiнде көрсетiлетiн күнi Заем сомасы алынбаған болып қалса, Қор
Заемшыны хабардар ете отырып, Заемшының осындай сомаға қатысты қаражат
алуды жүргiзу құқығын тоқтата алады.
5-БӨЛIМ
Қордың ешқандай да жоюы немесе тоқтатуы осындай мiндеттеме тікелей
тұжырымдалған ереженi қамтитын кезде жағдайлардан басқа, 3-Баптың
2-Бөлiмiне сәйкес Қор өзiне қабылдаған арнайы мiндеттеме қолданылатын
сомаға қолданылмайды.
6-БӨЛIМ
Кез келген жою осы Келiсiмге Қосымшадағы борышты бiртiндеп өтеу
кестесiнде көрсетiлгенiндей, Заемның негiзгi сомасын төлеудiң бiрнеше
мерзiмiне қосарлас қолданылады.
7-БӨЛIМ
Кез келген күшiн жоюға немесе тоқтатуға қарамастан, осы Бапта нақты
көрсетiлетiн жағдайлардан басқа, осы Келiсiмнiң барлық ережелерi толық
күшiнде және қолданысында қалады.
VI БАП
Осы Келiсiмнiң Сақталуын Қамтамасыз ету; Құқықтарды Орындамау;
Төрелiк тергеу
1-БӨЛIМ
Осы Келiсiмге сәйкес Заемшының құқықтары мен мiндеттемелерi заңды әрекет ететiн болып табылады және керi мағынасында қандай да бiр жергiлiктi заңдардың ережелерiне қарамастан, олардың шарттарына сәйкес олардың сақталуы қамтамасыз етiледi.
Заемшының да, Қордың да кез келген жағдайда осы Келiсiмнiң қандай да бiр ережесiнiң себебiне қарамастан күшi болмайтыны немесе сақталуы қамтамасыз етiлмейтінi туралы мәлiмдеуге құқығы жоқ.
2-БӨЛIМ
Осы Келісімнің қандай да бір ережесіне сәйкес қандайда бір тарапқа берiлген қандай да бiр құқықтың немесе өкілеттiктің жүзеге асырылмауы оған осындай құқық пен өкiлеттіктi болашақта кез келген уақытта жүзеге асыруға кедергi келтiрмейдi және осындай құқықтан немесе өкiлеттіктен бас тарту ретiнде түсінілмейді.
Сол сияқты осы Келiсiмдегi қандай да бiр тараптың басқа тараптың iс-әрекетiнде орын алған мiндеттемелердi қандай да бiр орындамауына байланысты ешқандай мейiрiмдiлiк көрсетуi жоғарыда бiрiншi аталған тарапқа болашақта мiндеттемелердi осындай орындамауға қатысты осы Келiсiмге сәйкес уәкiлеттік берiлген кез келген іс-әрекетке жүгінуге кедергi келтiрмейдi.
3-БӨЛIМ
Осы Келiсiмдегi тараптар арасындағы кез келген даулы мәселе және осы Келiсiмге байланысты бiр тараптың басқасына ұсынатын қандай да бiр наразылыққа байланысты мәселелер ынтымақты реттеу жолымен шешiледi. Егер осындай ынтымақты реттеуге қол жеткiзілмесе, осындай даулы мәселе және де бiр наразылыққа байланысты осындай мәселелер осы Баптың мынадай ережелерiмен Төрелiк Соттың қарауына ұсынылады.
4-БӨЛIМ
(а) Төрелiк Сот үш төрешiден тұрады, оның бiреуiн - Заемшы, екiншiсiн - Қор тағайындайды және үшiншiсi (бұдан әрi "Супертөрешi") - тараптардың келiсiмi бойынша тағайындалады. Егер төрелiк ету процесi басталғаннан кейiн 60 күн ішiнде осындай келiсiмге қол жеткiзiлмесе, Супертөрешіні қандай да бiр тараптың өтiнiшi бойынша Араб Мемлекеттерi Лигасының Бас Хатшысы тағайындайды. Егер қандай да бiр тарап оның меншiктi төрешiсiн тағайындамаса, Араб Мемлекеттерi Лигасының Бас Хатшысы басқа тараптың өтiнiшi бойынша сол сияқты төрешiнi тағайындайды. Қандай да бiр төрешi бас тартқан, қайтыс болған немесе қызметке қабiлетсiз болған жағдайда, бiрiнші төрешi тағайындалған негiзде құқықтық мирасқор тағайындалады.
(b) Төрелiк ету процесiн басқасына Төрелiк Соттың қарауына ұсынылатын даулы мәселенiң немесе наразылықтың сипатын, iзделiп отырған көмектiң сипаты мен шегiн анық баяндай отырып, төрелiк ету процесiн бастайтын тарап тағайындайтын төрешiнiң аты-жөнiн көрсете отырып қандай да бiр тарап бастауы мүмкiн. Осындай хабарламадан кейінгі отыз күн ішiнде қарсы тарап басқасына оның меншiктi төрешiсiнiң аты-жөнiн хабарлайды.
(с) Төрелік Сот әрбір тарапқа әділ тыңдау ұсынылатындай негізде өз жұмысының меншікті тәртібін анықтайды. Төрелік Сот тараптардың қатысуымен немесе олардың болмауымен қаралатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдай алады. Оның барлық шешiмдерi көпшiлiк дауыспен қабылданады. Шешiм жазбаша түрде шығарылады және Төрелiк Соттың кемiнде көпшiлiгінiң қолы қойылады. Шешiмнің қол қойылған көшiрмесi әрбiр тарапқа жiберiледi. Осы Баптың ережелерiне сәйкес шығарылған кез келген осындай шешiм осы Келiсiмдегi тараптар үшiн түпкi және мiндетті болып табылады. Әрбiр тарап Төрелiк Сот шығарған кез келген осындай шешiмдi орындайды және оны сақтайды.
(d) Төрелiк Сот Заемшының және Бiрiккен Араб Эмираттары мемлекетiнiң қолданыстағы заңдарына сәйкес қабылданған принциптердi, сондай-ақ әдiлеттiлiк пен адалдық принциптерiн қолданады.
(е) Әрбiр тарап ол тағайындаған төрешінің жұмысына ақы төлеудi қоса алғанда, төрелiк ету процесіндегi өздерiнiң меншiктi шығыстарына ақы төлейдi. Төрелiк Соттың жұмысына және Супертөрешiнiң жұмысына ақы төлеуге байланысты шығыстар тараптар арасында бөлiнедi және әрбiр тарап оларды теңдей көтередi. Төрелiк Соттың жұмысына байланысты шығыстарды бөлуге жататын кез келген мәселе немесе осындай шығыстарға ақы төлеу рәсiмiн
Төрелiк Сот анықтайды.
5-БӨЛIМ
Төрелiк тергеуге жататын, алдыңғы Бөлiмде айтылып отырған ережелер
даулы мәселелердi осы Келiсiмдегi тараптар арасында шешудiң кез келген
басқа рәсiмiн және осы Келiсiмге сәйкес туындайтын, бiр тараптың
екiншiсiне ұсынатын кез келген наразылығын алмастырады.
6-БӨЛIМ
Осы Бапқа сәйкес кез келген хабарламаны немесе қандай да бiр соттық
тергеуге байланысты сот құжаттарын беру 7-Баптың 1-Бөлiмiнде
көзделетіндегiдей жүргiзiлуi мүмкiн.
VII БАП
Өзге ережелер
1-БӨЛIМ
Осы Келiсiмге сәйкес жiберу немесе ұсыну осы Келiсiмге сәйкес талап етiлетiн немесе рұқсат етiлетiн кез келген хабарлама немесе сұрау салу жазбаша түрде жiберiледi немесе ұсынылады. 8-Баптың 3-Бөлiмінде өзгеше көзделетiн жағдайлардан басқа, осындай хабарлама немесе сұрау салу осы Келісімге көрсетілетін тараптың мекен-жайына немесе осындай тарап екіншісіне хабарламада көрсеткен осындай басқа мекен-жайға қолма-қол, почта арқылы немесе жеделхат түрiнде осындай хабарламаны немесе сұрау салуды жiберу немесе ұсыну талап етiлетін немесе рұқсат етiлетiн тарапқа берiлген кезде ол тиiстi негiзде жiберiлген немесе ұсынылған болып саналады.
2-БӨЛIМ
Заемшы Қорға өздерi туралы III Бапта айтылатын өтiнiмдерге қол қоятын немесе Заемшының атынан қандай да бiр басқа шараларды қабылдайтын немесе қабылдануын немесе жасалуын Заемшы талап ететiн немесе рұқсат ететiн қандай да бiр құжаттарды жасайтын тұлғаның немесе тұлғалардың өкілеттiктеріне жеткiлiктi растама бередi.
3-БӨЛIМ
Осы Келiсiмге сәйкес Заемшының атынан қабылдануы талап етiлетiн немесе рұқсат етiлетiн кез келген шараны және жасалуы талап етiлетiн немесе рұқсат етiлетiн кез келген құжаттарды Заемшының Көлiк және Коммуникациялар Министрi немесе ол осыған жазбаша түрде уәкiлеттiк берген кез келген тұлға қабылдауы немесе жасауы мүмкiн. Осы Келiсiмнiң ережелерiн кез келген өзгерту немесе кеңейту Заемшының атынан оның жоғарыда аталған өкiлi немесе осыған жазбаша түрде уәкiлеттiк берiлген кез келген тұлға жасаған жазбаша құжатпен келiсiлуi мүмкін. Осындай өкiлдiң пiкiрi бойынша осындай өзгерiс немесе кеңейту осы жағдайларда негiздi болып табылады және осы Келiсiмге сәйкес Заемшының мiндеттемелерiн елеулi түрде ұлғайтуға әкеп соқтырмайды. Қор осындай өкiлдiң немесе басқа тұлғаның кез келген осындай құжатты жасауын осындай өкiлдiң пiкiрi бойынша осындай құжатта көзделетiн осы Келiсiмнiң ережелерiн кез келген өзгерту немесе кеңейту осы жағдайларда негiздi болып табылатынына және осы Келiсiмге сәйкес Заемшының мiндеттемелерiн елеулi түрде ұлғайтуға әкеп соқтырмайтынына түпкi растама
ретiнде қабылдауы мүмкiн.
4-БӨЛIМ
Осы Келiсiмге байланысты немесе осы Келiсiмдi орындау үшiн тараптар
арасында алмасу жүргiзiлетiн осы Келiсiмге толықтыру ретiндегi кез келген
жазбаша хабарламалардың олар осы Келiсiмге енгiзiлген кездегi сияқты
мағынада міндеттi күшi болады.
VIII БАП
Күшіне Енетiн Күнi; Әрекетiн тоқтату
1-БӨЛІМ
Осы Келiсiм Қорға осы Келiсiмдi Заемшының атынан жасау және ресми түрде беру тиiстi негiзде мақұлданғанына және барлық қажеттi конституциялық акциялармен бекiтiлгенiне тиiсiнше растама берiлгеннен кейiн ғана күшiне енедi.
2-БӨЛIМ
Алдыңғы бөлiмге сәйкес берiлетiн растаманың бөлiгi ретiнде Заемшы Қорға құзыреттi тұлғаның осы Келiсiмдi Заемшы оның ережелерiне сәйкес тиiстi негiзде мақұлдағаны немесе бекiткенi және оның атынан жасалғаны және ресми түрде берiлгенi және Заемшының заңды түрде әрекет ететiн және байланыстыратын мiндеттемесi болып табылатыны айтылатын қорытындыны ұсынады.
3-БӨЛIМ
Егер Заемшы осы Келiсiмнiң мiндеттейтiн әрекетiне қатысты берген растамасы Қор үшiн қолайлы болса, Қор телеграфпен осы Келiсiмнiң 1-Бөлiмiне сәйкес талап етiлетiн растаманы оның қабылдағаны туралы Заемшыға хабарлама жiбередi. Осы Келiсiм жарамды және осындай жеделхат жөнелтiлген күнi күшiне енедi.
4-БӨЛIМ
Осы Баптың 1-Бөлiмiне сәйкес жасалатын әрекеттер осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн 120 күн немесе Қор мен Заемшы келiскен осындай кеш мерзiм iшiнде жасалмаған болса, Қор болашақта кез келген уақытта Заемшыны хабардар ете отырып, өзiнiң қалауы бойынша осы Келiсiмдi тоқтата алады.
Осындай хабарламадан кейiн осы Келiсiмнiң әрекетi және тараптардың
барлық мiндеттемелерi дереу тоқтатылады.
5-БӨЛIМ
Егер Заемның бүкiл негiзгi сомасын және Заемға қатысты есептелген
барлық пайыздарды төлеу жүргiзiлген және Заемға қатысты есептелген барлық
басқа төлемдер жүргiзiлген болса және осындай ақы төлеу немесе төлемдер
жүргiзiлген сәтте осы Келiсiмнiң әрекетi және осы Келiсiмге сәйкес
тараптардың мiндеттемелерi дереу тоқтатылады.
IХ БАП
Анықтамалар
1-БӨЛIМ
Контексте өзгеше көзделген кездегіден басқа жағдайларда, мынадай терминдердiң осы Келiсiмде немесе оған кез келген қосымшада әрбiр қолданылған кезде мынадай мағыналары болады:
1) "Жоба" терминi өздерi үшiн Заем берiлетiн, сипаттамасы осы Келiсiмге 2-қосымшада келтiрiлетін жобаны немесе жобаларды немесе бағдарламаны немесе бағдарламаларды бiлдiредi және осындай сипаттамаға қандай да бiр уақытта Қор мен Заемшы арасындағы келiсiм бойынша түзетулер
енгiзiлуi мүмкiн.
2) "Тауарлар" терминi Жоба үшiн талап етiлетiн жабдықтарды,
керек-жарақтарды және қызметтердi бiлдiредi. Кез келген тауарлардың құнына
кез келген сiлтеме Заемшының аумағына осындай тауарларды импорттау құнын
қамтитын болып саналады.
7.01-Бөлiмнiң мақсаттары үшiн мынадай мекен-жайлар көрсетіледi:
Заемшының мекен-жайы:
Қордың мекен-жайы:
Abu Dhabi Fund for Development Бiрiккен Араб Эмираттары
Р.О. Box 814 Абу-Даби Почталық Абонемент
Abu Dhabi Жәшiгi
United Arab Emirates Абу-Даби Даму Қоры
ТЕLЕХ: 22287 FUND EM ТЕЛЕКС: 22287 FUND ЕМ
FАХ: 6440800 ФАКС: 6440800.
Осыны куәландыра отырып, осы Келiсiмдегi тараптар өздерiнiң тиiстi
негiзде соған уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi арқылы әрекет ете отырып, осы
Келiсiмге өз аттарынан қол қоюды және Абу-Дабигеге бес данада ресми берудi
қамтамасыз етті, бұл ретте әрбiр дананың түпнұсқалық күшi бар және
бастапқыда жоғарыда көрсетiлетін күнi мен жылы барлық даналардың бiрдей
заңды әрекетi болады.
Заемшы үшiн Абу-Даби Даму Қоры үшiн
Қазақстан Республикасының
Yкiметi Сайд Салфап М.Аль-Руманти
N 1 кесте
Борышты Біртіндеп Өтеу Кестесі
Қазақстан Республикасындағы Қарағанды - Астана Жолын
Салу Жобасы
-------------------------------------------------------------------------
Жарнаның N ! Жарнаны Төлеудің ! БАЭ Дирхаммен Төлеуге Тиісті
! Негізделген Мерзімі ! Жарнаның Сомасы
-------------------------------------------------------------------------
1. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
2. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
3. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
4. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
5. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
6. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
7. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
8. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
9. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
10. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
11. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
12. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
13. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
14. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
15. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
16. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
17. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
18. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
19. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
20. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
21. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
22. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
23. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
24. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
25. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
26. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
27. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
28. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
29. 2,695,000.00
-------------------------------------------------------------------------
30. 2,651,000.00
-------------------------------------------------------------------------
Жиыны 80,806,000.00
-------------------------------------------------------------------------
(сексен миллион сегіз жүз алты мың БАЭ дирхамы)
-------------------------------------------------------------------------
II Қосымша
1. Жобаны Сипаттау
Жалпы ұзындығы 183 км Қарағанды - Астана жолын салу және қайта
жаңарту. Жолдың өздерін кесіп өтетін аумағында жалпы ұзындығы 43 км төрт
тілімі бар қалаларға жақын учаскелерін қоспағанда, жолдың екі қозғалыс
тілімі бар. Жоба сол сияқты көше қиылыстарын, көпірлерді және дренаждық
құрылымдарды салу мен қайта жаңартуды қамтиды.
2. Тауарлардың Тізімі
-------------------------------------------------------------------------
Құрауыштар !Сомасы БАЭ дирхаммен! Қаржыландыру
! ! %-пен
-------------------------------------------------------------------------
Жолды және басқа да жол
құрылымдарын салуға және қайта
жаңартуға байланысты инженерлік-
құрылыс жұмыстары (дренаж
жүйесі, көпірлер және көше
қиылыстары) 72,725,400 29%
-------------------------------------------------------------------------
Күтпеген шығыстар 8,080,600
-------------------------------------------------------------------------
80,806,000
-------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева А.Ж.