Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 шілде N 966. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14. N 807 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14.   N 807  Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477  P980477_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 15, 134-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде: 
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: 
      "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін"; 
      2-тармақта "5 сыйлық санында" деген сөздер "6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      7-тармақтың екінші абзацы "Комиссия" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ережеде: 
      3-тармақтың үшінші абзацы "және" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 
     7-тармақта: 
     бірінші абзацтың екінші сөйлемінде "Мемлекеттік сыйлықтар" деген сөздер "жеке бір Мемлекеттік сыйлық" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     үшінші, төртінші және бесінші абзацтарда "бес" деген сөздер "алты" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.      

     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады