"Атырауқұрылысинвест" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Атырау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 793

      "Атырауқұрылысинвест" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Атырау облысы әкімінің "Атырауқұрылысинвест" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) мүліктік кешен ретінде Атырау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Атырау облысының әкімімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды республикалық меншіктен коммуналдық меншікке қабылдау-беру жөніндегі

 

қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.

     3. Атырау облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында

белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады