Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 шілдедегі N 916 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 745 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.15  N 745  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326  P010326_  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесінде: 
      10-тармақта: 
      1) тармақшадағы "аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше)" деген сөздерден кейін "сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлар жөніндегі жергілікті органдарға" деген сөздермен толықтырылсын; 
      13-тармақтың бірінші абзацындағы "зардап шегушінің өкілдерінің қатысуымен" деген сөздер "жұмыс берушінің және зардап шегушінің өкілетті өкілдерінің қатысуымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор енгізіледі. 
      Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Мұндай жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады"; 
      27-тармақта: 
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезіндегі тексеру барысында жұмыс беруші, қызметкер және мемлекеттік еңбек инспекторы не төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арасында тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша келіспеушіліктерді тиісті инспекцияның бағыныстылығына қарай бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі бас мемлекеттік еңбек инспекторы қарайды не сот тәртібімен қаралады"; 
      үшінші абзацтағы "мемлекеттік" деген сөзден кейін "(мемлекеттік)" деген сөз алынып тасталсын; 
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Егер мемлекеттік еңбек инспекторының пікірі комиссия мүшелері көпшілігінің пікірімен келіспесе, онда ол актіге "қорытындыны қара" деген ескертпемен қол қоюға міндетті. Ол өзінің дәлелді қорытындысын (4-қосымша) тексеру материалдарына енгізеді. 
      Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор жазатайым оқиғаға ықпал еткен себептер жөніндегі өзінің келіспеушілігін арнайы тексеру материалдарына қоса берілетін техникалық қорытынды түрінде ресімдейді"; 
      33-тармақта: 
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жұмыс беруші жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісінің материалдарын мемлекеттік еңбек инспекторына (2-қосымша), сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде бір данасын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторға тапсырады"; 
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Топтық жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісінің материалдары бір-бір данадан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі орталық атқарушы органға жіберіледі"; 
      36-тармақ "меминспекторына" деген сөзден кейін "сондай-ақ қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторға" деген сөздермен толықтырылсын; 
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тексерілуін және есепке алынуын, сондай-ақ осы жағдайлардың пайда болу себептерін жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды, бұрмалаушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұрмалаушылықтарды жою туралы меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар орындауы үшін міндетті нұсқамалар беретін мемлекеттік еңбек инспекторлары, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторлар өз құзыреті шеңберінде азаматтардың шағымдарын, өтініштерін, арыздарын тексеру және ұйымдарды зерттеу арқылы жүзеге асырады.
      Мемлекеттік еңбек инспекторларының немесе төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Шағым жасау берілген нұсқамалардың орындалуын тоқтатпайды".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады