Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 шілде N 994

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және минералдық ресурстар министрлігіне "21 ғасыр - ядролық қарудан азат дүниеге ұмтылыс" халықаралық конференциясын өткізумен байланысты шығыстарды қаржыландыру үшін 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 15100000 (он бес

 

миллион бір жүз мың) теңге қаражат бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген

тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге

асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады