Ескерту. Жоба Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінен кері
қайтарып алынды 2001.11.16. N 1459 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне терроршылдыққа қарсы
күрес мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне терроршылдыққа
қарсы күрес мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар
енгiзiлсiн:
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне K970167_ (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 жылғы 17 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 20 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы Z010163_ Заңы; 2001 жылғы 20 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы Z010164_ Заңы):
мынадай мазмұндағы 233-1-баппен толықтырылсын:
"233-1-бап. Терроршылдық актiлердi жасауға насихаттау және ашық шақыру
1. Терроршылдық актiсiн жасауға насихаттау және ашық шақыру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, не қоғамдық
бiрлестiктiң басшысы, не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып
жасалған нақ сол әрекеттер -
екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады".
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс
жүргiзу кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы
1997 ж., N 23, 335-құжат, 1998 ж., N 23, 416-құжат, 2000 ж., N 3-4,
66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 жылғы 17 наурызда "Егемен Қазақстан" және
2001 жылғы 20 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16
наурыздағы
Заңы):
192-баптың 1-бөлiгi "233" деген саннан кейiн "233-1" деген санмен
толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.