Қазақстан Республикасы Президентінің "2001 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2001 жылғы 11 маусым N 628 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 шілде N 927

      Қазақстан Республикасы Президентінің "2001 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2001 жылғы 11 маусым N 628 U010628_ Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері өзінің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып келе алмайтын оралмандардың (репатрианттардың) көшіп келу квотасына енгізілген ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде оралуын қамтамасыз етсін, сондай-ақ оларды қоныстанатын жерлерде қабылдауды және жайластыруды осы мақсатқа арнап көзделген республикалық бюджеттің ақша қаражаты негізінде жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен бірлесіп:
      1) дипломатиялық арналар арқылы тиісті мемлекеттердің үкіметтеріне оралмандардың (репатрианттардың) шығуы мен транзиттік жүріп өтуі және шығатын мемлекеттердің шекаралары арқылы өтуі кезінде оларға жәрдем көрсету мәселелері жөнінде өтініш жасасын;
      2) тарихи отанына оралуға тілек білдірген отандастарымыздың азаматтық және мүліктік құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді шет мемлекеттердің тиісті органдарымен пысықтасын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері оралмандардың (репатрианттардың) отбасыларын жинақы қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне бір ай мерзімде аудандардың, елді мекендердің тізбесін табыс етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) қажет болған жағдайда шет мемлекеттерден келетін оралмандарға (репатрианттарға) шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшін уақытша бақылау-өткізу қосындарын ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оралмандардың (репатрианттардың) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша баратын жолында және қоныстанатын жерлерінде жеке басының және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі

 

агенттігі мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп Қазақстан

Республикасының Үкіметіне 2002 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде осы

қаулының орындалуы туралы ақпаратты табыс етсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады