Фиcкальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 449 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Өзгертулер қабылданған - ҚР Үкіметінің N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне(Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiн 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiнгі мерзiмде бекiтсiн және оны Қазақстан Республикасының ресми жариялау құқығы бар баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      4. "Фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 6 тамыздағы N 1034 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 366-құжат) 1-3-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң     
2002 жылғы 18 сәуiрдегi         
N 449 қаулысымен             
бекiтiлген                

Фискальдық жады бар
бақылау-касса машиналарын қолдану
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуға рұқсат етiлген фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібiн белгiлейдi.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) фискальдық жады бар бақылау-касса машинасы - тауарлар сату мен қызметтер көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың түзетiлмейтiн ауысым сайынғы тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискальдық жад блогы бар электронды құрылғы және/немесе банктiк компьютерлiк жүйе (бұдан әрi - Машина);
      2) фискальдық жадқа ену кiлтi - қолдану фискальдық режимдi орнатуды қамтамасыз ететiн кiлт;
      3) бақылау чегi - басу кезiнде Машинаның фискальдық жадында көрсеткiштер өзгерiсi болатын чек;
      4) бақылау таспасы - ауысым iшiнде орындалған барлық сатып алу және сату туралы ақпарат басылып қалатын таспа;
      5) салық төлеушiнiң жауапты адамы - салық төлеушiмен еңбек қатынастарында тұратын, Машинаның көмегiмен тұтынушылармен есеп айырысуды жүзеге асыратын және оның жұмысына жауап беретiн адам;
      6) фискальдық белгі - Машинаның фискальдық режимдегi жұмысын растайтын бақылау чектерiнде болатын айрықша нышан;
      7) фискальдық режим - Машинаның фискальдық жадта ақпараттың түзетiлмейтiн ауысым сайынғы тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін жұмыс істеу режимi;
      8) фискальдық есеп беру - белгілi бiр кезең үшiн Машинаның фискальдық жадындағы көрсеткiштердiң өзгеруi туралы есеп.

2. Машинаны салық органдарында тiркеу және
есептен шығару

      3. Машинаны қолдану басталғанға дейiн қызметтi жүзеге асыру орны бойынша оны Салық кодексiне сәйкес салық органдарында тiркеу жүргiзiледi. Машинаны тiркеу Машиналарды тiркеу журналына Машина мен салық төлеушi туралы мәлiметтердi енгiзе отырып салық органына есепке қоюды және фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын тiркеу карточкасын (бұдан әрi - Карточка) берудi бiлдiредi.
      4. Машинаны тiркеудi салық төлеушi осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған өтiнiштi, салық төлеушi заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi немесе жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тіркеу туралы куәлiктi берген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық органы жүзеге асырады.
      5. Үлгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi - Мемлекеттік тiзiлiм) енгiзiлген техникалық ақаусыз Машиналар тiркеуге жатады.
      6. Машинаны тiркеу Машинаға тiркеу нөмiрi берiліп және Машинаны пайдаланудың барлық мерзiмi iшiнде салық төлеушiде сақталатын Карточкада Машинаны тiркеу нәтижелерi ресiмделiп жүргiзiледi және салық органдарының талап етуi бойынша көрсетiледi. Карточка осы Ережеге 2-қосымшада белгiленген нысан бойынша жасалады.
      7. Машинаны (банктiк компьютерлiк жүйелердi қоспағанда) тiркеу кезiнде салық төлеуші салық органдарына мыналарды ұсынады:
      1) Машина;
      2) нөмiрленген, тiгiлген, салық төлеушiнiң қолымен және/немесе мөрiмен бекiтiлген:
      осы Ережеге 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған Машина арқылы өткiзiлген қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы (бұдан әрi - Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы);
      осы Ережеге 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған Машинаны қолданбай тұтынушылармен есеп айырысу кезiндегi тауар чектерiнiң кiтабы (бұдан әрi - Тауар чектерiнің кiтабы);
      3) Машинаны дайындаушы зауыттың паспорты.
      Банктiк компьютерлiк жүйелердi (бұдан әрi - БКЖ) тiркеу кезiнде салық төлеушi салық органына БКЖ-ны жасаушы ұйым әзiрлеген БКЖ-ның қызметтік мүмкiндiктерi мен сипаттамасының қысқаша баяны берiледi.
     8. Салық органының лауазымды адамы Машинаны тiркеу кезiнде:
     1) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң Машинаны тiркеу көрсетілген және берiлген құжаттарға сәйкестігiн тексередi;
     2) Машинаның таңба тақташасында бейнеленген зауыттық нөмiрiн дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген Машинаның нөмiрiмен салыстырады;
     3) Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және Тауар чектерiнiң кiтабын ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi;
     4) Машина жұмысының фискальдық режимiн белгiлейдi;
     5) Машинаны пломбалайды;
     6) Машиналарды тiркеу журналына салық төлеушi мен Машина туралы мәлiметтердi енгiзедi;
     7) Карточканы ресiмдейдi;
     8) Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын, Тауар чектерiнiң кiтабын өз қолымен, салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрiмен растайды;
     9) салық төлеушiге мыналарды қайтарады:
     жұмысының фискальдық режимi белгiленiп пломбаланған Машина;
     расталған Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы, Тауар чектерiнiң кiтабы;
     Машинаны дайындаушы зауыттың паспорты;
     10) салық төлеушiге Карточканы бередi.
     9. Машинаны тiркеуге өтiнiштiң 11-тармағында, егер мұндай өзгерiс Машинаны басқа салық органында тiркеу қажеттiлігiне әкеп соқпаса, сондай-ақ Машинаны тiркеуге өтiнiштiң 1, 12-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi өзгерiстер болған күннен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде Машина тiркелген салық органына осы Ережеге 1-қосымшада белгiленген нысан бойынша жасалған өтiнiштi беруге мiндеттi. Өтiнiште өзгерген мәлiметтер көрсетiледi. Бұл ретте салық төлеушi Карточканы салық органына тапсырады.
     10. Бұрын берiлген өтiнiштiң 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде салық төлеушi салық органына Машинаны (БКЖ-ны қоспай) бередi.
     11. Осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген жағдайларда салық органының лауазымды адамы:
     1) Карточканы жабу туралы белгiнi Карточкаға жасайды;
     2) жабылған Карточканың орнына өзгерiстердi ескере отырып Карточканы ресiмдейдi. Өзгерiстер ескерiлген Карточканың нөмiрi жабылған Карточканың нөмiрiнен және Машиналарды тiркеу журналында өзгерiстер ескеріле отырып Карточка тiркелген нөмiрден тұрады. Көрсетiлген нөмiрлер таяқша сызықпен бөлшектеледi;
     3) салық төлеушiге жабылған Карточканы қайтарады және салық төлеушiге өзгерiстер ескерiлген Карточканы бередi.
     12. Машина осы Ережеге 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша мынадай реттерде салық органында есептен шығарылуға жатады:
     1) Машинаны тiркеуге өтiнiштiң 11-тармағында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген, егер мұндай өзгерiс Машинаны басқа салық органында тiркеу қажеттілiгiне әкеп соғатын болса, сондай-ақ Машинаны тiркеуге өтiнiштiң 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайларда;
     2) Машинаның техникалық ақаулығына байланысты оны одан әрi қолдану мүмкiн болмаған жағдайларда;
     3) салық төлеушi таратылған жағдайда;
     4) Машинаны Мемлекеттiк тiзiлiмнен шығарған жағдайда;
     5) Машинаны ауыстырған жағдайда.
     13. Машинаны есептен шығару үшiн салық төлеушi салық органына мыналарды ұсынады:
     1) пломбаланған Машина (БКЖ-ны қоспай);
     2) есепке қою кезiнде берiлген:
     Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабы;
     Тауар чектерiнiң кiтабы;
     3) Карточка.
     14. Салық органының лауазымды адамы салық төлеушi өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Машинаны есептен шығаруды жүргiзедi ол үшін:
     1) осы салық органында алдыңғы фискальдық есептi алу кезiнен бастап Машинаны есептен шығару кезiне дейiнгi кезең үшiн фискальдық есептi алуды жүргiзедi;
     2) Қолма-қол ақша есебi кiтабының деректерiн Тауар чектерi кiтабының және фискальдық есеп көрсеткiштерiнiң деректерiмен өзара салыстыра тексередi;
     3) Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және Тауар чектерiнiң кiтабын жабады және оларда Машинаны есептен шығару туралы белгі қояды;
     4) салық төлеушiге Машинаны, Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және Тауар чектерiнiң кiтабын қайтарады;
     5) Карточканы жабу туралы белгінi Карточкаға қояды;
     6) салық төлеушiге Карточканы қайтарады.
     15. Фискальдық режимдi орнату немесе фискальдық есептi алу үшін салық төлеушi техникалық ақаусыз Машинаны бередi. Фискальдық жадқа ену кiлттерiн қолдана отырып фискальдық режимдi орнатқаннан кейiн фискальдық жадқа ену кiлттерi Машинаны тiркеудi жүзеге асырған салық органында сақталады.

3. Машинаны пайдалану

     16. Салық төлеушi техникалық қызмет көрсетуге Машинаны қояды.
     17. Салық төлеушiнiң жауапты адамы осы Машинаны пайдалану жөнiндегi басшылыққа сәйкес тауар (жұмыстар, қызметтер көрсету) құнын енгiзу операциясын жүзеге асырады.
     18. Салық төлеушiнiң жауапты адамы күн сайын ауысым соңында Машинаның үлгiсiн дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес "ауысым соңы" рәсiмiн орындайды және Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын толтырады. Машина арқылы өткiзiлген қолма-қол ақшаны әрбiр беру кезiнде (қайтарып беретін соманы бергеннен және ақша айырбастаудан басқа) салық төлеушiнiң жауапты адамы жүргiзiлген беру туралы Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабында жазба жасайды.
     19. Бақылау чегінде мынадай ақпарат болуы тиiс:
     1) салық төлеушiнiң атауы;
     2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
     3) Машинаның зауыттық нөмiрi;
     4) Машинаның тiркеу нөмiрi;
     5) чектiң реттiк нөмiрi;
     6) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатып алу күнi мен уақыты;
     7) тауардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) бағасы және/немесе сатып алу сомасы;
     8) фискальдық белгі.
     20. Қосылған құнға салық көрсетiлетiн бақылау чегi мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
     қосылған құнға салық бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы мен нөмiрi;
     тауардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) атауы;
     қосылған құнға салықтың сомасы.
     БКЖ бақылау чегiнiң нысаны мен мазмұнын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
     21. Бақылау чегінде және бақылау таспаларында Машинаға техникалық талаптармен көзделген қосымша басқа да деректер болуы мүмкiн.
     22. Салық төлеушiнiң жауапты адамы ауысым iшiнде соманы енгiзу және чектi өтеу мүмкiн болмаған кезде қате енгiзiлген сомаға тиiстi чектi мөрмен "жою" рәсiмiн орындайды. Ауысым соңында "жою" чегiн қоса отырып, соманы жою туралы акт жасалады.
     23. Тұтынушыға сапасы нашар тауар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшiн ақшаны қайтару (iшiнара немесе толықтай) кезiнде салық төлеушiнiң жауапты адамы пайдаланылмаған бақылау чектерi бойынша осы Ережеге 6-қосымшада белгiленген нысанда тұтынушыға ақша сомасын қайтару туралы актiнi жасайды және ресiмдейдi, оларды өтейдi, қағаз параққа желiмдейдi және актiмен бiрге бухгалтерияға немесе жеке кәсiпкерге тапсырады. Тұтынушыларға қайтарымдар бойынша төленген соманы Қолма-қол ақша есебiнiң кiтабына жазады.
      24. Машинаның техникалық ақаулығы жағдайында салық төлеушi ақаулық пайда болған кезден бастап үш күн мерзiмде Машина тiркелген салық органына жөндеу жүргiзу мерзiмiн және ақаулық себебiн, ақау болған күн басында Машина есептегішiнiң сомалық көрсеткiштерiн көрсете отырып, еркiн нысанда өтiнiш бередi. Өтiнiш хабарламамен бiрге тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлуi мүмкiн.
      Салық төлеушi Тауар чектерiнiң кiтабын толық толтырған жағдайда еркiн нысанда өтiнiш бередi және нөмiрленген, тiгілген, қолымен және/немесе мөрiмен бекiтiлген Тауар чектерiнiң кiтабын ұсынады. Салық органының лауазымды адамы Машиналарды тiркеу журналында Тауар чектерiнiң кiтабын беру туралы мәлiметтi енгізедi.
     25. Машина мына жағдайларда ақаулы деп саналады, егер:
     1) баспаса, анық баспаса немесе бақылау чегiндегі деректемелер толық басылмаса;
     2) салық органдарының бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi фискальдық жады бар деректердi алуға мүмкiндiк бермесе;
     3) онда бақылау немесе чек таспалары жоқ болса;
     4) салық органының пломбасы жоқ болса немесе бүлiнсе;
     5) дайындаушы зауыттың таңбасы жоқ болса.
     26. Фискальдық есептi салық органының лауазымды адамы Машинадан мынадай жағдайларда алады:
     1) салық органдарының салықтық тексерiстер жүргiзуi;
     2) фискальдық жадтың блогын ауыстыру;
     3) Машинаны есептен шығару;
     4) жөндеу фискальдық жадқа ену үшiн пароль енгiзудi талап ететiн жағдайда Машинаны жөндеудi жүзеге асыру;
     5) Қолма-қол ақша есебi кiтабының жоғалуы;
     6) осы Ереже 19-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтердiң өзгеруi;
     7) қосылған құнға салық бойынша есепке қою туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi туралы мәлiметтердiң өзгеруi.
     Бұл ретте, осы Ережеге 7-қосымшада белгiленген нысан бойынша фискальдық есептердiң жиынтық деректерiн көрсете отырып, фискальдық есептi алу жасалады.

Фискальдық жады бар бақылау-касса  
машиналарын қолдану        
ережесіне             
1-қосымша             

        Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын тіркеуге
                            ӨТІНІШ


  1. Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы ________________________________
__________________________________________________________________________
2. СТН __________________________________________
3. Мемлекеттік тiркелгені туралы куәлiк:
   3.1. сериясы______ 3.2. нөмірі_____ 3.3. салық органының коды __________
   3.4. берілген күні_____  3.5. қолданылу мерзімі (егер қолданылу мерзiмi
                            шектелген болса, толтырылады)__________________
4. Қосылған құнға салық бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік (егер
   мәлiмет бақылау чегiнде көрсетілсе, толтырылады):
   4.1. сериясы___  4.2. нөмiрi___  4.3. берiлген күнi___  4.4. салық
                                                           органының
                                        ___                коды______
5. Өтініш беру себебі (тиісті тор көзде| Х |көрсетіңіз):
                                        ___
5.1. есепке қою кезінде фискальдық жады бар бақылау-касса машинасы туралы
   мәліметтерді тіркеу                                        |___|

5.2. бұрын берiлген өтініште көрсетілген мәліметтердің өзгеруi|___|
6. Бақылау-касса машинасының маркасы (БКЖ атауы)__________________________
7. Зауыттық нөмiрi__________ 8. Шыққан жылы_______________________________
9. Паспорт нөмiрi___________ 10. Дайындаушы фирма (БКЖ әзiрлеуші)_________

11. Бақылау-касса машинасының орналасқан орны:
    11.1. облысы_____________________   11.2. қала________________________
    11.3. ауданы_____________________   11 4. көше________________________
    11.5. үй_________________________   11.6. пәтер_______________________
12. Қызмет түрi___________________________________________________________
__________________________________________________________________________

13. Өтініште қоса беріледі (тиісті тор көзде| Х |көрсетіңіз):
                                             ___
    13.1. қолма-қол ақша есебiнің кітабы                  |_| Парақ саны|_|
    13.2. тауар чектерiнің кітабы                         |_| Парақ саны|_|
    13.3. бақылау-касса машинасының паспорты              |_|
    13.4. БКЖ жасаушы ұйым әзiрлеген БКЖ қызметтік        |_|
          мүмкіндіктері мен сипаттамаларын қысқаша баяндау|_|
_____________________________________________________________________
                               ЖАУАПКЕРШІЛIК

     Маған менің құқықтарым мен міндеттерiм түсiндiрілді және мен Заң алдында осы өтінiште келтірiлген мәліметтердің растығы мен толықтығы үшiн жауап беремiн. Өтініште көрсетiлген деректер өзгерген жағдайларда салық органына уақтылы ақпарат беріп отыруға
міндеттенемін.
     _______________________________                  __________
     Аты-жөні немесе уәкілетті адам                     (қолы)    

     Өтініш берiлген күн 200_жылғы "___"____________
_____________________________________________________________________
     ______________________________________________    _________
     Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты-жөні      (қолы)
     Өтінішті қабылдаған күн 200_жылғы "___"____________
 

                            ____________ М.О.
Салық органының коды _____________

Фискальдық жады бар бақылау-касса       
машиналарын қолдану ережесіне         
2-қосымша                   

   N_________ фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын
                      ТІРКЕУ КАРТОЧКАСЫ

1. Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы___________________________
____________________________________________________________________
2. СТН______________________________
3. Бақылау-касса машинасының маркасы (БКЖ атауы)____________________
4. Зауыттық нөмiрi____________  5. Паспорт нөмiрi___________________
6. Дайындаушы фирма (БКЖ әзiрлеушi)________ 7. Шыққан жылы__________
8. Бақылау-касса машинасының орналасқан орны:
   8.1. облысы_____________________  8.2. қала______________________
   8.3. ауданы_____________________  8.4. көше______________________
   8.5. үй_________________________  8.6. пәтер_____________________

9. Қызмет түрi______________________________________________________
____________________________________________________________________
10. Фискальдық режимдi орнату сәтінде есептегiштің көрсеткіші_________________________________________ ________________
(тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамның қызметі,   (қолы)
         аты-жөнi                                    

11. _____________________________________________________________ бойынша салық комитетінің төрағасы
____________________  _______________________________________________
       (қолы)                                  (аты-жөні)

200__ жылғы "___" _____________

     М.О.                              Салық органының коды_________
_____________________________________________________________________
              ТIРКЕУ КАРТОЧКАСЫН ЖАБУ ТУРАЛЫ БЕЛГI

                                                         ___
12. Тіркеу карточкасының жабылу себебі (тиісті тор кезде| Х |көрсетіңіз):
                                                         ___
    12.1. мәліметтердiң өзгеруi __   12.2. есептен шығару __
 
13. 200__ жылғы "___"__________ -200__ жылғы "___" __________ кезең үшiн фискальдық есеп алынды.
14. Фискальдық режимдi орнату сәтiнде есептегіштің көрсеткіші ____
___________________________________________________  ___________
(фискальдық есепті алуды жүзеге асырған лауазымды      (қолы)
адамның қызметі, аты-жөні)

                                                     Салық органының М.О.

___________________________________________________    ____________
      (аты-жөні немесе салық төлеушінің өкілі)            (қолы)

15. Тiркеу карточкасының жабылған күнi 200__жылғы "___" __________
 

                                    Фискальдық жады бар бақылау-касса
                                      машиналарын қолдану ережесіне
                                                  3-қосымша    

Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы_____________________
СТН_________________________
200__ жылғы _________ N______ фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын 
                              тіркеу карточкасы

      Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасы арқылы
             жүргізілген қолма-қол ақша есебінің
                            КІТАБЫ

_____________________________________________________________________
Күні|Күн басында|Қызметтік| Есептегіштің сомалық көрсеткіші| Чектерді     | кассадағы |  кіріс  |                                |  қайтару     |  қалдық   |         |________________________________|_________
    |           |         |күннің | бір  |бір  |  күннің  саны|сомасы
    |           |         |басында|күндік|күнгі|  соңында  |      |
    |           |         |       |түсім |шығыс|           |      |
____|___________|_________|_______|______|_____|___________|______|__
1        2          3        4       5     6        7        8     9
     (16 бағ.-                                    (4бағ.+ 
      17 бағ.)                                   5бағ.-6бағ.)
_____________________________________________________________________
____!___________!_________!_______!______!_____!___________!______!__

_____________________________________________________________________
Қате төлем.|Күн ішіндегі  |Беріл. |Күннің соңында|Күннің соңында
дер туралы | қызметтік    |ген    | касса сомасы |кассадан  |Жауапты
деректер   | шығыстар     |тауар  |             |тапсырылған|адамның
___________|_______________|чекте.|             |   түсімдер|қолы
саны|сома.|уақы.|со. |ақша |рінің |             |    сомасы |
    | сы  | ты  |масы|алған|сомасы|             |           |
    |     |     |    |адам.|      |             |           |
    |     |     |    |ның  |      |             |           |
    |     |     |    |қолы |      |             |              ____|_____|_____|____|_____|______|_____________|___________|________
10    11     12    13    14    15         16            17      18   
                                    (2бағ.+3бағ.+
                                     5бағ.-6бағ.-
                                     9бағ.-13бағ.+
                                           15бағ.)
_____________________________________________________________________
____!______!_____!____!_____!______!_______________!______________!__

Ескерту: 6-бағанды айырбастау пункттерi, шыны ыдыстар, қара және түсті металдар сынығын қабылдау пункттерi және ломбардтар толтырады

                                  Фискальдық жады бар бақылау-касса
                                     машиналарын қолдану ережесіне
                                               4-қосымша     

СТН____________________________

                 Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы
                 __________________________________________
                 __________________________________________
 
      Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын қолданбай
              тұтынушылармен есеп айырысу кезіндегі
                   тауар чектерінің кітабы

Тауар чектерінің сериясы N_________ бастап
                         N_________

200__жылғы ________ N__________ тіркеу карточкасы

Салық комитетінің
     М.О.    

                                   Фискальдық жады бар бақылау-касса
                                      машиналарын қолдану ережесіне
                                                    5-қосымша

  Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын есептен шығаруға
                                ӨТIНІШ

1.  Салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы________________________________
2.  СТН__________________________________
3.  Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік:
    3.1. сериясы____ 3.2. нөмiрi_____  3.3. салық органының коды_____
    3.4. берiлген күні______  3.5. қолданылу мерзімі (егер қолданылу
                                  мерзiмi шектелген болса,
                                  толтырылады)______________________
                                         ___
4.  Өтініш беру себебі (тиісті тор көзде| Х |көрсетіңіз):
    4.1. СТН өзгеруi                     ___                         |__|
    4.2. тіркеу орнының өзгеруi                                      |__|
    4.3. техникалық ақау                                             |__|
    4.4. салық төлеушіні тарату                                      |__|
    4.5. фискальдық жады бар машинаның Қазақстан Республикасының
    аумағында пайдалануға рұқсат етілген Фискальдық жады бар
    бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімінен шығарылып    |__|
    тасталуы
    4.6. машинаны ауыстыру                                           |__|
 
5. Бақылау-касса машинасының маркасы (БКЖ атауы) __________________
6. Зауыттық нөмiрi__________________  7. Шыққан жылы________________
8. Паспорт нөмірi___________  9. Дайындаушы фирма/БКЖ әзірлеуші/____
10. Бақылау-касса машинасының орналасқан орны:
    10.1. облысы__________________   10.2. қала_____________________
    10.3. ауданы__________________   10.4. көше_____________________
    10.5. үй______________________   10.6. пәтер____________________

11. Қызмет түрi_____________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғаның атауы
_____________________________________________
                                             ___
13. Өтінішке қоса берiледі (тиiсті тор көзде| Х |көрсетіңіз):      
                                             ___
    13.1. қолма-қол ақша есебінiң кітабы             |__| Парақ саны   |__|
    13.2. тауар чектерінің кітабы                    |__| Парақ саны   |__|
    13.3. фискальдық жады бар бақылау-касса машинасын
          тіркеу нөмiрi                              |__|              |__|
    13.4. БКЖ жасаушы ұйым әзiрлеген БКЖ қызметтiк  
    мүмкіндiктерi мен сипаттамаларын қысқаша баяндау |__|              |__|

    ________________________________________________        __________
    Аты-жөні немесе салық төлеушінің уәкілетті адамы          (қолы)
    Өтініш берiлген күн 200_жылғы "___"____________
 
     ________________________________________________        _________
     Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты-жөні           (қолы)
     Өтінішті қабылдаған күн 200_жылғы "___"____________
 

                        ____________ М.О. 

                                 Салық органының коды _____________
 

                                    Фискальдық жады бар бақылау-касса
                                      машиналарын қолдану ережесіне
                                                  6-қосымша

    Салық төлеушінің аты-жөнi немесе атауы__________________________
____________________________________________________________________
СТН________________________________

         Фискальдық жады бар бақылау-касса машинасының
      кассасында пайдаланылмаған бақылау чектері бойынша
           тұтынушыларға ақша сомасын қайтару туралы
                        N________ акт 

200__ жылғы "___" ____________                        _______________
                                                        (жасау орны)
Бақылау-касса машинасының зауыттық нөмiрi
200__ жылғы "___" ________ N________ тiркеу карточкасы
 
Актiнi құрамында мынадай жауапты адамдар бар комиссия жасады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________
р/с |   Чектің   |   Бөлімнің   | Чекті берген |  Чектің |Заңды тұлға
N  |      N     |     атауы    |    адамның   |  сомасы | басшысының
    |            |              |   аты-жөні   |         |немесе жеке
    |            |              |              |          кәсіпкердің
    |            |              |              |         |  аты-жөні
____|____________|______________|______________|_________|___________
1         2            3              4            5           6 
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 
      Барлығы________________________ теңге _________ тиын сомаға
              (сома жазбаша түрде)
 
      Көрсетілген сомаға кассаның түсімін кемiту қажет. Тұтынушыларға аударылған қайтарылған бақылау чектерi өтелдi және актiге қоса берiлдi.
     Қосымша:_______________________________________________________

     Жауапты адамдардың қолдары:
     __________________________                 ____________________
          (аты-жөнi)                                   (қолы)
     __________________________                 ____________________
          (аты-жөнi)                                   (қолы)
     __________________________                 ____________________
          (аты-жөнi)                                   (қолы)
 
      Тұтынушының қолы:
     __________________________                 ____________________
          (аты-жөнi)                                   (қолы)

                                    Фискальдық жады бар бақылау-касса
                                      машиналарын қолдану ережесіне
                                                    7-қосымша

                     Фискальдық есептi алу туралы
                               АКТ

200__ жылғы "___" ____________                        _______________
                                                        (жасау орны)    

Салық төлеушінің аты-жөнi немесе атауы______________________________
____________________________________________________________________
СТН _____________________________
Бақылау-касса машинасының маркасы________________________________________
Зауыттық нөмiрi____________________ Шыққан жылы__________________________

Бұрынғы фискальдық есеп 200__ жылғы "___" ____________ алынды
 
Бұрынғы фискальдық есепті алған               ______________
сәтте есептеуiштiң көрсеткiшi
 
Фискальдық есептi алған сәтте тауарлық        ______________
чектердегi сома көрсеткiші

Фискальдық есепті алған                       ______________
сәтте есептегіштің көрсеткiші

Бақылау-касса аппараты арқылы жиынтық         ______________200__ жылғы "___" ________N________ -
200__ жылғы "___" ________ N________
кезеңдерге жүргiзiлдi.

Анықталған тәртіп бұзушылықтар____________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________
Фискальдық режимдi алу жүргізiлдi:

____________________________________________________ ____________
(фискальдық есептi алған адамның қызметі, аты-жөнi)     (қолы)

Фискальдық режимдi есепті алу мыналардың қатысуымен жүргізiлдi:
________________________________________           __________
(аты-жөні немесе салық төлеушінің өкілі)              (қолы)    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады