Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 маусым N 823

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі N 1173 P961173_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 39, 367-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта және 3-тармақта "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінде", "Қазақстан Республикасының Білім министрлігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі", "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде", "Қазақстан Республикасының Білім министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері белгіленген

 

тәртіппен мемлекеттік орта білім беретін мекемелердің кітапхана қорларын

жаңарту үшін оқулықтарды сатып алу мен жеткізуді қамтамасыз етсін";

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы білім

беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау

мен басып шығарудың мақсатты бағдарламасында:

     "Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару жөніндегі

жұмыс" деген бөлімде:

     3-жолда:

     үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "5-сынып 2001-2002 оқу жылы,

     6-7-сыныптар 2002-2003 оқу жылы,

     8-9-сыныптар 2003-2004 оқу жылы";

     төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "10-11-сыныптар 2004-2005 оқу жылы";

     5-жолда:

     үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "5-сынып 2001-2002 оқу жылы,

     6-7-сыныптар 2002-2003 оқу жылы,

     8-9-сыныптар 2003-2004 оқу жылы";

     төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "10-11-сыныптар 2004-2005 оқу жылы";

     5-1-жолда:

     үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "5-сынып 2001-2002 оқу жылы,

     6-7-сыныптар 2002-2003 оқу жылы,

     8-9-сыныптар 2003-2004 оқу жылы";

     төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "10-11-сыныптар 2004-2005 оқу жылы".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады