"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жариялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 маусым N 860

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жариялау туралы" Қазақстан Республикасының Z010173_ Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z952235_ 49-бабында аталған жеке тұлғалардың 1995-2000 жылдардағы табыс туралы декларациялары және кірістері мен мүліктері туралы мәліметтер және декларацияларға қосымша ретіндегі өзге де растайтын құжаттар, сондай-ақ оларды тіркеу жөніндегі журналдар (бұдан әрі - декларациялар) жарамсыз және 2001 жылғы 1 шілдеден бастап 1 тамызға дейін жойылуға тиіс деп саналсын.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      комиссиялардың төрағалары ретінде өздерінің орынбасарларын белгілеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің, ішкі істер органдарының, салық органдарының қызметкерлері арасынан декларацияларды жою жөніндегі комиссияларды (бұдан әрі - комиссиялар) құрсын;
      оларды жоюды ұйымдастыру үшін аудандар мен қалалардан облыс орталықтарына, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларына декларацияларды орталықтандырылған жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Комиссиялар Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттік белгілеген тәртіппен декларацияларды жоюға арналған орындарды белгілесін және барлық қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі облыстық салық органдары арқылы декларацияларды жинауды және комиссияларға тапсыруды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі құпия құжаттарды (декларацияларды) жою жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдер талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп 2 күндік мерзімде осы қаулының 1-тармағын іске асырумен байланысты

 

шығыстарға арналған ақша қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және

жариялануға тиіс.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады