Фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 тамыз N 1034

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі  

Z952235_

  Заңына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1-3. 
<*>

     Ескерту. 1-3-тармақтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.18. N 
              449 қаулысымен. 

P020449_

 
     4. "Халықпен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде фискальды 
жады бар бақылау-касса аппараттарын қолдану туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 67  

P970067_

  қаулысы 1-4-тармағының 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 1, 13-құжат) күші жойылды 
деп танылсын.
     5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           2001 жылғы 6 тамыздағы
                                              N 1034 қаулысымен
                                                  бекітілген
     
                        Фискальды жады бар
                 бақылау-касса машиналарын қолдану
                            ЕРЕЖЕСI
     
                      1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегі Z952235_ Заңына сәйкес әзiрлендi және тұтынушылармен есеп айырысулар кезiнде фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) фискальды жады бар бақылау-касса машинасы (бұдан әрi - бақылау-касса машинасы) - фискальды жады бар блокпен бiрге электрондық құрылғы және (немесе) реттелмейтiн ауысым сайынғы тiркеу мен ақпаратты ұзақ уақыт сақтауда энергияға тәуелсiз қамтамасыз етушi тауарларды сату мен қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуларды тiркеу үшiн пайдаланылатын банктiк компьютер жүйелерi;
      2) банктiк компьютер жүйелерi - бағдарламалық-аппараттық құралдардың компьютерлiк кешенi;
      3) тұтынушылар - қолма-қол ақша, банктiк төлем карточкалары мен чектерi арқылы тауарларды, қызмет көрсетулер мен жұмыстарды сатып алушы тұлғалар;
      4) техникалық қызмет көрсету орталықтары - бақылау-кассалық машиналарды жөндеудi және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын жеке (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлік қызметiн жүзеге асыратын тұлғалар) және (немесе) заңды тұлғалар;
      5) бақылау чегі - тауарларды сатып алу (қызмет көрсету) кезiнде тұтынушыға берiлетiн чек, оны басу кезiнде бақылау-касса машинасының фискальды жадында көрсеткiштердiң өзгеруi болады;
      6) фискальды белгi - бақылау-касса машинасының фискальды режимде жұмыс iстейтiнiн растайтын бақылау чектерiнде болатын айырым нышаны;
      7) фискальды режим - фискальды жадында мәлiметтердi тiркеудi қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимi;
      8) фискальды есеп беру - фискальды жадының есеп беруi;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген фискальды жады бар бақылау-касса машиналары үлгiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі бекiткен Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға жіберілген бақылау-касса машиналары үлгiлерiнiң тiзбесi.

              2. Бақылау-касса машинасының жұмысын ұйымдастыру

      3. Салық төлеушiлер бақылау-касса машинасын мiндеттi түрде қолданумен және тұтынушының қолына бақылау чегiн берумен бiрге қолма-қол ақша, банктiк төлем карточкалары, чектерi арқылы сауда операциялары немесе қызмет көрсету кезiнде жүзеге асырылатын тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуларын жүргізуге мiндеттi.
      Осы тармақтың ережесi:
      акцизделген тауарларды сатушылардан басқа (темекі бұйымдарынан басқа), патент негізiнде кесiмдi жиынтық салықты төлеумен қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларындағы және 100 000 адамнан астам халқы бар облыстық маңызы бар қалалардағы белгіленген тұрақты үй-жайларда бөлшек сауданы жүзеге асыратын;
      акцизделген тауарларды (темекi бұйымдарынан басқа) сатушы жеке тұлғалардан басқа, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап алты айлық кезең аяқталмаған жеке тұлғаларға қолданылмайды.
      4. Бақылау-касса машиналарын қолдану ережесiнiң сақталуын бақылауды салық органдары жүзеге асырады.
      5. Салық төлеушiлер:
      1) техникалық қызмет көрсету орталықтары оның пайдалануға берiлуi, жүргiзiлген жөндеу жұмыстары мен оңдылығын тексеру туралы мәлiметтердi бақылау-касса машинасының паспортына енгiзуге;
      2) бақылау-касса машинасын пайдалану кезiнде 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бақылау-касса машинасы арқылы жүргізiлген қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын толтыруға;
      3) осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген ақаулардың бiрі туындаған жағдайда, бақылау-касса машинасын пайдалануды тоқтатуға және бұл туралы салық органдарына жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
      Бақылау-касса машинасы арқылы өткiзiлген қолма-қол ақшаларды есепке алу кiтабы салық органында тiгілген, нөмiрленген және тiркелген болуы тиiс. Айырбастау пункттерiнде, металлдардың сынықтары мен шыны ыдысты қабылдау пункттерiнде, ойын бизнесiнде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезiнде салық төлеушi 2-қосымшаға сәйкес, қолдану саласының ерекшелiктерiн ескере отырып, Бақылау-касса машинасы арқылы өткiзiлген қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын толтыруға мiндеттi.
      6. Бақылау-касса машинасы мынадай жағдайларда, егер:
      1) баспаса, анық баспаса немесе бақылау чегiндегі деректемелер толық

басылмаса;
     2) салық органдарының бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi фискальды 
жадында бар мәлiметтердi алуға мүмкiндiк бермесе;
     3) осы Ереженің 5-тармағындағы 1) тармақшада көрсетiлген мәлiметтер 
жоқ немесе техникалық қызмет көрсету орталығының пломбасы жоқ болса немесе 
бүлiнсе, дайындаушы зауыттың таңбалауы жоқ болса ақаулы деп есептеледi.
     7. Бақылау-касса машинасының фискальды есеп беруi салық органдарының 
рұқсаты бойынша мынадай жағдайларда:
     1) салық органдарының тексерулердi жүргізуi кезiнде;
     2) фискальды жадының блогын ауыстыру кезiнде;
     3) салық төлеушiнiң ауысуы кезiнде;
     4) бақылау-кассалық машинасын пайдалануға енгізу және пайдаланудан 
шығару кезiнде алынады.
       3. Салық органдарында бақылау-касса машиналарын есепке қою


      8. Бақылау-касса машиналарын есепке қоюды бақылау-касса машинасын пайдалану басталғанға дейiн оның қызметiн жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында салық төлеушi жүргізедi.
      Есепке алуға Мемлекеттiк тiзiлiмге енгізiлген бақылау-касса машиналары жатады.
      9. Бақылау-касса машиналарын Мемлекеттiк тiзілiмге енгізу тәртiбiн және оларға қойылатын техникалық талаптарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгі белгiлейдi. Банктiк компьютерлiк жүйелер Мемлекеттiк тiзiлiмге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген қорытынды негізiнде енгізiледi.
      10. Бақылау-касса машиналарын есепке қою үшiн салық төлеушi мынадай құжаттарды:
      белгiленген нысандағы өтiнiштi (3-қосымша);
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көшiрмесiн (жеке кәсiпкер ретiндегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк);
      бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсетуге техникалық қызмет көрсету орталығымен шартты;
      бақылау-касса машинасының паспортын;
      Айырбас пункттерiнде металдардың сынықтары мен (немесе) шыны ыдысты қабылдау пункттерiнде, ойын бизнесiнде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезiнде қолдану саласының ерекшелiктерiн ескерiп, Бақылау-касса машинасы арқылы өткiзiлген қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын (2-қосымша) немесе Бақылау-касса машинасы арқылы өткiзiлген қолма-қол ақшаны есепке алу кiтабын (1-қосымша) ұсынады.
      11. Есепке қою өтiнiштi беру сәтiнен бастап үш күннен кешiктiрмей Бақылау-касса машинасын (5-қосымша) есепке алу карточкасын салық төлеушiге берумен бiрге Бақылау-касса машиналарын (4-қосымша) есепке алу кiтабында бақылау-касса машинасы туралы мәлiметтердi енгізу жолымен жүргізiледi.
      Есепке қою кезiнде бақылау-касса машинасына тiркеу нөмiрi беріледi.
      12. Егер салық төлеушi осы Ереженiң 8-тармағына сәйкес талап етілетiн құжаттарды бермесе, есепке қою жүргізiлмейдi. Салық төлеушiнiң көрсетiлген кедергілердi жоюы кезiнде есепке қою жүргізіледі.
      13. Бақылау-касса машинасын есепке қоюға арналған өтiнiште көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, салық төлеушi 10 күнтiзбелік күн iшiнде салық органын осы туралы хабардар етуге мiндеттi.
      Есепке алу карточкасы бақылау-касса машинасын пайдаланудың бүкiл

мерзiмi iшiнде салық төлеушiде сақталады және салық органдарының талап 
етуі бойынша көрсетiледi.
     Бақылау-касса машинасының пайдаланудан шығарылуы кезiнде ол есептен 
шығарып тастауға жатады. Мұндай жағдайда, салық төлеушi Бақылау-касса 
машинасын есепке алу карточкасын салық органына тапсырады. Бақылау-касса 
машинасын есепке алу карточкасы оны есептен алғаннан кейiн бес жыл бойына 
салық органында сақталады.
                          4. Бақылау чегі
     14. Бақылау чегiнде мынадай ақпарат:
     1) салық төлеушiнiң атауы;
     2) СТН;
     3) бақылау-касса машинасының зауыт нөмiрi;
     4) бақылау-касса машинасының тiркеу нөмiрi;
     5) чектiң реттiк нөмiрi;
     6) сатып алу (қызмет көрсету) жасалған күнi мен уақыты;
     7) тауар (қызмет көрсету) бағасы және (немесе) салықтарды ескере 
отырып, сатып алу сомасы;
     8) фискальды белгiсi болуы тиiс.
     15. Тұтынушыға берiлетiн бақылау чегiнде, бақылау ленталарында оны 
қолдану салаларының ерекшелiктерiн ескере отырып, бақылау-касса машинасына 
техникалық талаптармен көзделген қосымша басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн.
                         5. Қорытынды ереже
     16. Осы Ереженi бұзу заңнамамен белгiленген жауапкершiлiкке алып 
келедi.
     
                                                      1-қосымша
     
Бақылау-касса машинасының тіркелген нөмірі ________________________
Салық төлеуші, СТН _____________________     _____________
Филиалы (өкілдік), СТН _________________________  _____
           Бақылау-касса машинасы арқылы жүргізілген қолма-қол 
                            ақшаны есепке алу 
                                  Кітабы
     
200_ жылғы "___"________ басталды.
200_ жылғы "___"________ аяқталды.     
---------------------------------------------------------------------------
Күні!Касса.!Санауыштың сомалық!Чектердегі!  Артық немесе ! Жауапты ! Салық
    !дағы  !     дерегі       ! қайтару  !   кем шығуы   ! тұлғаға ! төлеу.
    !күн   !                  !          !туралы деректер! кассадан! шінің
    !бас.  !------------------!----------!---------------!  төлеу  ! қолы
    !тал.  !күннің! бір !күн. !саны!сома.!  саны !сомасы !         !
    !ғанда.!баста.!күн. !нің  !    !сы   !       !       !         !
    !ғы со.!луына !дегі !соңы.!    !     !       !       !         !
    !ма    !      !түсім!на   !    !     !       !       !         !
---------------------------------------------------------------------------
  1 !  2   !  3   !  4  !  5  !  6 !  7  !   8   !   9   !    10   !  11  
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту: Кітап нөмірленген, тігілген және салық органының мөрі басылған 
болуы тиіс.
                                                      2-қосымша
     
Бақылау-касса машинасының тіркелген нөмірі ________________________
Салық төлеушінің, СТН _____________________     _____________
Филиалы (өкілдік), СТН _________________________  _____
     Қолданудың айрықша саласын ескере отырып, бақылау-касса машинасы     
              арқылы жүргізілген қолма-қол ақшаны есепке алу 
                                  Кітабы
     
200_ жылғы "___"________ басталды.
200_ жылғы "___"________ аяқталды.     
---------------------------------------------------------------------------
Ата.!Касса.!Қыз.  !Санауыштың!Чектерде.!Қате тө. !Қызмет.!Касса.!  Салық
уы  !дағы  !меттік!сомалық   !гі қайта.!лемдер   !тік шы.!дағы  !төлеушінің
    !күн   !кіріс !дерегі    !ру       !туралы   !ғыс    !күннің!   қолы
    !бас.  !      !          !         !деректер !       !соңын.!
    !тал.  !      !----------!---------!---------!       !дағы  ! 
    !ғанда.!      !сатып!сату!саны!со. !саны!со. !       !сома  !
    !ғы со.!      ! алу !    !    !масы!    !масы!       !      !
    !ма    !      !     !    !    !    !    !    !       !      !
-------------------------------------------------------------------------- 
  1 !  2   !  3   !  4  ! 5  !  6 ! 7  ! 8  ! 9  !  10   !  11  !    12
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     
Ескерту: Кітап нөмірленген, тігілген және салық органының мөрі басылған 
болуы тиіс.
     
                                                    3-қосымша


                                  ____________________________________

бойынша Салық комитетінің төрағасына ____________________________________


                               Өтініш

     ___________________________ маркалы, зауыттық N ____ бақылау-касса 
машинасын есепке қоюыңызды сұраймын.
     Есепке қою үшін мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
     1. Салық төлеушінің толық атауы (аты-жөні) ________________________
     2. Салық төлеушінің орналасқан жері (қызметін жүзеге асыратын орны)
     ___________________________________________________________________
     3. Қызмет көрсетуші банктің деректемелерінің атауы, шоттың N 
     ___________________________________________________________________
     4. Фискалды жады бар бақылау-касса машинасын орнату орны
     ___________________________________________________________________
     5. Техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасқан техникалық қызмет 
көрсету орталығының атауы, шарттың нөмірі ______________________________
     ___________________________________________________________________
     6. Салық төлеушінің тіркелген нөмірі ______________________________
     
     Қосымша:
     1) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
     2) техникалық қызмет көрсету орталығымен шарт;
     3) бақылау-касса машинасының паспорты.
     
     2001 жылғы "___"____________
     Салық органының өтінішті алған күні
     
     ___________________________________________
     (салық органының лауазымды тұлғасының қолы)
                                                         4-қосымша
     
        ________________________________________________________
                       (салық органының атауы)
                   200___________ жылдарға арналған
     
                 Бақылау-касса машиналарын есепке алу
                              Кітабы
     
---------------------------------------------------------------------------
Р/с!Салық !СТН!Бақылау!Бақылау! Техникалық!   БКМ есепке алу карточкасын
 N !төлеу.!   !касса  !касса  !   қызмет  !         беру туралы белгі
   !шінің !   !машина.!машина.!  көрсету  !--------------------------------
   !атауы !   !сының  !сын ор.!орталығының! бақылау-касса ! күні ! Алғаны
   !(аты- !   !үлгісі !нататын!   атауы,  !  машинасының  !      ! туралы
   !жөні) !   !(моде. !орын   !  шарттың  !   тіркелген   !      !  қолы
   !      !   !лі),   !       ! күні және !     нөмірі    !      !
   !      !   !зауыт. !       !   нөмірі  !               !      !
   !      !   !тық нө.!       !           !               !      !
   !      !   !мірі,  !       !           !               !      !
   !      !   !шығар. !       !           !               !      !
   !      !   !ылған  !       !           !               !      !
   !      !   !жылы,  !       !           !               !      !
   !      !   !жасаған!       !           !               !      !
   !      !   !елі,   !       !           !               !      !  
   !      !   !жасаған!       !           !               !      !
   !      !   !фирма. !       !           !               !      !
   !      !   !сы, па.!       !           !               !      !
   !      !   !спорт. !       !           !               !      !
   !      !   !тың    !       !           !               !      !
   !      !   !нөмірі !       !           !               !      !
---------------------------------------------------------------------------
 1 !  2   ! 3 !   4   !   5   !     6     !       7       !   8  !    9   
---------------------------------------------------------------------------
     
Ескерту: Кітап нөмірленген, тігілген және салық органының мөрі басылған 
болуы тиіс.
                                                     5-қосымша
(СТН) _______________________
        N ________ Бақылау-касса машинасын есепке алу карточкасы
     
Есепке алу карточкасын ______________________________________________
бойынша салық комитеті ______________________________________________
                            (Салық төлеушінің аты-жөні/атауы)
______________________________________________ берді.     
Салық төлеушінің тұратын жері: ______________________________________
Бақылау-касса машинасы туралы деректер: тұрпаты (үлгісі) ____________
зауыттық нөмірі: ___________________ жасаған-фирма __________________
Қолданылу саласы (керексізін сызу):
сауда; қызмет көрсету саласы; валюта айырбастау; ЖЖМ саудасы; қонақ үйлер 
мен мейрамханалар үшін; көлік, банктер, қаржы қызметтерін көрсетулер, 
байланыс, пошта, өзгелер.
Бақылау-касса машинасын орнататын орын: _______________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бойынша салық комитетінің төрағасы
Күні 200__ жылғы "___"___________  ______________
                                      (қолы)
М.О.


Ескерту: Есепке алу карточкасы пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде бақылау-касса машинасы орнатылған орында сақталады, салық органдары өкілдерінің талап етуі бойынша көрсетіледі және есептен шығару кезінде салық органына қайтарылады. Тиісті белгілер карточканың сыртқы бетінде де жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады