Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шілдедегі N 417 U000417_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Орталық әскери округі қолбасшысының басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штат санының лимиті шегінде 120 бірлік болып бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Мекемені ұстауға және жарақтандыруға арналған шығыстар сметасын бір апталық мерзімде дайындасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекемені қаржыландыруды республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізсін;
2) Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп Қарағанды қаласындағы N 30 өндірістік-техникалық мектебінің ғимараттарын материалдық-техникалық базасымен және оған шектес аумағымен бірге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беруді жүзеге асырсын;
3) Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының
әкімдерімен бірлесіп Орталық әскери округінің бөлімдері мен құрамаларын
орналастыру мақсатында олар берген өтінімдер бойынша үйлерді,
ғимараттарды, объектілер мен жерлерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің қарамағына беруді жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.