Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 498 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережені, азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 P990620_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 20-21, 214-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережеде:
2-тармақтың екінші абзацындағы "15)," және "16)," деген сандар алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Оралмандардың сот шешімі бойынша қалпына келтірілген азаматтық хал актілері жазбаларын тіркеу сот шешімі шығарылған орын бойынша жүргізіледі";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерде:
18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Екі айлық мерзім өткеннен кейін тууын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша, аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі";
171-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту мынадай дәлелді себептер болған
кезде жүргізіледі:
1) тегінің, атының, әкесінің атының қолайсыз айтылуы;
2) тегінің, атының, әкесінің атының айтылу қиындығы;
3) егер некені тіркеу кезінде некеге дейінгі тегінде қалса, зайыбының
ерімен ортақ тегін алғысы келуі;
4) егер некені бұзу кезінде бұл туралы өтініш берілмесе, некеге
дейінгі тегін алғысы келуі;
5) кейінгі неке бұзылмайтын жағдайларда, бұрынғы некеден туған
балаларымен ортақ тегін алғысы келуі;
6) егер ері қайтыс болса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
7) егер ері қайтыс болса, ал өтініш беруші некеге дейінгі тегінде
болса, балаларымен ортақ тегін алғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ұлтқа сәйкес келетін немесе ата-аналарының
бірінің (ата-аналарының ұлттары әр түрлі болған кезде) тегін және/немесе
атын алғысы келуі;
9) өмірде шын мәнісінде қалыптасқан, құжаттағы атынан өзгеше атты
алғысы келуі;
10) егер некеге тұрған кезде ерінің тегі қабылданған болса, некеге
дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының аты бойынша тегін
алғысы келуі.";
173-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын өзгерту себептерін
түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлі өмірбаяны";
178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қажет болған кезде АХАЖ органы өтініш берушіден және тиісті
мекемелерден қосымша мәліметтер немесе құжаттарды талап етеді және алынған
материалдар негізінде өтініштің мазмұны, тегін, атын, әкесінің атын
өзгертудің негізділігі айтылатын қорытынды жасайды. Қорытынды екі данада
жасалады және барлық материалдармен бірге аумақтық әділет органына бекіту
үшін жіберіледі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.