Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау тәртібін оңайлату жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 тамыз N 1023

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
      1) "біліктілік талаптары" ұғымы анықтамасының заңнамалық бекітілуін;
      2) лицензияланатын қызмет түріне біліктілік талаптарын және лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін қажетті құжаттардың түпкілікті тізбесін қамтитын қызметтің түрлерін лицензиялаудың ережелерін бекітуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызуды;
      3) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) заң күшіне енген күннен бастап үш айлық мерзім өткеннен кейін ғана лицензияланатын қызмет түрлерінің қосымша түрлерін енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуі туралы ережені;
      4) Заңның 9-бабы 1-тармағының 1), 2), 14) және 19-тармақшаларының нақтылануын көздейтін "Лицензиялау туралы" Z952200_ Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізсін.
      2. Лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар лицензиялау мәселелері жөніндегі актілерді Заңмен сәйкес келтіруді көздейтін Үкімет шешімдерінің жобаларын "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін екі айлық мерзімде Қазақстан

 

Республикасының Үкіметіне енгізсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Қасымбеков Б.А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады