Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының "Boeing Netherlands Leasing В.V" компаниясы алдындағы міндеттемелерінің орындалмауына байланысты дефолтқа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) 1999 жылғы 28 мамырдағы N 0000036 мемлекеттік кепілдіктің (бұдан әрі - Мемлекеттік кепілдік) 2-тармағына және "Boeing Netherlands Leasing В.V" компаниясының 2001 жылғы 16 шілдедегі талабына сәйкес Мемлекеттік кепілдіктің орындалуын және "Boeing Netherlands Leasing В.V" компаниясы төлемінің "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының А310-300 әуе кемелерінің қаржылық лизингі бойынша берешегін қайта құрылымдау және осы әуе кемелерін сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 мамырдағы N 625 P010625_ қаулысына сәйкес 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен төленген соманы ескере отырып 16 (он алты) миллион АҚШ доллары сомасында жүзеге асырылуын;
2) Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтатуды және осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) бір ай мерзімде әуе кемелерін (сериялық нөмірлері 399 және 412 пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасы ұсынылуын);
2) әуе кемелеріне (сериялық нөмірлері 399 және 412) байланысты өзге
де қажетті іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының А310-300 әуе
кемелерінің қаржылық лизингі бойынша берешегін қайта құрылымдау және осы
әуе кемелерін сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001
жылғы 11 мамырдағы N 625
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.