Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шартты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 27 мамыр N 388-І


      Ташкентте 1998 жылғы 31 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы 
мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарт 
бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті
     
     
             Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы
                    арасындағы Мәңгілік достық туралы
                               Шарт 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 1, 2-құжат)
     (2000 жылғы 17 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
          Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 93 бет) 
    


      Бұдан былай Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар арасындағы бауырластық, достық және ізгi көршiлiк қарым-қатынастарды нығайту екi мемлекет халықтарының да түбiрлi мүдделерiне жауап бередi деп санай отырып,
      БҰҰ Жарғысының, Хельсинки Қорытынды Актiсiнiң және ЕҚЫҰ-ның шеңберiнде қабылданған басқа да құжаттардың принциптерi мен мақсаттарына өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
      екi елдің экономикалық ынтымақтастығын тереңдету, оны одан әрi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу, барлық меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында тiкелей байланыстар орнату қажет деп пайымдай отырып,
      ғасырлардан жеткен тарихи тамырластығы мен ортақ мәдениетi, тiлi мен дәстүрi бар қазақ және өзбек халықтарының дәстүрлi достығының рухында қазiргi бар жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынастарын одан әрi дамыту мен нығайту мақсатында,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

                          1-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бауырлас және достас мемлекеттер ретiнде өз қарым-қатынастарын теңдiк, өзара түсiнiстiк, жан-жақты ынтымақтастық әрi өзара сенiм бiлдiру негiзiнде құрады.

                          2-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тәуелсiздiктi, егемендiктi, аумақтық тұтастықты, екi мемлекет шекараларының мызғымастығын, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау принциптерiн, теңдiктi және өзара тиiмдiлiктi құрмет тұту негiзiнде өз қарым-қатынастарын белсендi түрде дамытуға бекем бел байлап отырғандарын қуаттады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қазiргi бар әкiмшiлiк-аумақтық шекараны мемлекеттiк шекараның негiзi ретiнде таниды және бiрлескен шекара режимiнiң барлық мәселелерiн ресiмдеу мақсатында бiрлескен комиссияны құрады.

                               3-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мемлекетаралық қатынастарда күш қолданудан немесе күшпен қорқытудан бас тартатын мiндеттемесiн қуаттайды, әскери одақтарға кiрмеуге немесе қандай да бiр мемлекеттер топтастығына, сондай-ақ екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы бағытталған iс-қимылға қатыспауға мiндеттенедi.
      Егер Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң пiкiрi бойынша үшiншi мемлекеттер тарапынан қарулы шабуыл қаупiн бiлдiретiн жағдай туындаса, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бейбiт жолмен реттеуге жәрдемдесетiн шаралар қабылдау мақсатында екi жақты негiзде де, сондай-ақ өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберiнде де бiр-бiрiмен кiдiрiссiз тиiстi консультациялар өткiзедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз аумақтарын, коммуникация жүйелерiн және басқа да инфрақұрылымын екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы қарулы шабуылды немесе өзге де дұшпандық әрекеттi әзiрлеу немесе жүзеге асыру мақсатында үшiншi мемлекеттердiң пайдалануына жол бермеуге мiндеттенедi.

                           4-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тәуелсiздiк пен егемендiкке, аумақтық тұтастыққа төнген қауiп-қатердің алдын алу және тәуелсiз саясат жүргiзу мәселелерiнде екi жақты ынтымақтастықты дамытып, бiр-бiрiне жан-жақты қолдау көрсететiн болады.

                           5-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Орталық Азиядағы бейбiтшiлiктi нығайту, халықаралық тұрақтылық пен қауiпсiздiктi арттыру мақсатында өзара iс-қимыл жасайтын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫIҰ-ның бiтiмгершiлiк рөлдерiн күшейтуге және Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың мүдделерiне ықпал ететiн аймақтық жанжалдарды және өзге де жағдайларды реттеу тетiктерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесетiн болады, қажет болған жағдайда бiрлескен немесе келiсiлген iс-қимылды жүзеге асыру мақсатында аталған салалардағы өздерiнiң көзқарастарын үйлестiрiп отырады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн мәселелер бойынша тұрақты негiзде консультациялар өткiзедi.

                           6-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң аумағында тұрып жатқан екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың азаматтарына олардың ұлттық тегiне, дiни сенiмiне немесе өзге де ерекшелiктерiне қарамастан адам құқығы туралы халықаралық нормаларға сәйкес саяси, әлеуметтiк, экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтарына кепілдiк бередi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Өзбекстан Республикасының аумағында тұрып жатқан қазақтардың, Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан өзбектердiң ұлттық мәдениетi мен тiлiн сақтау әрi дамыту құқықтарын қамтамасыз етедi, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастықты дамытады.

                              7-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экономикалық ынтымақтастықтың барлық салаларында бiр-бiрiне мейлiнше қолайлы жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды және осы ынтымақтастықты жүзеге асыру жөнiндегi жағдайды нашарлатуға бағытталған шараларды қабылдамайтын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа оның құқығы мен заңды мүдделерiне ықпал етуi мүмкiн экономикалық шешiмдер туралы алдын ала хабарлайды және екiншi Уағдаласушы Тараптың экономикалық жағдайына керi әсер ететiн шараларды жүзеге асырудан бой тартады.

                             8-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұзақ мерзiмдi перспективалар мен өзара тиiмдi шарттарды ескере отырып, Орталық Азиядағы бiртұтас экономикалық кеңiстiктi, сондай-ақ екi жақты экономикалық, сауда қатынастарын, ғылым, мәдениет, бiлiм, технология, экология және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы байланыстарды дамытуға және нығайтуға жәрдемдесетiн болады.
      Осы мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi ел арасындағы тауарлардың, қызмет көрсету мен капиталдың емiн-еркiн қозғалысына бiрте-бiрте өту үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, қаржылық және сауда жағдайларын жасайды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрiншi кезекте өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, көлiк, туризм, байланыс, телекоммуникация және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады.

                               9-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында автомобиль, темiр жол, әуе жолы, құбыр желiсi және көлiктiң басқа да түрлерi арқылы өз жолаушыларын және жүктердiң барлық түрлерiн тасымалдау мен олардың еркiн транзитi үшiн қолайлы жағдайларды өзара қамтамасыз етуге кепiлдiк бередi және осы аталған салалардағы ынтымақтастық үшiн қолайсыз жағдайлар туғызуға бағытталған шараларды қолданудан бой тартатын болады.

                              10-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени салаларда тұрақты консультацияларды, ақпарат пен тәжiрибе алмасуды көтермелейдi, сондай-ақ осы мақсаттарда барлық деңгейлердегi байланыстарды кеңейтудi қолдайтын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен қаржы-өнеркәсiп топтарын, холдингтiк және лизингтiк компанияларды құру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру орынды деп таниды. Олар өндiрiстiк, инвестициялық, банктiк және коммерциялық салаларда ұлттық капиталдардың прогрессивтi нысандағы ынтымақтастығын дамытуға, өзара инвестициялар үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес өз аумақтарында екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың жеке және заңды тұлғалары үшiн кәсiпкерлiк, сондай-ақ өзге де шаруашылық қызметке арналған қолайлы жағдайларды қамтамасыз етедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзара инвестицияларды көтермелейтiн болады және осы мақсаттар үшiн жасалатын келiсiмдер негiзiнде оларды қорғауды қамтамасыз етедi.

                             11-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өздерiнiң аумақтарында екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың заңды және жеке тұлғаларының меншiк құқығы мен мүлкiн қорғауға кепiлдiк бередi.

                             12-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қолайлы және өзара тиiмдi шарттармен өзара келiсiлген технологиялар мен өлшемдердің негiзiнде көлiк коммуникациясын, тауарлар транзитi мен қызмет көрсетудi дамыту саласында ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар трансазиялық темiржол және автомобиль арналарын қалыптастыруда, сондай-ақ транзиттiк тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамытуда өздерiнiң экономикалық әлеуетiн пайдалану қажеттiгiн қуаттайды.

                              13-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi елдiң мәдени және бiлiм мекемелерi арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мамандар алмасуды көтермелейтiн болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өздерiнің азаматтарына екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың тiлiн, мәдениетiн, өнер шығармаларын, әдебиетiн және баспасөзiн оқып үйренуiне, оның iшiнде өзiнiң оқу орындарында да, кең түрде мүмкiндiк туғызады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тарап екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың мамандарының оқуы мен зерттеуi үшiн архивтiк, тарихи құжаттармен танысуына құқық бередi.

                                14-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар жекелеген келiсiмдердiң негiзiнде ғарыш тақырыбын қоса алғанда, iргелi зерттеулердi, бiрлескен бағдарламалар мен әзiрлемелердi жүзеге асыруда ғылым мен техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытады, бiрлескен ғылыми өндiрiстiк ұжымдарды құруға және олардың қызметiне жәрдемдеседi.

                              15-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықтың денсаулығын сақтау, медицина ғылымын және оның практикасын дамыту, оның материалдық-техникалық базасын нығайту iсiнде тығыз ынтымақтасады, екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап халқының емделуi және консультациялық көмек алуы үшiн өздерiнiң бiрегей және мамандандырылған медициналық мекемелерiн пайдалану мүмкiндiгi мен құқығын сақтайды.

                             16-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар төменде сөз болатын салада екi жақты және көп жақты шарттарға сәйкес iс-қимыл жасап, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге басым мағына бередi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Олар экологиялық апаттардың салдарымен және табиғи ортаға антропогендiк ықпал етумен күрес саласында, оның iшiнде шекаралардан тысқары тұрғыдағы ынтымақтастықты дамытатын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Арал мен Арал өңiрi аудандарының экологиялық жүйелерiн қалпына келтiру iсiнде күш-жiгерлерiн бiрiктiредi және үйлестiредi, осы саладағы халықаралық әсiресе, аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуде және жүзеге асыруда өзара бiрлесiп қызмет жасайды.

                        17-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзара тиiмдi шарттармен бiр-бiрiнiң дипломатиялық, консулдық, сауда және басқа да ресми өкiлдiктерiнiң қызметiн мейлiнше жеңiлдетедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз аумақтарында бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысатын iскер топтармен, баспасөз өкiлдерiнiң және мамандардың кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруы және болуы үшiн тиiстi жағдайларды қамтамасыз етедi.

                          18-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз өкiметтерiнiң заң шығарушы және атқарушы тармақтары арасындағы, оның iшiңде қалалардың, облыстардың, аудандардың және басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң арасындағы ынтымақтастықты көтермелейдi, екi мемлекет азаматтары арасындағы байланыстарға жан-жақты жәрдемдеседi.

                           19-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен, есiрткi құралдарының және жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымымен, контрабандалық қару-жарақпен, мәдени құндылықтарды заңсыз түрде сатумен және шекара арқылы алып өтумен, заңға қарсы қызметпен айналысу нәтижесiнде алынған кiрiстердi ресмилендiрумен, қылмыстың өзге де қауiптi түрлерiмен күрес саласында ынтымақтасатын болады.
     Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтың принциптерi мен

нормаларына сүйене отырып, азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу 
жағдайларының алдын алу жөнiнде жұмыс жүргiзетiн болады.
     
                           20-бап
     
     Осы Шарт үшiншi елдерге қарсы бағытталмаған және Мәртебелi 
Уағдаласушы Тараптардың басқа мемлекеттермен қазiргi бар екi жақты 
және көп жақты шарттарынан туындайтын қайсыбiр құқықтары мен 
мiндеттемелерiне қандай да болсын нысанда ықпал етпейдi.
        
                          21-бап
     
      БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Шарт БҰҰ Хатшылығында тiркелуге 
тиiс.
     
                          22-бап
     
     Осы Шарттың ережелерiн жүзеге асыру мақсатында Мәртебелi 
Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда жекелеген келiсiмдер жасайтын 
болады.
     
                            23-бап
     


      Осы Шарттың ережелерiн жүзеге асыру кезiнде туындауы мүмкiн даулар мен пiкiр алшақтықтарын Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар келiссөздер және консультациялар арқылы шешетiн болады.

                             24-бап

      Өзара келiсiмi бойынша Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы Шартқа толықтырулар мен өзгертулер енгiзуi мүмкiн, олар тиiстi хаттамалармен ресiмделедi.
      Толықтырулар мен өзгертулер оларды Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың екеуi де бекiткеннен кейiн күшiне енедi және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

                              25-бап

      Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы 1992 жылғы 24 маусымдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт күшiн жояды.

                              26-бап

      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарын алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Шарт белгiсiз мерзiмге жасалды және Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа Шарттың күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлайтын уақытқа дейiн күшiнде қалады. Мұндай жағдайда осы Шарт екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап осындай

хабарламаны алған соң алты айдан кейiн өзiнің қолданысын тоқтатады.
     Ташкент қаласында 1998 жылғы 31 қазанда әрқайсысы қазақ, өзбек 
және орыс тілдерінде жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
     Осы Шарттың ережелерін түсіндіру мақсаты үшін Мәртебелі 
Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
     
     Қазақстан Республикасы           Өзбекстан Республикасы
             үшін                               үшін
     
     Мамандар:
       Қобдалиева Н.
       Омарбекова А. 
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады