Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 844

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана - жаңа қала" арнайы

экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы

Президентінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


              Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы


     "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы



 
       Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы

 

арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы

N 2823 


Z962823_


  Жарлығына сәйкес қаулы етемін:

     1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы 2007 жылға дейінгі

кезеңге құрылсын.

     2. Қоса беріліп отырған "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық

аймағы туралы" ереже бекітілсін.

     3. Осы Жарлық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


                                            Қазақстан Республикасы

                                                 Президентінің

                                           2001 жылғы "___"_______

                                              N _____ Жарлығымен

                                                  бекітілген


         "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы

                                 Ереже


 
       Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күшi бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығына сәйкес әзiрлендi және "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық негiздерiн, экономикалық шарттары мен принциптерiн белгiлейдi.
 
                         1. Жалпы ережелер
 
      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауында, Астана қаласы аумақтық шекарасының шегiнде, қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.
      АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағы 1052,6 гектарды құрайды.
      2. АЭА Есiлдiң сол жағалауын құрылысқа инвестицияларды тарту және озық технологияларды пайдалану, сондай-ақ қазiргi заманғы инфрақұрылымды жасау арқылы жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
      3. АЭА Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күшi бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Жарлығының, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың ерекше құқықтық режимiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде өзге де заңнаманың негiзiнде жұмыс істейдi.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше ереже белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережесi қолданылады.
      4. АЭА-ның аумағында ерекше құқықтық режим белгiленедi.
 
          2. АЭА-ны басқару және атқарушы органның өкiлеттiгi
 
      5. Аумағында АЭА орналасқан Астана қаласының әкiмияты АЭА-ны басқаруды жүзеге асырады.
      6. Астана қаласының әкiмияты:
      АЭА-ны дамытудың стратегиясы мен бағдарламасын әзiрлеудi және іске асыруды жүзеге асырады;
      АЭА-ның аумағындағы мемлекеттiк және өзге де органдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
      АЭА-ны дамыту және оны құрудағы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн отандық

 

және шетелдiк инвестициялардың, сондай-ақ несиелiк қаражаттардың тартылуын

жүзеге асырады;

     Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де

өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

     7. Жергіліктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге

асыру үшiн Астана қаласының әкiмi жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын

атқарушы орган құруға құқылы.

                   3. АЭА-ның аумағындағы салық салу

     8. АЭА-ның аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық

заңнамасымен реттеледi.

                          4. Кедендік реттеу

     9. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес

еркiн кеден аймағының кедендiк режимi қолданылатын Қазақстан

Республикасының аумағы ретiнде қаралады. АЭА-ның шекаралық шегi арнайы

қоршаумен жабдықталады.

     10. АЭА-ның аумағында кедендiк ресiмдеу және бақылау кеден

заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

        5. АЭА-ның аумағында шетелдiк азаматтардың болу тәртiбi

     11. АЭА-ның аумағында шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ

тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының келуi, кетуi, транзитi

мен аймақта болуына Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан

Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдерде белгiленген тәртiп

қолданылады.

                        6. Қорытынды ережелер

     12. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.

     13. АЭА өзі құрылған мерзім аяқталғаннан кейін таратылады.

     14. АЭА Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан

Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996

жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығында көзделген негіздер бойынша

таратылады.

     15. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату

туралы шешім қабылдаған жағдайда, тарату рәсімі заңнамада көзделген

тәртіппен жүргізіледі.


     (Кестені орысша құжаттан қараңыз)


                 План границ специальной экономической зоны

                            "Астана - новый город"


     Участок N 1

     Жилой квартал из четырех 16-этажных зданий

     Участок N 2

     Административно-деловой центр


     Участок N 3

     Конно-спортивный комплекс


     Участок N 4

     Комплекс деловых, торговых, банковских, жилых и бытовых объектах


     Участок N 5

     Этно-парк с центром досуга и развлечений


     Участок N 6

     Станция по очистке стоков ливневой канализации


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады