РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулыға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 606 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
"Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының Z980279_ 5-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының есірткі құралдарды қажетсіну нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 979 P000979_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша:
"Есірткі құралдарына қажеттілікті есептеуде":
"Елдің ішінде медициналық және ғылыми мақсаттарда қолдануға арналған мөлшері" деген 1-бағанда "Каннабис" деген жолдағы "КГ" деген баған "200" деген санмен толықтырылсын;
"Есептеуге қатысты жылдың 31 желтоқсанына қоймадағы қорда сақталуы тиіс мөлшері" деген 4-бағанда "Морфин гидрохлориді" деген жолдағы "КГ" және "Г" бағандары тиісінше "900" және "890" деген сандармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Есірткіге бақылау жасау жөніндегі БҰҰ-ның Халықаралық Комитетінің Штаб-пәтеріне (Вена, Австрия Республикасы) қоса беріліп отырған В нысанына қосымшаны Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылға арналған - Есірткі құралдарына қажеттіліктерді жылдық есептеулерге толықтыруды жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 9 тамыздағы
N 1042 қаулысына
қосымша
В нысанына қосымша
Есірткі құралдарына қажеттіліктерді жылдық
есептеулерге толықтырулар
1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай
конвенция: 19-бап, 3-тармақ
Ел немесе аумақ: Қазақстан Республикасы Күні:___________________
Ведомство: ҚР ӘдМ Нашақорлыққа және есірткі лауазымы немесе қызметі:
ҚР ӘдМ НЕКК төрағасының міндетін атқарушы бизнесіне
қарсы күрес жөніндегі комитеті
Қолы:___________________ Осы қосымша есептеулер 2001-ші
күнтізбелік жылға қатысты
Есірткі құралдарына қажеттіліктердің қосымша есептеулері
____________________________________________________________________
1 2 3 4
____________________________________________________________________
Дайын.
Елдің ішінде Дайындауға арналған Есептеу. далатын
медициналық қосымша мөлшер ге қатыс. синтети.
Есірткі және ғылыми __________________________ Арнайы ты жылдың калық
құралы мақсаттарда (a) (b) (c) қойма. 31 желтоқ. есірткі
қолдануға басқада 1961 1961 лар санына құрал.
арналған есірткі жылғы жылғы қорын қоймадағы дардың
қосымша құрал. Конвен. Конвен. толық. қорда сақ. қосымша
мөлшері дары цияның ция тыруға талуы тиіс мөлшері
ІІІ тізі. қолда. арнал. қосымша
міне енгі. нылмай. ған мөлшері
зілген пре. тын қосымша
параттар заттар мөлшері
___________________________________________________________________________
| кг | г | кг | г | кг | г | кг | г | кг | г | кг | г | кг
___________________________________________________________________________
Каннабис 200
___________________________________________________________________________
Морфин
гидро.
хлорид 900 890
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Түсініктеме: қоса беріліп отыр
___________________________________________________________________________
V.97-29104
Ескерту
1. Осы бланкіде ұсынылған есептеулер тек алғашқы есептеулерге қосымша
талап етілетін мөлшерді ғана көрсетуі тиіс.
2. Егер 1961 жылғы Конвенцияның 19-бабының 3-тармағында
көзделгеніндей сұралатын санын арттыру қажеттілігін туғызған
мән-жайларға түсіндірме ұсынылмаса, қосымша есептеулерді қарау
туралы өтініш дұрыс ресімделмеген деп саналатын назарға алу қажет.
Толық түсіндірме есептеулерді қайта қарау туралы өтініштерді
қарауды едәуір дәрежеде жылдамдатады.
3. Қосымша түсіндірмелерде жылдық қажеттіліктерді қайта қараудың
егжей-тегжейлі медициналық және/немесе ғылыми негіздемелерін
қамтуы тиіс. Осыған байланысты, дайындаушылардың сату көлеміне
қатысты болжамдары маңызды ақпарат болып табылатын болса да,
Комитеттің қосымша есептеулерді қарауы және бекітуі кезінде оларға
ешбір жағдайда да шешуші мән берілмейтіндігі назарға алынуы тиіс.
Түсіндірмелер медициналық және фармацевтикалық пайымдауларға және
қоғамдық денсаулық сақтауға қатысты пайымдауларға негізделген
болуы тиіс.
4. Бұл есептеулерге экспортқа арналған есірткі құралдарының мөлшері
енгізілмейді. Қайта экспорттауға арналған мөлшерлер сол жылдың
ішінде 31-баптың 1b-тармағына сәйкес есептеулерде көрсетілместен
импорттала алады. Әйтсе де, егер одан кейінгі кезеңде сол жылдың
ішінде қайта экспорттауға арналған мөлшерлер сол жылдың аяғына
дейін қоймалардағы қорларда қалдырылу мүмкіндігі көзделсе,
Комитетке сондай мөлшерлер немесе олардың бір бөлігі енгізілген
қоймалар қорларының есептеулері дереу ұсынылуы тиіс.
5. Осы бланкіде көрсетілген қосымша есептеулерді қарау кезінде
Комитетке пайдалы болуы мүмкін кез келген басқа да ақпараттарды
ұсынуды өтінеміз.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.