1993 жылғы 15 қазанда Брюссельде алдын ала қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсандағы алдын ала қол қойылған Хаттар алмасу нысанындағы келiсiммен өзгертiлген Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы жөнiндегі келiсiмге өзгерiстер енгізу туралы Еуропалық Қоғамдастық пен Қазақстан Республикасы арасындағы Хаттар алмасу нысанындағы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 шілде N 993

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 27 маусымда Брюссель қаласында жасалған, 1993 жылғы 15 қазанда Брюссельде алдын ала қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсандағы алдын ала қол қойылған Хаттар алмасу нысанындағы келiсiммен өзгертiлген, Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы

Тоқыма бұйымдарының саудасы жөнiндегi келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы 
Еуропалық Қоғамдастық пен Қазақстан Республикасы арасындағы Хаттар алмасу 
нысанындағы келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
           Брюссельде 1993 жылғы 15 қазанда қол қойылған және 
       1995 жылғы 20 желтоқсандағы хаттармен алмасу нысанындағы 
      Келiсiммен толықтырылған тоқыма бұйымдарының саудасы туралы
     Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы 
   арасындағы Келісімді қайта жаңартуға қатысты Еуропалық Қоғамдастық 
   пен Қазақстан Республикасы арасындағы хаттармен алмасу нысанындағы
                                  Келiсiм

     Еуропалық Одақ Кеңесінің хаты
     
     Мырза,



      1. Брюссельде 1993 жылғы 15 қазанда қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсандағы хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiммен толықтырылған тоқыма бұйымдарының саудасы туралы Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Келісімге (бұдан әрі - "Келісім") сүйенуді өзіме құрмет санаймын.
      2. 1999 жылғы 31 желтоқсандағы Келісім мерзiмiнiң өтуiн ескере отырып және Келiсiмнiң 20 (4)-бабына сәйкес Еуропалық Қоғамдастық Келiсiмнiң күшiн бұдан арғы кезеңге төмендегiдей түзетулермен және шарттармен кем дегенде үш жылға ұзартуды ұсынады:
      2.1. Келiсiмнiң 1-бабына жатқызылған, 1-қосымшада ұсынылған тауарлар осы хаттың 1-қосымшасымен алмастырылды.
      2.2. 1-параграфтың 20-бабының мәтінi, Келiсiмнің екінші және үшінші сөйлемі мыналармен алмастырылуы тиіс:
      "Ол 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн күшінде болуы тиіс. Алдағы уақытта, егер тараптардың бiрi ұзартумен келіспейтіндігі жөнінде 2002 жылғы 31 желтоқсанға кем дегенде 6 ай қалғанда басқасын хабардар етпесе, Келісімнің барлық тармақтарын қолдану өздігінен тағы бір жылға 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге ұзартылуы тиіс".
      2.3. 1, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 тоқыма санаттары Келісімнің 2 (3)-бабында және А хаттамасында көрсетілген екі есе тексеру жүйесінен шығарылды. Егер белгілі біл жылда Келісімнің 5 (2)-бабында көрсетілген тауарлар импортының тоқыма санаттарына лимит көтерілсе, қосарланған тексеру жүйесі осы санаттар бойынша өздігінен қолданылатын болады.
      3. Келiсiмнiң мерзiмi өту күнiне дейiн Қазақстан Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының мүшесi болған жағдайда, 2 (2)-(5), 3, 6, 7, 8, 9, 11-19-баптардың ережелерi, А хаттамасы, Б хаттамасы, В хаттамасы, N 1 келiсілген хаттамасы, N 2 келiсілген хаттамасы, N 3 келiсілген хаттамасы, N 4 келiсiлген хаттамасы тоқыма және киім жөніндегі ДСҰ Келiсiмiнiң 2 (17)-бабының мәнінде әкiмшілiк шаралары ретінде қолданылуы тиiс.
      4. Егер Сiз осы айтылғандарды Сiздiң Үкіметіңіздің қабылдауын ықыласты түрде растасаңыз, мен Сізге қарыздар болар едім. Бұл жағдайда, қосымшаларымен қоса осы хат және қабылдау туралы Сiздің хатыңыз хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiмдi жасайтын болады, қажетті құқықтық рәсімдер аяқталғанын тараптар бір-біріне хабарлаған күннің келесі айының бірінші күнінен бастап күшіне енетін болады. Сонымен бiрге, бұл уақытша 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап өзара шарттылық жағдайында қолданылуы тиіс.
      Мырза, менің сізге деген үлкен құрметімді қабыл алуыңызды өтінемін.
                                 қосымша




      Тоқыма бұйымдарының саудасы туралы тоқыма өнiмдерiнiң санаттары мен тауарлық сипаттамасы бар Брюссельдегі 1993 жылдың 15 қазанында қол қойылған Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Келiсiмнiң 1-қосымшасы ЕС 3030/93* қаулысына 1-қосымшамен алмастырылады. Тауарлар әрбiр санатта құрастырылған номенклатура коды шегінде анықталғандықтан, тауарларды сипаттау тұжырымдамасы тек индикативтiк құндылыққа ие болғандықтан құрастырылған номенклатура интерпретация ережелерiнiң алдын алмай-ақ түсiнiледі. Құрастырылған номенклатура кодының тұсындағы "ех" белгiсi тұрған жердегі әрбiр санаттағы тауарлар құрастырылған номенклатура коды сызықтармен қоршалған және тиiстi сипаттамасы анықталған.

     * - Қосымшаның Соңғы байымдау ЕС Ресми журналының 28.05.1999 жылғы 
N L 134 нөмірінде айтылған.

     Қазақстан Республикасының Үкіметінен хат
     
     Мырза, мына жәйттер баяндалған Сiздiң хатыңызды алғандығым туралы 
Сізді хабардар етуді өзіме құрмет санаймын:

     "Мырза,

     Мырза,


      1. Брюссельде 1993 жылғы 15 қазанда қол қойылған және 1995 жылғы 20 желтоқсандағы хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiммен толықтырылған тоқыма бұйымдарының саудасы туралы Еуропалық Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Келiсiмге (бұдан әрi - "Келiсiм") сүйенудi өзiме құрмет санаймын.
      2. 1999 жылғы 31 желтоқсандағы Келiсiм мерзiмiнiң өтуiн ескере отырып және Келiсiмнiң 20 (4)-бабына сәйкес Еуропалық Қоғамдастық Келiсiмнің күшiн бұдан арғы кезеңге төмендегідей түзетулермен және шарттармен кем дегенде үш жылға ұзартуды ұсынады.
      2.1. Келісімнің 1-бабына жатқызылған, 1-қосымшада ұсынылған тауарлар осы хаттың 1-қосымшасымен алмастырылды.
      2.2. 1-параграфтың 20-бабының мәтiнi, Келісiмнiң екiнші және үшiншi сөйлемi мыналармен алмастырылуы тиiс:
      "Ол 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн күшінде болуы тиіс. Алдағы уақытта, егер тараптардың бiрi ұзартумен келіспейтіндігі жөнінде 2002 жылғы 31 желтоқсанға кем дегенде 6 ай қалғанда басқасын хабардар етпесе, Келісімнің барлық тармақтарын қолдану өздігінен тағы бір жылға 2003 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге ұзартылуы тиіс".
      2.3. 1, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 тоқыма санаттары Келісімнің 2 (3)-бабында және А хаттамасында көрсетілген екі есе тексеру жүйесінен шығарылды. Егер белгілі біл жылда Келісімнің 5 (2)-бабында көрсетілген тауарлар импортының тоқыма санаттарына лимит көтерілсе, қосарланған тексеру жүйесі осы санаттар бойынша өздігінен қолданылатын болады.
      3. Келiсiмнiң мерзiмi өту күнiне дейiн Қазақстан Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының мүшесi болған жағдайда, 2 (2)-(5), 3, 6, 7, 8, 9, 11-19-баптардың ережелерi, А хаттамасы, Б хаттамасы, В хаттамасы, N 1 келiсілген хаттамасы, N 2 келiсілген хаттамасы, N 3 келiсілген хаттамасы, N 4 келiсiлген хаттамасы тоқыма және киім жөніндегі ДСҰ Келiсiмiнiң 2 (17)-бабының мәнінде әкiмшілiк шаралары ретінде қолданылуы тиiс.
      4. Егер Сiз осы айтылғандарды Сiздiң Үкіметіңіздің қабылдауын ықыласты түрде растасаңыз, мен Сізге қарыздар болар едім. Бұл жағдайда, қосымшаларымен қоса осы хат және қабылдау туралы Сiздің хатыңыз хаттармен алмасу нысанындағы Келiсiмдi жасайтын болады, қажетті құқықтық рәсімдер аяқталғанын тараптар бір-біріне хабарлаған күннің келесі айының бірінші

күнінен бастап күшіне енетін болады. Сонымен бiрге, бұл уақытша 2000 жылғы 
1 қаңтардан бастап өзара шарттылық жағдайында қолданылуы тиіс.     
     Мырза, менің сізге деген үлкен құрметімді қабыл алуыңызды өтінемін.
     Менiң Үкіметім Сiздiң хатыңыздың мазмұнымен келiсетiндiгiн растауды 
өзiме құрмет санаймын.
     Мырза, менiң мәртебелi ықыласымды қабыл алсаңыз екен.
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады