"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 шілде N 986

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының

Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы

келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                          Жоба


                      Қазақстан Республикасының Заңы


      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының     

     Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы   

                          келісімді бекіту туралы


     2000 жылғы 7 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы

азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті



        Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы      

           Үкіметінің арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының

                               шарттары туралы

                                   Келісім


     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Өзбекстан Республикасының Үкіметі,


 
       Ташкент қаласында 1998 жылғы 31 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың Z990388_ ережелерін басшылыққа ала отырып,
      екі мемлекеттің азаматтарының өзара сапарларының тәртібін реттеуге

 

ұмтылыс білдіре отырып,

     төмендегілер туралы келісті:


                              1-бап


     Бір Тарап мемлекеттің азаматтары N 1 және N 2 қосымшаларда аты аталып

шыққан жарамды құжаттар, осы Келісімде көзделген шарттар бойынша екінші

Тарап мемлекеттің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге және уақытша

болуға құқылы.


                              2-бап



 
       Ұлттық паспорттардың иегерлері болып табылатын Тараптар мемлекеттердің азаматтары екінші Тарап мемлекеттің аумағына 5 (бес) тәулікке дейін тіркеусіз (уақытша тіркелімсіз) келеді және онда уақытша болады.
      5 тәуліктен ұзақ мерзімде болу мәселесін ұзартуды Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес ішкі істер органдары жүзеге асырады.
      Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына екінші Тарап мемлекеттің аумағына келу кезінде Тараптардың шекаралық қызметтері кету кезінде қайтарылуға жататын көші-қондық бақылау карточкаларын береді.
      Екінші Тарап аумағына теміржол көлігімен келген азаматтар ішкі істер органдары беретін көші-қондық бақылау карточкалары негізінде 5 (бес) тәулікке дейін тіркеусіз (уақытша тіркелімсіз) бола алады.
 
                               3-бап
 
      Көші-қондық бақылау карточкаларын ресімдеу және тіркеу (уақытша тіркелім) рәсімінен:
      а) бас декларацияда (ұшу тапсырмасы) жазба болған жағдайда және жарамды ұлттық паспорты бойынша азаматтық авиацияның әуе кемелері экипаждарының мүшелері;
      б) кемелік рөлде жазба және одан көшірме болған кезде жарамды ұлттық паспорттар бойынша теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері;
      в) жарамды ұлттық паспорты және әрбір рейске бекітілетін атаулы тізімдер, бағыттық парақтар бойынша жолаушылық, поездардағы рефрижераторлық және локомотивтік бригадалардың қызметшілері және Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша темір жол көлігімен өткізілетін жүктермен бірге жүретін адамдар;
      г) жарамды ұлттық паспорты және Тараптардың құзыретті органдары беретін тиесілі құжаттар бойынша үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері;
      д) алдын ала уағдаластыққа сәйкес жарамды ұлттық төлқұжаттары және іссапарлық куәліктер (ұйғарымдар) болған кезде қызметтік куәліктер бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері (Тараптар мемлекеттері құқық қорғау органдарының тізбесі дипломатиялық арналар бойынша анықталатын болады);
      е) Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік ресми және үкіметтік делегацияларының мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар;
      ж) Тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық паспорттарының иелері;
      з) Тараптардың дипломатиялық өкілдіктерінің және консулдық мекемелерінің, Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын Тарап мемлекеттерінің дипломатиялық паспорттарының иелері және олардың отбасы мүшелері;
      и) Тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің әкімшілік-техникалық қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері босатылады.
      Осы баптың "з" және "и" тармақтарында көрсетілген адамдар Тараптардың Сыртқы істер министрліктерінде тіркеледі.
 
                               4-бап
 
      1. Бір Тараптың екінші Тарап мемлекеттің аумағында орналасқан мемлекеттік объектілеріне қызмет ететін Тараптар мемлекеттерінің қызметтік міндеттемелерін орындау үшін осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына келетін, кететін және болатын азаматтары көші-қон бақылау кәртішкелерін ресімдеуден босатылады.
      2. Көрсетілген адамдарды шекара арқылы өткізу ұлттық құжаттар және

 

келісілген тізімдер бойынша қызметтік куәліктер негізінде жүзеге

асырылатын болады.

     3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілердің тізбесі осы

Келісімге қол қойылған күнінен бастап 30 (отыз) күннің ішінде

дипломатиялық арналар бойынша ноталармен алмасу арқылы айқындалатын болады.


                              5-бап


     Екінші Тарап мемлекетінің аумағы арқылы темір жол көлігімен

транзитпен жүріп өтетін Тараптар мемлекеттерінің азаматтары осы Тарап

мемлекетінің аумағынан ұлттық төлқұжат және темір жол билеттері бойынша

көші-қондық бақылау кәртішкелерін ресімдеусіз келеді және кетеді.


                              6-бап


     Көші-қондық бақылау кәртішкелерін беру және ұзарту үшін алымдардың

тарифтерін Тараптар дипломатиялық арналар бойынша осы Келісімінің ажырамас

бөлігі болып табылатын ноталар алмасу арқылы келісетін болады.


                              7-бап


     Тараптар өзара құрмет негізінде көші-қондық бақылау кәртішкелерін

ресімдеу және ұзарту үшін мынадай адамдарды:

     а) Тараптардың арасындағы шарттарға сәйкес ғылым, техника, білім

беру, мәдениет, өнер және спорт салаларындағы алмасу тәртібімен

жүретіндерді;

     б) екінші мемлекеттің аумағындағы оқу орындарында оқитындарды;


 
       в) Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, оларға теңестірілген адамдарды, тиісті куәліктерді көрсету бойынша 1 және 2-топтағы мүгедектерді, сондай-ақ 60 жастан асқан азаматтарды;
      г) 16 жасқа дейінгі балаларды алымдардан босататын болады.
 
                               8-бап
 
      Адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды, жүктерді, өзге де мүлікті және малдарды шекара арқылы өткізу Тараптардың келісімі бойынша белгіленетін өткізу бекеттерінде жүзеге асырылады.
      Өткізу бекеттерінде шекаралық, кедендік, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық және бақылаудың өзге де түрлері жүргізіледі.
      Өткізу бекеттері:
      а) Тараптардың және басқа да мемлекеттердің адамдарын, көлік құралдарын, тауарларын, жүктерін, өзге де мүліктері мен малдарын өткізуді жүзеге асыратын халықаралық өткізу бекеттеріне;
      б) Тараптар мемлекеттерінің адамдарын, көлік құралдарын, тауарларын, жүктерін, өзге де мүліктері мен малдарын өткізуді жүзеге асыратын екі жақты;
      в) Тараптар мемлекеттерінің адамдарын, көлік құралдарын өткізуді жүзеге асыратын оңайлатылған өткізу бекеттеріне бөлінеді.
      Оңайлатылған өткізу бекеттері мен олардың жұмыс тәртібі Тараптар мемлекеттерінің кеден қызметтерінің келісімі бойынша белгіленеді.
      Тараптар халықаралық және екі жақты өткізу бекеттерінің тізбелерімен дипломатиялық арналар бойынша алмасады.
 
                               9-бап
 
      Тараптардың келісімі бойынша өзіне олардың жұмыс уақытын, жұмыс режимі адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды, жүктерді, өзге де мүліктер мен малдарды өткізу тәртібін қамтитын Тараптар мемлекеттері өткізу бекеттерінің белгіленеді.
      Өткізу бекеттері жұмысының режимін ұйымдастыру және оның сақталуын бақылау Тараптар мемлекеттерінің шекаралық және кедендік қызметтеріне жүктеледі.
 
                               10-бап
 
      Тараптардың шешімі бойынша ерекше жағдайларда (эпидемиялар, эпизоотиялар, табиғи апаттар және т.с.с.) Тараптар адамдарды, көлік құралдарын, тауарларды және жүктерді, өзге де мүлікті және малдарды шекара арқылы өткізуді уақытша тоқтата алады.
      Бұл ретте осындай шараларды қабылдаушы Тарап алдын ала, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей екінші Тарапты осындай шаралардың қабылданғаны және олардың күшін жойғаны туралы хабардар етеді.
 
                               11-бап
 
      Тараптар мемлекеттерінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезінде осы Тарап мемлекетінің заңдары мен ережелерін, оның ішінде шетелдік азаматтар үшін белгіленген тіркеу (уақытша тіркелім), болу және жүріп-тұруының ережелерін сақтауы тиіс.
      Осы Келісім Тарап мемлекеттерінің екінші Тарап мемлекеті азаматының келуінен бас тарту немесе болу мерзімін шектеу құқығын білдірмейді.
 
                               12-бап
 
      Тараптардың әрқайсысы егер бұл мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау немесе халықтың денсаулығын қорғау үшін қажет болса, осы Келісімнің күшін толық немесе ішінара уақытша тоқтатуға құқығы бар.
      Мұндай шараларды қабылдау немесе кейінге қалдыру туралы Тараптар алдын ала, бірақ шешім қабылданған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.
 
                               13-бап
 
      Тараптар мемлекеттері жаңа құжаттарды қолданысқа енгізген жағдайда, Тараптар олардың қолданысқа енгізілуіне дейін кем дегенде 1 (бір) ай бұрын дипломатиялық арналар бойынша осы құжаттардың үлгілерімен алмасады.
      Тараптар мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктері шетел азаматтарының келуінің, кетуінің, болуының тәртібіне қатысты қолданыстағы заңдар туралы ақпаратпен және осы саладағы басқа да ақпаратпен алмасатын болады.
 
                               14-бап
 
      Тараптар, қажетіне қарай, осы Келісімнің орындалуына байланысты

 

мәселелерді талқылау үшін консультациялар өткізетін болады.

     Осы Келісімнің ережелерін орындау немесе қолдану барысында туындаған

кез келген келіспеушіліктер немесе даулы мәселелер Тараптар арасындағы

келіссөздер жолымен шешілетін болады.


                              15-бап


     Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып

табылатын және осы Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін

жекелеген хаттамалармен ресімделеді.


                              16-бап


     Осы Келісім Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа

халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерге ықпал

етпейді.


                              17-бап



 
       Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді

 

Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен

бастап күшіне енеді.

     Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптан оның күшін тоқтату ниеті

туралы жазбаша хабарлама алған күнінен алты ай өткенге дейін күшінде

болады.


     Астана қаласында, 2000 жылғы 7 шілдеде әрқайсысы қазақ, өзбек және

орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші

бірдей.

     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған

жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының            Өзбекстан Республикасының

           Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін




                                 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен    



                                 Өзбекстан Республикасының Үкіметі        

                                 арасындағы Азаматтардың өзара            

                                 сапарларының шарттары туралы келісімге

                                 N 1-қосымша



 
 
                 Қазақстан Республикасы азаматтарының
              Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша
           келуі, кетуі және жүріп-тұруы үшін құжаттардың
                               тізбесі
 
      1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты.
      2. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.
      3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      4. Әуе кемесінің экипажы мүшелерінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).
      5. Қазақстан Республикасына оралу үшін куәлік.
      6. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жеке куәлігі.
 

                                 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен    



                                 Өзбекстан Республикасының Үкіметі        

                                 арасындағы Азаматтардың өзара            

                                 сапарларының шарттары туралы келісімге

                                 N 2-қосымша



 
 
                 Өзбекстан Республикасы азаматтарының

 

             Қазақстан Республикасының аумағы бойынша

          келуі, кетуі және жүріп-тұруы үшін құжаттардың

                              тізбесі


     1. Өзбекстан Республикасының дипломатиялық паспорты.

     2. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты.

     3. Әуе кемесінің экипажы мүшелерінің куәлігі (экипаждың құрамында

жүруі кезінде).

     4. Өзбекстан Республикасына оралу үшін куәлік.

     5. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жеке куәлігі.



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады