Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 қыркүйек N 1173

      Жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн жаңа оқу әдебиетiн дайындау және басып шығару проблемаларының маңыздылығы мен жеделдiгiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу әдiстемелiк кешендерiн дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.30. N 323 қаулысымен.
               P990323_
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi: <*>
      Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу әдiстемелiк кешендерiн дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралардың жоспарын әзiрлесiн;
      конкурстық негiзде жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн басылып шығарылатын оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк әдебиеттерге iрiктеу жүргiзсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. N 823
               қаулысымен. P010823_

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      алғашқы баспалдақтың бiрiншi сыныбы үшiн жаңа оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi жасау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнде 1996 жылға көзделген қаражаттар шегiнде жүргiзсiн; <*>
      1997 жылдан бастап мемлекеттiк бюджеттi бөлген кезде жыл сайын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне Мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн, сондай-ақ мектептiң негiзгi баспалдағының пәндерi бойынша: "Қазақ тiлi", "Қазақ әдебиетi", "Қазақстан тарихы", "Қазақстан жағрафиясы", "Адам және қоғам", "Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқының негiздерi" атты жаңа оқулықтар дайындауға арнап мақсатты жұмсауға қаражат бөлудi көздесiн.
      Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындау мен басып шығару шығыстарын қаржыландыру жыл сайын республика бюджетiнде осы мақсатқа көзделетiн қаржының есебiнен жүзеге асырылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi және абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң

              1999.03.30. N 323 қаулысымен.  

P990323_

 
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. N 823           
              қаулысымен.  

P010823_

 
     4. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері белгіленген 
тәртіппен мемлекеттік орта білім беретін мекемелердің кітапхана қорларын 
жаңарту үшін оқулықтарды сатып алу мен жеткізуді қамтамасыз етсін. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.30. N 323 қаулысымен.
               

P990323_

 
     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. N 823   
              қаулысымен.  

P010823_

 
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 26 қыркүйектегi
                                       N 1173 қаулысымен
                                              Бекiтiлген
           Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн
           мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
             кешендерiн дайындау мен басып шығарудың
                      мақсатты бағдарламасы


      Қазiргi кездегi мемлекеттiк бiлiм беру саясатын жүзеге асыру бiлiм мазмұны мен оқытудың барлық әдiстемелiк жүйесiн жалпы орта бiлiмнiң жалпыға бiрдей мiндеттi стандартына сәйкес қайта қарауды талап етедi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң жаңа буындарын жасамайынша және оларды мектепке енгiзбейiнше қоғамның бiлiм беру жүйесiне қоятын әлеуметтiк тапсырысын жүзеге асыру мүмкiн емес.
      Жалпы бiлiм беретiн мектептiң құрылымы бастауыш, негiзгi және жоғары сатылы болатын жаңа моделi жыл сайын бiр-бiр сыныптан бiртiндеп енгiзiледi. Бұл, бiр жағынан, оны енгiзу механизмiнiң маңызды буыны жалпы бiлiм беретiн мектептiң барлық сатылары және пәндерi бойынша жалпыға бiрдей мiндеттi стандартқа сәйкес жаңа оқулықтар мен олардың оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасау, дайындау мен басып шығаруды жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Екiншi жағынан, республика мектептерiн жаңа модельге кезең-кезеңмен көшiру, оқу әдебиеттерiн дайындау мен басып шығаруды қаржылық қамтамасыз ету проблемасын шешуге мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындау мен басып шығарудың ғылыми негiзделген Мақсатты бағдарламасы (бұдан әрi - Мақсатты бағдарлама) басқару органдарының, ғылыми-зерттеу, педагогикалық және авторлық ұжымдардың, баспалардың оларды әзiрлеу, басып шығару және Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн және басқа типтi мектептерiне енгiзу жөнiндегi қызметiнiң стратегиясын айқындау мен оны үйлестiрудегi негiзгi құжат болып табылады.
      Бұл Мақсатты бағдарламаның негiзгi мақсаты пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi әзiрлеу, оқушылардың бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң базалық деңгейiн қамтамасыз ететiн, пәндер бойынша оның құрамдас бөлiгi болып табылатын бiлiм тұжырымдамаларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар, оқу және әдiстемелiк құралдарды, тексеру тапсырмаларының жүйесiн жасау болып табылады. Мақсатты бағдарламаның тағы бiр маңызды құраласы әдебиеттердi сапалы басып шығару, оларды мектептерге уақтылы жеткiзу және оқу процесiне енгiзу болып табылады.
      Бұл мақсатқа жету мынадай негiзгi мiндеттi орындау арқылы қамтамасыз етiледi.

          Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасау
             және оларды бiлiм беру жүйесiне енгiзу

      Негiзгi мiндеттер:
      оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң тұжырымдық негiздерiн айқындау және сипаттау, олардың негiзгi мектептерге арналған құрамы мен құрылымын ашу, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу;
      негiзгi мектептер, пәндердi тереңдетiп оқытатын мектептер,

бағдарлы мектептер үшiн оқу және вариативтi бағдарламаларды
негiздеу және сипаттау;
     мектептер, пәндердi бағдарлы тереңдетiп оқытатын лицейлер,
гимназиялар үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасау;
     конкурстық негiзде дайындалған оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
кешендерiн эксперименттiк сынақтан өткiзу және оларға түзетулер
енгiзу;
     оқу процесiне жаңа оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi
енгiзу.
__________________________________________________________________
 N |   Жұмыс мазмұны                     |       Мерзiмi
р/с|                                     |_________________________
   |                                     |басталуы  |   аяқталуы
___________________________________________________________________
 1 |               2                     |    3     |      4
___________________________________________________________________
1.  Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
    кешендердi жасау, сараптау және оларды
    бiлiм беру жүйесiне енгiзу жұмысын
    реттейтiн құжаттарды әзiрлеу             1996ж.       1997 ж.
2.  Жалпы орта бiлiмнiң жалпы мiндеттi
    стандартының негiзiн құрайтын
    тұжырымдық, нормативтiк және
    әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу           1999 ж.      1999 ж.
<*>

3.  Мектеп сатылары бойынша оқу
    бағдарламаларын әзiрлеу:
    бастауыш                                 1999 ж.
<*>

    негiзгi                                  1999 ж.
<*>
    1999 ж.
<*>

    жоғары                                   1999 ж.
<*>
    1999 ж.
<*>

4.  Мектеп сатылары бойынша жалпы бiлiм
    беретiн мектептер үшiн оқулықтары мен
    оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң
    макетiн әзiрлеу:
<*>

    бастауыш                                 1996 ж.      1999 ж.
<*>

    негiзгi                                  1999 ж.
<*>
   2000 ж.
<*>

    жоғары                                   2000 ж.
<*>
   2001 ж.
<*>

5.  Мектеп сатылары бойынша жалпы бiлiм
    стандартына сәйкес тексеру
    тапсырмаларының жүйесiн дайындау:
    бастауыш                                 1996 ж.      1999 ж.
<*>

    негiзгi                                  1999 ж.
<*>
   2000 ж.
<*>

    жоғары                                   1999 ж.      2001 ж.
<*>

6.  Мектеп сатылары бойынша оқу
    бағдарламаларын,
    оқулықтары мен оқу-әдiстемелiк
    кешендерiн орыс және ұйғыр,
    өзбек тiлдерiне аудару:
<*>

    бастау                                   1996 ж.      1999 ж.
<*>

    негiзгi                                  1999 ж.
<*>
   2000 ж.
<*>

    жоғары                                   2000 ж.      2001 ж.
<*>

7 - 11
<*>

             Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi
                    басып шығару және тарату
     Негiзгi мiндеттер:


      оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi баспаға дайындаудың

ережесiн айқындау, баспаларды таңдап алу және олармен келiсiмдер
жасасу;
     тұрақты оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердiң қолжазбаларын
кезеңдiк және қорытынды сараптаудан өткiзу;
     баспа, баспахана мекемелерiнде қолжазбалардың бекiтiлген ретпен
өтуiн дер кезiнде қадағалау;
     оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi басып шығару;
     мектептердi баспадан шығарылған оқулықтармен және
оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
__________________________________________________________________
 N |   Жұмыс мазмұны                     |       Мерзiмi
р/с|                                     |_________________________
   |                                     |басталуы  |   аяқталуы
___________________________________________________________________
 1 |               2                     |    3     |      4
___________________________________________________________________
          Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi басып
                    шығару жөнiндегi жұмыс
1.  Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
    кешендердiң макеттерiн басып шығаруға
    дайындауды реттейтiн және баспалар мен
    баспаханалардан өту тәртiбiн
    қадағалайтын құжаттар әзiрлеу            1996 ж.     2000 ж.
<*>

2.
<*>

3. Оқу жылдары бойынша оқулықтар мен
     оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару
     және оларды көбейту жоспарын дайындау:
     6-сынып                           2000-2003 оқу жылы,
     7-сынып                           2003-2004 оқу жылы,
     8-сынып                           2004-2005 оқу жылы,
     9-сынып                           2005-2006 оқу жылы,
     10-сынып                          2006-2007 оқу жылы,
     11-сынып                          2007-2008 оқу жылы. 
<*>

4.
<*>

5. Оқу жылдары бойынша оқулықтар
     мен оқу-әдістемелік кешендерді аймақтық
     орталықтарға жеткізу:      
     6-сынып                           2002-2003 оқу жылы,
     7-сынып                           2003-2004 оқу жылы,
     8-сынып                           2004-2005 оқу жылы,
     9-сынып                           2005-2006 оқу жылы,
     10-сынып                          2006-2007 оқу жылы,
     11-сынып                          2007-2008 оқу жылы. 
<*>

5-1. Оқу жылдары бойынша
     оқулықтар мен оқу-әдістемелік
     кешендерді білім беру жүйесіне
     енгізу:
     6-сынып                           2002-2003 оқу жылы,
     7-сынып                           2003-2004 оқу жылы,
     8-сынып                           2004-2005 оқу жылы,
     9-сынып                           2005-2006 оқу жылы,
     10-сынып                          2006-2007 оқу жылы,
     11-сынып                          2007-2008 оқу жылы. 
<*>

6.
<*>

7.  Мектеп сатылары бойынша жалпы бiлiм
    беретiн мектептер мен басқа оқу
    орындарын оқулықтармен
    және оқу-әдiстемелiк кешендермен
    қамтамасыз ету:
<*>

    бастауыш                                 1998 ж.     1999 ж.
    негiзгi                                  2000 ж.
<*>
  2001 ж.
<*>

    жоғары                                   2001 ж.
<*>
  2002 ж.
<*>

     ЕСКЕРТУ. Бағдарлама өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.30. N 323
              қаулысымен.  

P990323_

  
     ЕСКЕРТУ. Бағдарлама өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. N 823         
              қаулысымен.  

P010823_

 
     ЕСКЕРТУ. Бағдарлама өзгердi - ҚР Үкіметінің 2002.04.26. N 475         
              қаулысымен.  

P020475_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады