Ағаш өңдеу мен жиһаз өнеркәсібін қалпына келтірудің және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 шілде N 1003

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Ағаш өңдеу мен жиһаз өнеркәсібін қалпына келтірудің және дамытудың

2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                          2001 жылғы 25 шілдедегі

                                             N 1003 қаулысымен

                                                бекітілген


          Ағаш өңдеу мен жиһаз өнеркәсібін қалпына келтірудің

        және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы


                              ПАСПОРТ


Атауы                    Ағаш өңдеу мен жиhаз өнеркәсiбiн қалпына

                         келтiрудiң және дамытудың 2000-2003

                         жылдарға арналған бағдарламасы


Бағдарламаны әзiрлеу     Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

туралы шешiм             Қ. Тоқаевтың 2000 жылғы 12 ақпандағы N 28ө өкiмi


Негiзгi әзiрлеушiлер     Қазақстан Республикасының Экономика және сауда   

                         министрлiгi, Жиhаз және ағаш өңдеу өнеркәсiбi    

                         кәсiпорындарының қауымдастығы, Шығыс Қазақстан

                         облысының әкімияты


Бағдарламаның мақсаты    Ағаш өңдеу мен жиhаз өнеркәсiбiн қалпына келтiру 

                         және кешендi дамыту, саланың технологиялық және  

                         техникалық артта қалушылығын жою, өнiмнің

                         бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету, iшкi     

                         рынокты отандық өндiрiстiң жоғары сапалы

                         өнiмiмен толықтыру


Бағдарламаның мiндеттерi Iшкi рынокты терiс пиғылды импорттан қорғау      

                         арқылы саланы қалпына келтiру және дамыту үшiн   

                         қолайлы экономикалық жағдайлар жасау; өнiмнiң    

                         бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру; салаға      

                         инвестициялар тартуды ынталандыратын жағдайлар

                         жасау


Қаржыландыру             Несиелiк ресурстар, кәсiпорындардың өз

көздерi                  қаражаты, шетелдік капитал


Iске асыру мерзiмi       Бағдарламаны iске асыру 2001-2003

                         жылдар кезеңiне белгiленген


                         КIРIСПЕ



 
       Ағаш өңдеу мен жиhаз өнеркәсiбiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қ. Тоқаевтың 2000 жылғы 12 ақпандағы N 28ө өкiмiне сәйкес әзiрлендi.
      Көрсетiлген бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiгi Қазақстан экономикасының ағашқа, отандық өндiрiстiң ағаш бұйымдарына және жиhаздарына мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шикiзат ресурстары, қуаттары, жұмысшылары мен инженер кадрлары болуынан туындайды.
      Соңғы 10 жыл iшiнде сала құлдырауға ұшырады. Қолдағы шикiзат базасы тиiмдi пайдаланылмайды. Соңғы жылдары ағаш елден жұмыр күйiнде шығарылып отыр. Бұл ретте алынатын қалдықтар iс жүзiнде пайдаланылмайды.
      Тақта материалдарын өндiру тоқтатылды. Көптеген өндiрiстердiң өсiп отырған техникалық мешеулiгi салдарынан ағаштан жасалған бұйымдардың, әдетте сапасы төмен. Бұрын ағаш бұйымдары мен жиhаздары өндiрiсіне мамандандырылған iрi және орта кәсiпорындар тоқтап тұр немесе таратылған. Саланың көптеген шағын кәсiпорындары қалыптасу кезеңiн бастан кешiруде және мемлекеттiк қолдау шараларына мұқтаж.
 
             1. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ
 
      1.1. Iшкi рыноктың жай-күйi
      Соңғы он жылда ағаш өңдеу және жиhаз жасау өнеркәсiбiнде өндiрiстiң озыңқы құлдырауы байқалып отыр. Салада тауарлық өнiм шығару көлемi 1999 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 6 есеге қысқарды, өнеркәсiптiк өндiрiс құрылымындағы үлесi 2,7%-дан 0,2%-ға дейiн немесе 13,5 есеге төмендедi.
      Өзiмiзде ағаш дайындау 1991 жылғы 2,5 млн. м3-ден 1999 жылы 885 мың м3-ге дейiн немесе үш есе қысқарды. Соның iшiнде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 800 мың м3-ден 57 мың м3-ге дейiн немесе 14 есе. Өңделмеген түрдегi ағаш материалдарының экспорты 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өсті және 65942,7 м3 құрады.
      Дағдарыс және қазақстандық рыноктың ашықтығы жағдайында саланың көптеген кәсiпорындары импортталатын өнiммен бәсекеге төзе алмай өндiрiстi тоқтатуға мәжбүр болды. Бұған шаруашылық субъектілерi мен халықтың жиһазға және ағаш бұйымдарына төлеуге қабiлеттi сұранымының төмендеуi және отандық өндiрiстi дамытуға ынталандырмайтын, сала үшiн қолайсыз экономикалық жағдайлар ықпал еттi.
      Саланы қалпына келтiруге және дамытуға:
      салаға инвестициялардың болмауы, өндiрiстiң техникалық және технологиялық жай-күйiнiң төмен деңгейi, саланың бұрынғы КСРО-дан қалған көптеген кәсiпорындарында жабдықтардың моральдық және табиғи тозуы;
      жаңадан құрылған кәсiпорындарда өздерiнiң айналым қаражатының жетiспеуi және кепiлдiктiң жоқтығы мен несиелеу ставкаларының жоғарылығынан банктердiң несиелерi есебiнен оларды толықтыру мүмкiндiгiнiң болмауы;
      ағаш тақталар мен кесiлген материалдар шығару жөнiндегi отандық өндiрiстердi жою кедергi келтiруде.
      Саланы қалпына келтiру және дамыту үшiн ұйымдық, экономикалық, қаржылық және техникалық жағдайлар жасау қажет. Соның iшiнде iшкi және сыртқы рыноктардағы сұранымға сәйкес меншiктi шикiзат базасын дамыту ағаш, ағаш тақталарын, ағаштан жасалған бұйымдар, кең ассортиментте жоғары сапалы жиhаздар өндiру.
      Ағаш, ағаш бұйымдары мен жиhаздары экспорты мен импортының өндiрiстiк балансына негiзделiп, Қазақстан рыногының осы өнiмдер бойынша сыйымдылығы 1998-1999 жылдары 10-12 млрд. теңгенi құрады. Yй шаруашылықтары кiрiсiнiң статистикасына сәйкес оларда жиhаздар басым болып келетiн үй тауарларын сатып алу 1998 жылы 13,1 млрд. теңге, ал 1999-2000 жылдары 13-13,5 млрд. теңгенi құрады.
      Заңды тұлғалардың жиhаз сатып алуын назарға ала отырып, жиhаз бойынша iшкi рыноктың сыйымдылығы 18,6 млрд. теңгенi немесе 130 млн. долларды құрайды. Оның көлеңкелi өндiрiсiн қоса алғанда, отандық рыноктың iшкi рыноктағы үлесi 40%-ға дейiн жетедi.
      1991 жылға дейiн Қазақстан рыногын жиһазбен толықтыру жан басына шаққанда 70-72 АҚШ долларын құрады. Қазiргi уақытта халықтың төлем қабiлетiнiң төмендiгiне байланысты осы өнiмдi тұтыну жан басына шаққанда 8 АҚШ долларына қысқарды. Дамыған елдерде жан басына шаққанда жиhаз 130-дан 260 АҚШ долларына дейiн келедi.

 

     Яғни қазiргi уақытта iшкi рыноктың шектеулiлiгi жиhаз өндiрiсiн,

тиiсiнше ағаш пен кесiлген материалдар өндiрудi қалпына келтiру мен

дамытуды тежеп отыр.

     Кесiлген материалдар бойынша рыноктың сыйымдылығы отандық өндiрiс

өнiмдерiмен 45-50%-ға, негiзiнен сапасы төмен ағаштан жасалған бұйымдармен

65-70%-ға толықтырылады. Ағаш үгiндiсiнен жасалған және ағаш талшықты

тақталар (бұдан әрi - АYТ және АТТ) бойынша рыноктың сыйымдылығы тиiсiнше

250 мың м3 және 6,5 миллион м3 құрайды және импорттың есебiнен қамтамасыз

етiледi.


     1.2. Өнiм өндiру

     Қазақстанның ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбiнде 2001 жылғы 1

қаңтардағы жағдай бойынша 2288 кәсiпорын, соның iшiнде 2281 шағын және

орта бизнес кәсiпорындары тiркелген. Өндiрiс көлемінің серпiнi кестеде

берілген.


                    Өнiм өндiру көлемiнiң серпiнi

___________________________________________________________________________

          Сала                  !                  Жылдар                 !

                                !_________________________________________!

                                ! 1990 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999 !

________________________________!______!______!______!______!______!______!

Ағаш материалдары, мың текше м   1764,1  371,4   247,2  181,4  45,9   40,4


Терезе, есік блоктары, мың     

шаршы м                                  269,7   204,1  167,4  71,7   83,6


АТТ, мың шаршы м                   8643 2620,4  3864,2 3048,6 483,5    8,4


АҮТ, мың текше м                  136,0  1,907   0,137  0,019


Отыратын жиһаз және оның      

бөліктері, млн. теңге                                   119,2 113,2   76,6


Жиһаз, мың дана                                          53,0 109,8   68,5


Саланың ЖІӨ-ге пайызбен

алғандағы үлес салмағы              1,0    0,9     0,8    0,8   0,3    0,3


Нақты қолданылып жүрген     

бағамен өнеркәсіптік өнімнің   

көлемі, млн. теңге                        6303    6318   6083  2444   3403


Ағаш және ағаш бұйымдарының   

өндірісіндегі ӨӨҚ саны,        

мың адам                           60,5   28,9    25,4   18,2   6,0    2,8

___________________________________________________________________________


     Дерек көзi: Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi


     1.3. Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi


 
       Ағаш, ағаштан бұйым және жиҺаз өндіру Қазақстанда әрқашан басымдыққа ие болып келдi. Алайда саланың көптеген кәсiпорындары 30-60 жылдардағы ресейлік өндiрiстiң ескiрген технологиялық жабдықтарымен жабдықталған болатын.
      Бұрын сапасы мен дизайны төмен өнiмдi жаппай өндiруге бағдарланған, технологиясы мешеу және менеджмент деңгейi төмен iрi өндiрiстер шектеулi импорт жағдайында өнiмдерiн өткiзiп келдi.
      Дамыған елдерде ағаштан жасалған өнiм ассортиментi 800-ден 3000 атауға дейiн санамаланады, ал Қазақстанда ол 20-50 атауды құрайды.
      Ашық экономика жағдайында отандық ағаш өңдеушi кәсiпорындар бәсекеге төтеп бере алмай, өндiрiсiн тоқтатты.
      Соңғы жылдары импортталатын шикiзат пен жартылай фабрикаттардан жиhаздар мен шеберлiк бұйымдар өндiру жөнiндегi көптеген шағын кәсiпорындар пайда болды. Бағасы мен сапасы жөнiнде бұл кәсiпорындардың өнiмдерi негiзiнен бәсекелес болып табылады.
 
                2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
 
      2.1. Бағдарламаның негiзгi мақсаттары
      Бағдарламаның басты мақсаты - кесiлген материалдардың, тақталық материалдардың ағаш бұйымдары мен жиhаздарының отандық өндiрiсiн қалпына келтiру және кешендi дамыту.
      Ағаш бұйымдары мен жиhаздың сапасын арттыру, ассортиментiн жақсарту кәсiпорындардың технологиялық және техникалық мешеулігін жою, өнімнің бәсекелестiк қабілетiн өсiру.
      Отандық экономиканың тақталық материалдардың, ағаш бұйымдары мен жиhаздарының импортына тәуелдiлiгiн жою, iшкi және сыртқы рынокты отандық өндiрiстiң жоғары сапалы өнiмiмен молықтыру. Отандық тауарларды тұтынудың ондағы үлесiн 2003 жылы 70%-ға жеткiзу.
 
      2.2. Бағдарламаның мiндеттерi
      Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
      ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбi үшiн шикiзаттың iшкi рыногының ашықтығын оңтайландыру;
      отандық тауар өндiрушiлердi терiс пиғылды импорттан қорғауды, отандық

 

тауарды сыртқы рыноктарға жылжытуды қамтамасыз ету;

     iшкi және сыртқы рыноктарда отандық тауарлардың бәсекеге

қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау;

     салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау.


            3. IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIГI


     3.1. Бағдарламаның басымдықтары

     Ағаш өңдеу өнеркәсiбiнде - кесілетiн материалдар, тақталық

материалдар, құрылыс және ағаш шеберлiгi бұйымдарын, жиhаз жасау үшiн

ағаштан дайындамалар өндiру.

     Жиhаз өнеркәсiбiнде - сапасы мен бағасы бойынша бәсекеге қабiлеттi

жиhаздардың кең ассортиментiн өндiру.


     3.2. Негiзгi бағыттары:

     саланы қалпына келтiрудi және дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасау;

     қолданылып жүрген заңнамалардың негiзiнде ішкi рынокты терiс пиғылды

импорттан қорғау;

     өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға бағытталған шаралар;


 
       осы Бағдарламада айқындалған басымдықтардың шеңберiнде саланың ең тиiмдi жобаларын несиелендiру жолымен инвестициялық қолдау.
 
      3.3. Бағдарламаны iске асырудың тетiгi
      3.3.1. Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытуға арналған қолайлы экономикалық орта құру және бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету үшін:
      ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбi импорттық тауарларының сапасы мен бағаларының деңгейiне мониторинг енгiзу;
      заңнамаға сәйкес қазақстандық рынокта терiс пиғылды бәсекенi жүзеге асыратын импорттаушыларға қатысты демпингке қарсы және өтемақылық тексерулердi қозғау;
      әкелiмдiк кеден бажының нөлдiк ставкаларын кемiту және белгiлеу үшiн Қазақстан Республикасында өндiрілмейтiн сала үшiн шикізат пен жинақтамалық материалдар тiзбесiн белгілеу. Сала үшiн шикiзаттың және жартылай фабрикаттардың осы түрлерiнiң отандық өндiрiсiн игеруге байланысты оларды жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету.
      3.3.2. Ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбi өнiмдерiнiң сапасы мен бәсекелестiк қабілетiн арттыру және Қазақстанға сапасы нашар өнiмнiң импортын болдырмау үшін:
      мiндеттi түрде сертификаттауға жататын, сертификатталмаған өнiмдердiң Қазақстанға келiп түсуiн болдырмаудың тетiгiн жасау;
      салаға тартылатын тiкелей инвестициялардың есебiнен олардың отандық және импорттық өнiмдердiң сараптамасын жүргiзуi және салалардың аспаптық базасының халықаралық стандарттарға сәйкестiгiне метрологиялық қамтамасыз ету үшiн республикада халықаралық деңгейде аттестацияланған, тәуелсiз сынақ орталықтарын құру;
      импортталатын және отандық өнiмдер мен сынақтарға қойылатын реттеушi талаптарды халықаралық талаптармен үйлестiрудi қамтамасыз етуi қажет;
      кадрлар даярлау жөнiндегi жұмысты және сала қызметкерлерiнiң бiлiктілiгiн арттыруды жетiлдiру;
      сала мамандарының өтiлiн шетелде өткiзуiн ұйымдастыру қажет.
      3.3.3. Саладағы өндiрiстердiң жұмыс iстеп тұрғандарын қолдау және жаңаларын ұйымдастыру мақсатында:
      сыртқы, республикалық және аймақтық рыноктардың конъюнктурасын зерттеу және кәсiпорындардың осы рыноктарға ағаш өңдеу және жиhаздар өнiмдерiн жылжытуында қызмет көрсету жөнiндегi маркетингтiк орталықтар құруға мүмкiндiк туғызу;
      3.3.4. Ағаш өңдеу және жиhаз саласының басымдықты, тиiмділiгi жоғары

 

жобаларын несиелендiруді Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры арқылы, сондай-ақ

екiншi деңгейдегi банктердiң жобалар бойынша барлық тәуекелдердi өздерiне

алулары арқылы iрi жобаларды бiрлестiрiлген негiзде (бiрлескен

несиелендiру үшiн банктер консорциумын құру) несиелендiрудi қоса алғанда

екіншi деңгейдегi банктер (ЕДБ) арқылы жүзеге асырылады.


           4. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI


     Қаржылық қаражаттың қажеттілiгi жылына 50 млн. АҚШ долларын құрайды.

Қаржы көзi - салаға тiкелей инвестицияларды тарту.


           5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ


     Ағаш өңдеу өнеркәсiбiн қалпына келтiрудiң және дамытудың бағдарламасы

2001-2003 жылдарға есептелген.

     2002 жылы ағаш және ағаш бұйымдарын өндiру 1999 жылдың деңгейiне

126%-ды, ал жиhаз 146%-ды құрайды.

     2003 жылы ағаш және ағаш бұйымдарын өндiру 2000 жылдың деңгейiне

138%-ды, ал жиһаз 163%-ды құрайды. Отандық өнiмнiң ішкi тұтынудағы үлесi

70%-ға жетедi.

---------------------------------------------------------------------------

                                      !    2001    !   2002    !   2003

---------------------------------------------------------------------------

Ағаш және ағаш бұйымдарын өндiру


1999 жылмен салыстырғанда өндіріс         272,3        471,9      689,7

көлемiнiң өсiмi, млн. теңге


2000 жылға %-бен алғанда                  112          125        137


2000 жылмен салыстырғанда қалпына         3,35         3,75       4,0

келтiру және жаңа жұмыс орындарын

iске қосу, мың адам


Жиhаз өнеркәсiбi


1999 жылмен салыстырғанда өндiрiс         1498,0       1968,8     2568,0

көлемiнiң өсiмi, млн. теңге


2000 жылға %-бен алғанда                  114          147        163


2000 жылмен салыстырғанда қалпына         5,7          7,3        8,1

келтiру және жаңа жұмыс орындарын

iске қосу, мың адам   

---------------------------------------------------------------------------


     Бағдарламаны iске асырудың нәтижесi:


 
       2003 жылы ағаш және ағаш бұйымдарын өндiрудi 2000 жылмен

 

салыстырғанда 1,4 есе, жиһазды - 1,6 есе ұлғайту iшкi тұтынуда отандық

өнiмнiң үлесiн 70%-ға дейiн жеткiзу;

     жиhаз өндiрiсi кезiнде және құрылыстағы шикiзат ресурстарына

қажеттілiкте импортты алмастыру, шикiзат сатып алу үшiн мемлекеттiк валюта

қаражатының жылыстауын қысқарту;

     ағаш, ағаш тақталар, жиhаздар өндiрiсiнде жұмыс орындарын қалпына

келтiру және жалпы алғанда оларды 4 мың адамға ұлғайту болады.


        6. АҒАШ ӨҢДЕУ МЕН ЖИҺАЗ ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ЖӘНЕ       

      ДАМЫТУДЫҢ 2001-2003 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ      

                       ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

---------------------------------------------------------------------------

Р/с!         Iс-шаралар        !  Аяқтау нысаны  !  Орындауға  ! Орындау

N !                           !                 !  жауаптылар ! мерзімі

---------------------------------------------------------------------------

6.1. Ағаш өңдеу мен жиһаз өнеркәсібін қалпына келтіруді және дамытуды

ынталандыратын жағдайлар жасау


6.1.1. Ағаш өңдеу және жиһаз    Қазақстан         Экономика     2001-2003

       өнеркәсібі импорттық     Республикасының   және сауда       ж.ж.

       тауарларының сапасы      Үкіметіне ақпарат министрлігі

       мен бағаларының

       деңгейіне мониторинг

       жүргізу    


6.1.2. Үкіметаралық келісім.    Қазақстан         Экономика     2001-2003

       дерге сүйене отырып,     Республикасы      және сауда       ж.ж.

       Қазақстан Республика.    Үкіметінің        министрлігі

       сында өндірілмейтін      қаулысы

       шикізаттың және жинақ.  

       таушы материалдардың

       тізбесі бойынша шекті

       мүмкіндік деңгейіне

       кеден баждарының

       ставкасын белгілеу


6.2. Ағаш өңдеу мен жиһаз өнеркәсібі өнімінің бәсекеге қабілеттілігін

арттыру және сапасыз тауарлар импортын болдырмау үшін өндірісті

сертификаттауды және оның сапасын бақылауды дамыту    


6.2.1. Қазақстанға сертификат.  Қазақстан         Мемлекеттік     2001 ж.

       талмаған өнімдердің      Республикасының   кіріс                   

       келіп түсуін болдырмау   Үкіметіне ақпарат министрлігі

       жөніндегі тетікті жасау                    Экономика

                                                  және сауда

                                                  министрлігі


6.2.2. Импортталатын және       Қазақстан         Экономика       2001 ж.

       отандық өнімдердің       Республикасының   және сауда      қараша

       нормативтік құжаттар     Үкіметіне ақпарат министрлігі

       талаптарына сәйкестігі

       сараптамасының рәсім.

       дерін жетілдіру,

       сондай-ақ сертификат.

       талған сынақ зертхана.

       ларын метрологиялық

       қамтамасыз ету жөнінде

       ұсыныстар енгізу


6.2.3. Сала кәсіпорындарының         -//-         Экономика     2002-2003

       9000 сериялы ИСО сапасы                    және сауда       ж.ж.

       жүйелерінің стандарт.                      министрлігі

       тарына өтуі кезінде

       әдістемелік көмек және

       жәрдем көрсету  


6.3. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді қалпына келтіру және жаңа өндірістер

ұйымдастыру жөнінде ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі саласындағы

кәсіпкерлерге техникалық көмек


6.3.1. Ішкі және сыртқы рынок.  Қазақстан         Экономика     2001 ж. 

       тардың конъюнктурасын    Республикасының   және сауда    желтоқсан

       зерттеу маркетингтік     Үкіметіне ақпарат министрлігі

       орталықтарын құрудың

       және кәсіпорындарға осы

       рыноктарға олардың

       тауарларын жылжытуда

       қызмет көрсетудің

       тетігін әзірлеу


6.3.2. Кадрлар даярлау               -//-         Ағаш өңдеу    жыл сайын

       жөніндегі жұмысты және                     өнеркәсібі

       сала қызметкерлерінің                      кәсіпорын.

       біліктілігін арттыру                       дарының

                                                  қауымдастығы

                                                  (келісім

                                                  бойынша)


6.3.3. Сала кәсіпорындарының     Қазақстан        Ағаш өңдеу    2002-2003

       халықаралық көрмелерге    Республикасының  өнеркәсібі       ж.ж.

       қатысуын, мамандарды      Үкіметіне        кәсіпорын.

       тағылымдамадан, оның      ұсыныс           дарының

       ішінде шетелде өткізуді,                   қауымдастығы

       техникалық және                            (келісім

       материалдық көмек                          бойынша)    

       көрсетуді ұйымдастыру

---------------------------------------------------------------------------



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады