Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 89533 әскери бөлімі аумағындағы (Қарағанды облысы, Тоқырауын станциясы) төтенше жағдайды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі 89533 әскери бөлімінің аумағында туындаған өрт ошағын тұйықтау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын, жергілікті жерлерді миналардан тазарту, жарылмаған оқ-дәрілерді әкету және кәдеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қарағанды облысының және Балқаш қаласының жергілікті атқарушы органдары төтенше жағдай болған жерден көшірілген азаматтық халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі көшірілген әскери бөлім жеке құрамының, әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер отбасылары мүшелерінің тіршілігін, сондай-ақ әскери қызметшілердің туындаған төтенше жағдайға сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Балқаш - Саяқ" темір жол қатынасын қалпына келтіру жөнінде жедел шаралар қабылдасын әрі желіде жүк және жолаушы құрамдарының жұмыс бабындағы қалыпты қозғалысын қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Табиғат және қоршаған ортаны қорғау министрлігі төтенше жағдайдың экологиялық салдарларына мұқият тексеру жүргізу және қажет болған ретте қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғағаны және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқаны назарға алынсын.
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі төтенше жағдай фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізсін, оның туындауына алып келген себептер мен жағдаяттарды анықтасын және мұндай фактілерге келешекте жол берілмеуі жөнінде тиісінше шаралар қабылдасын. Тексеру материалдары бойынша қызметтік міндеттерін атқаруға үстірт қарауға жол берген нақты лауазымды адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдасын.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен және Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп, өрттен және бүлінуден зардап шеккен әскери қызметшілер мен
қарапайым адамдар отбасыларына материалдық көмек көрсету мәселелерін
қарасын және Үкіметке тиісті ұсыныстар енгізсін.
9. Төтенше жағдайды жоюға тартылған мемлекеттік органдардың өзара
іс-қимылын үйлестіру мақсатында, Үкіметтік комиссия қосымшаға сәйкес
құрылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 10 тамыздағы
N 1054 қаулысымен
бекітілген
Қарағанды облысындағы "Қорғаныс министрлігінің қоймасындағы"
төтенше жағдайдың зардаптарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия
Ахметов - Қазақстан Республикасы
Даниал Кенжетайұлы Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары, жетекші
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Көлік және коммуникациялар
министрі
Тоқпақбаев - Қазақстан Республикасының
Сәт Бесімбайұлы Қорғаныс министрі
Шоқпытов - Қазақстан Республикасының
Андарь Мәулешұлы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрі
Оразалиев - Қазақстан Республикасының
Молдияр Молыбайұлы Ішкі істер бірінші вице-министрі
Досқалиев - Қазақстан Республикасы
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Нұрқаділов - Қазақстан Республикасы
Заманбек Қалабайұлы Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Мұхамеджанов - Қарағанды облысының әкімі
Камалтин Ескендірұлы
Ахметов - Қарағанды облысы
Қасымхан Қаскенұлы Балқаш қаласының әкімі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.