Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Z990344_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат, N 23, 931-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Мәтiнде "Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк фитосанитариялық қызметтiң", "Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк фитосанитариялық қызметпен", "Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк фитосанитариялық қызмет", "Мемлекеттiк фитосанитариялық қызмет туралы", "Мемлекеттiк фитосанитариялық қызметтi" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкілетті мемлекеттiк органмен", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган туралы", "уәкiлеттi мемлекеттiк органды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1-бапта:
1) Мынадай мазмұндағы 5-1), 7-1), 9-1), 9-2), 11-1)-тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) карантиндiк сертификат - карантинге жатқызылған өнiмдi iшкi мемлекеттiк тасымалдауға арналған, оның карантиндiк жай-күйiн растайтын құжат;
7-1) фитосанитариялық тәуекелдi бағалау - зиянкестердiң, өсiмдiктердiң ауруларын қоздырушылардың және арамшөптердiң карантиндiк және бөтен тектi түрлерiнiң ықтимал енуi мен таралуына байланысты болатын жағымсыз экономикалық зардаптардың ғылыми негiздемесi;
9-1) Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар - қызметi мемлекеттiк бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру құқығынсыз карантиндiк объектiлердiң ошақтарын анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған Қазақстан Республикасы Yкiметiмен құрылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
9-2) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының аумағында меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың өсiмдiктер карантинiн сақтау жөнiндегi мемлекеттiк карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
11-1) бөтен тектi түр - республиканың флорасы мен фаунасында жоқ, енген жағдайда елеулі экономикалық зиян келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруын қоздырушының және арамшөптің түрі.";
2) 11)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) фумигациялық отрядтар - уәкілетті мемлекеттік органның ұйғарымы бойынша немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруды газбен дезинсекциялау әдiсiмен орындайтын Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың бөлiмшелерi".
3. 5, 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыратын органдар
1. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Yкiметi, уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган туралы ереженi, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ереженi (бұдан әрi - Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi ереже) және олармен күрес республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылатын Карантиндiк объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның және оның аумақтық органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылауды тiкелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен нысанды киiммен қамтамасыз етiледi.
Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар туралы ереженi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн азаматтар өсiмдiктер карантинi жөнiндегi инспектордың лауазымына орналасуға құқылы.
6-бап. Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi
Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiне мыналар енедi:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның шекаралық бекеттерi мен шекарадағы постылары бар аумақтық органдары;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын мемлекеттiк карантиндiк мекемелер - республикалық, аймақтық және шекаралық карантиндiк зертханалар; жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер;
3) фитосанитариялық зертханалары мен фумигациялық жасақтары бар өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар.".
4. 7-бапта:
1) 1-тармақта:
5)-тармақша "аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шығу орнын, сондай-ақ баратын бекетiн ескерiп" деген сөздермен толықтырылсын;
6)-тармақшада:
"көлiк құралдарын" деген сөздерден кейiн залалсыздандыру жөнiндегi iс-шараларды орындау туралы ұйғарым бередi, олардың орындалуын бақылайды."; деген сөздермен толықтырылсын;
7)-тармақшада:
"тексеруден өткiзедi" деген сөздер "тексерудi ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
"карантиндiк объектiлердiң және бөтен тектi түрлердiң жасырын жұғуының болуына арналған" деген сөздермен толықтырылсын;
8)-тармақшада "ұсыныстар" деген сөз "ұсыныстарды ескерiп, ғылыми принциптердiң және фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
9)-тармақшада "фитосанитариялық" деген сөзден кейiн ", карантиндiк" деген сөзбен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 7-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) республикада және шетелдерде карантиндiк объектiлердiң болуы
және таралуы, олармен күрес жөнiндегi шаралар мен іс-шаралар туралы
мәлiметтердiң базасын құрайды;";
3) 3-тармақта:
"қызмет" деген сөз "қызметтiң және оның аумақтық" деген сөздермен
ауыстырылсын;
5. Мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден
қорғауды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметiмен құрылатын
мемлекеттiк карантиндiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың құзыретi
1. Мемлекеттiк карантиндiк мекемелер:
1) зертханалық сараптамаға келген үлгiлердегi карантиндiк
объектiлердiң және бөтен тектi түрлердiң түрлік құрамын айқындайды;
2) себу және егу материалдарындағы жасырын залалдануды анықтайды.
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар:
1) карантиндiк объектiлердiң таралатын ошақтарын анықтайды;
2) карантиндiк объектiлердiң таралатын ошақтарын оқшаулау мен жоюды
жүргізеді;
3) карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруды, соның iшiнде
фумигациялауды жүргiзедi.".
6. 8-бапта:
1) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларының құқықтары";
2) бiрiншi бөлiгiнде:
"лауазымды тұлғаларының" деген сөздер "өсiмдiктер карантині жөнiндегі мемлекеттiк инспекторларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1)-тармақша мына редакцияда жазылсын:
"1) фитосанитариялық, карантиндік сертификаттарсыз тасымалдау кезiнде немесе импорттық каратиндiк рұқсатсыз шет елдерден әкелiнген карантинге жатқызылған өнiмдi тексеру фитосанитариялық сараптама және, қажет болғанда, залалсыздандыру жүргiзу кезеңiне кiдiртiп қоюға;
мына мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) карантиндiк жағынан зерттелмеген мемлекеттерден келетiн карантинге жатқызылған өнiмге қатысты уақытша карантиндiк шаралар қолдануға (енгiзуге);".
7. Мына мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
"9-1-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдарына олардың қызметтiк мiндеттерiн атқару үшін жағдай жасайды;
2) теңiз бен өзен кемежайларының (айлақтарының), темiржол станцияларының, әуежайлардың, пошталық байланыстың кәсiпорындарының, базарлардың, автовокзалдардың (автостанциялардың) және өзге объектiлердiң уәкiлеттi органдарымен немесе иелерiмен карантиндiк іс-шараларын карантиндiк аймақтарда жүргізуді қамтамасыз етедi және ұйымдастырады.".
8. 13-бапта:
1) 2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "фитосанитариялық бекеттер" деген сөздерден кейiн "және постылар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының шегiнен әкетуге Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органының аумақтық органдарымен берiлетiн фитосанитариялық сертификаттары, ал мемлекет iшiнде тасуға - карантиндiк сертификаттары болған жағдайда рұқсат етiледi.";
3) 5-тармақта "залалсыздандыру," деген сөзден кейiн "зертханалық
сараптау," деген сөздермен толықтырылсын.
9. 17-бапта "және өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекетаралық
шарттарда көзделген жұмыстарды орындағаны үшiн карантинге жатқызылған
жүктер иелерiнiң қаражаты, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да
көздер" деген сөздер алып тасталсын.
10. 18-баптың 2-тармағында:
"қызмет органдарының" деген сөздер "қызметтiң және оның аумақтық
органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Жұманазарова А.Б.